Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында орналасқан «Алатау-құс» АҚ бір айдан астам уақыт ҚМДБ "Өнімдерді халал стандарттау" бөлімінің тексеруінен өтіп, "Халал" Сертификатын алды.
Бүгінде бұл компанияда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Нарыққа күнделікті 25-30 мың тауықты сойып, тазалап, дайындайды. 2016 жылы бір күнде өндірілетін құс етінің саны 54 306 келіге жеткен.
АҚ 2010 жылы желтоқсан айында «Алатау-құс» болып құрылған.
ҚМДБ "Өнімдерді халал стандарттау" бөлімінің Сертификатын Алматы облысы өкіл имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы арнайы тапсырды.
ҚМДБ "Өнімдерді халал стандарттау" бөлімі