Бүгін Астанада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Ақниет» ақпараттық насихат және оңалту орталығының басшысы Әлім Фазылұлының қатысуымен екіжақты Меморандум қабылданды.
Меморандумның негізгі мақсаты – Қазақстан қоғамының рухани қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қалыптастыру. Сондай-ақ радикалды қозғалыстарға, яғни теріс ағымдармен идеологиялық күресті нығайтумен қатар дәстүрлі дінді насихаттау бағытында бірлесіп қызмет ақтару.
Аталмыш меморандум негізінде өзара семинарлар, оқыту курстары, бірлескен түсіндіру, оңалту шаралары өткізілетін болады.
Бүгінде Діни басқарма жанынан құрылған ақпараттық – насихат тобы түзету мекемелерінде кең көлемде уағыз – насихат жүргізіп, семинарлар ұйымдастырып келеді. Діни басқарма тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары теріс бағыттағы діни ұйымдардың жетегіне еретіндердің саны азайып келеді. Жат ағымдардың ықпалында болған жүздеген азаматтар адасқандарын түсініп, дәстүрлі дінге қайта оралды. Өткен жылы теріс ағымнан дәстүрлі дінге 802 адам қайтқан болатын.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz