https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Дін қызметкерлері жамағатты біріктіретін спорттық шараларға да баса назар аударуы қажет

08 Apr 2016 0 comment Оқылды: 1245 рет

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни қызмет пен спортты қатар алып жүрген имам Кенжебек Қаленовті қабылдады.

Кенжебек Оразбекұлы 24 - сәуір күні Алматы қаласында өтетін халықаралық V Алматы марафонына дін қызметкерлері атынан қатыспақ. Бүгінде ол Алматы қаласы, Алатау ауданы «Рахат» мешітінің Бас имамы қызметін атқарады.

Бас мүфти халықаралық дәрежедегі осындай жарыс түрлеріне дін қызметкерінің қатысуы үлгі боларлық іс екендігін айта келе, Каленов Кенжебекке өз ризашылығын білдірді.

«Адамның тәніне де, жанына да пайдасы зор спорт түрлерімен шұғылдану сүннет. Діни басқарма бірнеше жылдан бері жамағат арасында дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырып келеді, оның ішінде қазақша күрестен турнир өткізу дәстүрге айналды. Исламда дені сау адамның мәртебесі жоғары. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Әлсіз мұсылманнан мықты мұсылман қайырлы, яғни жақсырақ. Бірақ екеуінде де қайыр бар», - деген. Сондықтан дін қызметкері діни ағартушылық бағытпен қоса, жамағатты біріктіретін спорттық шараларға да баса назар аударуы қажет», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, жарысқа қарапайым қала тұрғындары, белгілі спортшылар мен кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының, Алматы әкімдігінің өкілдері және басқа көптеген мекемелердің қызметкерлері қатыспақ. ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан бастау алатын марафон Орталық стадионда аяқталады.

20 000 - ға жуық адам қатысатын марафонда жүгірістер 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, эстафеталық «экиден» және 42 шақырым 195 метрлік қашықтықта өтеді.

ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз