Ғылыми зерттеулер қорытындысында алкогольді ішімдіктің кеуде ісігі және басқа да ісіктердің дамуына жол ашатыны анықталды. Алкогольді қолданудың салдарынан жыл сайын 500 мың адам қаза табады, дейді ғалымдар.
Отаго университеті ғалымы Дженни Коннор осы тақырыптағы ғылыми-зерттеу материалдары мен мақалаларды зерттей келе, алкогольдің кемінде ісіктің жеті түрін, оның ішінде көкірек, ауыз қуысы, тамақ, асқорыту жүйесі, бауыр, ішек құрылысы қатерлі ісігін тудырады деген қорытындыға келді. Аурудың асқынуына спиртті ішімдік ішу бірден бір себеп болады екен.
Ғалымның айтуынша, окнологиялық аурудан көз жұматын адамдардың 5,8% алкоголь өнімдері себебінен қатерлі ісікке шалдығады. Осындай зерттеулерге сүйене келе медицина мамандары спиртті ішімдіктен тыйылуға, әсіресе ісіктен сақтану үшін шарап пен сыра өнімдерінен аулақ болуға шақырады.