https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Бас мүфти мәслихат депутаты Зиятдин Касановты қабылдады

22 Apr 2016 0 comment Оқылды: 869 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласындағы ғимаратында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Бүкіләлемдік түрік-ахыска ассоциациясының Президенті, Алматы қалалық мәслихат депутаты Зиятдин Касановты қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Түрік елінің арасындағы рухани-мәдени саладағы қарым-қатынасы, діни салада екі ел арасындағы байланысты нығайтудың рөлі мен маңызы сөз болды.

Екіжақты әңгімеде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мәртебелі қонаққа Діни басқарманың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Бас мүфти еліміздегі мешіттердің жұмысы, медреселер мен діни оқу орындарының кадр дайындау қызметі жайлы баяндап берді.

Сондай ақ, кездесуде Бас мүфти еліміздегі береке-бірліктің арқасында діни татулық қалыптасқанын, осы бағытта бірлесе отырып қызмет ету өзі үшін үлкен мерей екенін айтты.

«Аллаға шүкір, тәуелсіздігімізбен бірге дініміз өркендеп, бірлігіміз нығайды. Татулық орнаған қоғамда дін де өркендейді. Еліміздің әр өңірінде бой көтерген еңселі мешіттер мен медреселер жұртымыздың игілігіне қызмет етіп, иманды қоғам қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді. Алдағы уақытта осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз», – деді Бас мүфти.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз