Татар елінің мүфтиі Камиль Самигуллин бастаған қажылар тобы қасиетті Мекке шаһарынан қайтар алдында тағы бір сауапты іске себепші болды. Олар қажылар орналасқан мекенде тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшені кір-қоқыстан тазалап шықты.
«Әлемнің басқа елдерінен келгендерді айтпаған күннің өзінде, ресейлік қажылардың өзі шамамен оң мыңның үстінде. Қала билігінің тазалық жүргізіп, тәртіп орнатуға шамасы келмей жатқанын айтудың өзі артық. Осы себепті де меккеліктерге көмек көрсетуге кірістік. Алла Елшісінің хадисінде «Тазалық – иманның жартысы» екендігі ашық айтылған», – дейді Камиль Самигуллин.