Пенсильвания штаты Бристоль қаласындағы жабық католик шіркеуін мұсылман жамағаты сатып алған.
Жұма күні Эмили саябағындағы бұрынғы католик шіркеуін Бруклиндегі Біріккен американдық мұсылман қоғамдастығы 1.775 миллион долларға сатып алған болатын.
Ғимаратты сату жайлы хабар жексенбілік басқосуда жарияланды және оған халық қарсы болған жоқ деді Филадельфия епархиясының өкілі Кен Гэвин.
«Бристоль қаласында олар сенім, құлшылық және балалар мен отбасы мүшелерін адамгершілікке тәрбиелеу жағында кеңінен танымал», - деді Кен Гэвин ғимараттың жаңа иелері туралы өз ойын айтып.