https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

АЛМАТЫДА ҚМДБ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

24 May 2016 0 comment Оқылды: 1199 рет

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліске наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Бөлім басшылары, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары қатысты.

Басқосуда имамдарды аттестациядан өткізу жұмысының қорытындысы тыңдалып, Діни басқарманың қабылдаған құжаттары негізінде дін қызметкерлерінен емтихан алу барысы талқыланды. Сонымен қатар, «Зекет» қорының, Уағыз-насихат, Халал стандарттау, Діни білім және ғылым, Жалпы және жастар, Баспасөз бөлімдерінің жұмысы туралы есеп беріліп, төрт бағыт бойынша (уағыз-насихат, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс, қайырымдылық) атқарылған іс-шаралар жайлы Бас мүфтиге баяндалды.

«Діни басқарманың діни саладағы жолы айқын, бағыты анық. Осы бағыт бойынша жұмыстарымызды сәт сайын жетілдіруіміз тиіс. Әр қызметкер өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен, ыждаһаттылықпен орындауы керек. ХХІ ғасыр – әрбір дін қызметкері үшін тарихи кезең. Осы тарихи кезеңде бәріміз жоғары деңгейде қызмет етуіміз қажет», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ Төралқа мәжілісі жылына екі рет, қажет жағдайда 3-4 рет өтеді. Мәжілісте мүфтияттың негізгі жұмысы жайлы есеп беріліп, қоғамдағы діни мәселелер жан-жақты талқыланады.

www.muftyat.kz 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз