https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ ЫСТАМБҰЛДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА ОРАЙ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

30 Jun 2016 0 comment Оқылды: 987 рет

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияда орын алған теракт оқиғасына орай Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмезге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Халықаралық «Ататүрік» әуежайында болған лаңкестік оқиғадан бейбіт тұрғындардың қаза табуы біздің де жанымызға батты.

Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан Сізге және марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Жарақат алған бауырларымызға Алла шипасын берсін», – делінген Бас мүфти жеделхатында.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз