Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
БІЗ САЛТЫН САҚТАҒАН, АТА ЗАҢЫН АРДАҚТАҒАН ХАЛЫҚПЫЗ
Елімізде 30 тамыз – елеулі күн. Бұл – дархан көңілді, кеңпейіл, бейбітсүйгіш халқымыз бен сайын даланы мекендеген сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың сенім еркіндігін һәм құқықтарын қорғайтын Ата Заң қабылданған тарихи дата. Біз сан ғасырдан бері сәулелі ғұмырын ізгілікке арнаған, ата дінін ардақтап, Ата Заңын қадірлеген халықпыз. Әрбір азаматқа өз елінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері, Ата Заңы қастерлі. Салтын сақтап, заңын қадірлеген халықтың болашағы баянды болмақ. Жұртымызды бірлікке үндейтін, елімізді игілікке бастайтын Конституция күні мерекесі берекелі болғай! Алла Тағала еліміздің бірлігі мен берекесін арттырып, жұртымызға жақсылығын жаудырғай!Отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!