https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚЫРҒЫЗДАР ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДЕРІН ҰЛЫҚТАУҒА КІРІСТІ

17 Aug 2016 0 comment Оқылды: 1139 рет

Көршілес қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаев республика аумағындағы билбордтарға  ұлттық бас киімдегі қырғыз әйелінің суретін ілуді жүктеп отыр. Аталмыш жұмысты қаржыландыруға қатаң тапсырма берген қырғыз басшысы «элечек» деп аталатын бұл бас киімді Қырғызстан символына айналдыруға ниеттеніп отыр.

«Біздің мәдениетіміздің араб пен пәкістандықтардан көп айырмасы бар. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұллтық құндылықтарымыз бар. Мен өзім бірнеше мәрте Құранды оқып шықтым. Бізге сіңіргісі келіп жүрген арабтардың мәдениеті туралы онда ештеңе айтылмаған», – дейді Алмазбек Атамбаев. Оның айтуынша, мәдениетті өзгерту киім мен тілді өзгертуден басталатын көрінеді. Сондықтан да ол өзінің ұлттық бас киімді жарнамалайтын кампания жұмысын қолдап отырғанын айтты.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз