https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ АСТАНАДА МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

03 Sep 2016 0 comment Оқылды: 913 рет

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада «Нұр Астана» медресе-колледжінің шәкірттеріне дәстүрлі дәрісін оқыды.

Бас мүфти болашақ дін қызметкерлеріне қазіргі заманғы діни мәселелерге байланысты пәтуа берудің әдіс-тәсілдері мен жүйелері туралы жан-жақты түсіндіріп берді. ҚМДБ төрағасы әрбір мәселеге тереңнен үңіліп, оны жан-жақты саралап, Ислам әлеміндегі таңдаулы пәтуаларды негізге алғаннан кейін шариғи үкім шығарудың қажеттігін сөз етті. Атап айтқанда, неке, талақ беру, тағдыр мәселесі туралы дәріс оқылды.

«Сіздер кешегі медреседен тәлім алып, әлемге танылған Абай, Бейімбет, Міржақып сынды бабаларымыздың бақытты ұрпағысыздар. Әрбір уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, терең білім алуға талпыныңыздар. Мүфтиятқа өздеріңіз секілді білімді діни қызметкерлер қажет. Сауатты, тәжірибелі кадр қай кезде болсын кез-келген мәселені шешеді», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти дәрісіне жалпы саны 122 шәкірт қатысты.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз