https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Бес жастағы зағип бала Құранды жатқа біледі

23 Aug 2016 0 comment Оқылды: 958 рет

Сауд Арабиясында бес жастағы Хұсейін Мұхаммед Тахир есімді баланың туғаннан көзі көрмейді. Алайда, оның зағиптығы кейбір ересек адамдар үшін ұзақ жылды қажет ететін жетістікке жетуге кедергі болмады, балақай бүкіл Құран аяттарын радио арқылы жаттап алған. 

«Мен ұлыма радио алып бердім. Себебі, теледидардың оған пайдасы жоқ қой. Ұлым осы радио арқылы Құран аяттарын тәулік бойына беретін стансасы тыңдап жүрді. Құранды үйреніп, жаттап жүргенін білгеніммен, оны толық меңгеріп алады деп ойлаған да емеспін», – дейді әкесі Мұхаммед Тахир. 

Хұсейіннің отбасы Жидда қаласынан Мәдинаға көшіп барған кезде ол әкесінен Пайғамбар мешітіне алып баруын сұрайды. Әкесі осы сәт баласына бір ғана шарт бойынша келісім береді – «Бақара» сүресінің бірнеше аятын жатқа айту. Бірақ, балғын Құранның бүкіл сүресін жатқа айтып, әкесін таңқалдырады. Осы оқиғадан соң Мұхаммед баласын оқытушылар мен хафиздерге көрсетеді. Дін ғалымдары да Хұсейіннің Құранды жатқа меңгергенін растап, тек бірнеше сабақ алып, білімін толықтырып, бекітуге кеңес береді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз