Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ислам ынтымақтастығы ұйымының халал стандарттау бойынша Бас хатшысы Ықсан Овутты қабылдады.
Ресми кездесуде Бас мүфти халал стандарттау саласы бойынша Діни басқарманың атқарып келе жатқан жұмыстарымен таныстырды.
«Мүфтият соңғы кездері халал стандарттау саласын қолға алып, мамандарымыз белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазір имамдарымызды да осы бағытта оқытып, арнайы семинарлар ұйымдастырып жатырмыз. Халал стандарттау саласы бойынша Малайзия мемлекетімен әріптестік байланыс орнаттық. Біз сіздермен де әріптестік байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Мәртибелі мейман ҚМДБ төрағасының ұсынысын қабыл алып, Бас мүфти бастаған Діни басқарма мамандарын тәжірибе алмасу үшін Түркияға ресми сапарға шақырды.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz