Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Түркиядан келген дін қызметкерлерін қабылдады.
Қазақстан және Түркия Діни басқармаларының екіжақты келісімі негізінде келген түркиялық 6 ұстаз еліміздің мешіттері мен медреселерінде қызмет етеді.
«Бүгінде Қазақстан мен Түркия мүфтияты арасында әріптестік байланыс нығайып келеді. Сіздер біздің елдегі діни кадрлар әлеуетін көтеруге үлкен үлес қосуларыңыз қажет. Алла Тағала қызметтеріңізді берекелі етсін», – деп атап өтті Бас мүфти.
Сонымен қатар ресми қабылдауда Түркияның Қазақстандағы Елшісінің діни істер бойынша кеңесшісі Ибраһим Йылмаз өз сөзінде ҚМДБ-ның оқу-ағарту саласындағы жұмыстарына қолдау көрсететінін жеткізді.
ҚМДБ баспасөз қызметі