https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қажылық Миссиясы Сауд Арабиясының өкілдерімен нәтижелі келіссөздер жүргізді

06 Mar 2016 0 comment Оқылды: 1265 рет

ҚМДБ Қажылық Миссиясының өкілдері Сауд Арабия Қажылық министрлігінің лауазымды қызметкерлерімен Мекке, Жидда қалаларында кездесу өткізіп, қажылық сапарына қатысты туындаған кейбір мәселелерді талқылап, келіссөздер жүргізді.

Делегация Алғашқы кездесуін Жидда қаласында Қажылық министрлігінің өкілі доктор Хусейн Шариф бастаған жұмыс тобымен бастады. Кездесу барысында өткен 2015 жылғы қажылыққа сараптама жасалып, алдағы қажылық маусымына бірқатар жоспарлар жасалды. Екінші кездесу жаңа электронды жүйені үйлестіруші басқармамен өтті. Сонымен қатар, САК қажылық министрлігі ең маңызды саналатын Түркия, Еуропа, Америка жане Аустралия қажыларына қызмет көрсететін мекеме басшысы Тарик ал-Анкауи мырзамен кездесу барысында Мина, Арафат және Муздалифа аймағында қажыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Келесі кездесу Ан-Накаба көлік кызметі департаментінің басшысы Ахмад Самбаух мырзамен болды. Аталмыш департамент басшысы қажыларды Жиддадан Меккеге, Меккеден Мадинаға тасымалдауда биылдан бастап жаңа автобустардың қызмет көрсететінін, қажыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды өзіне мәртебе санайтынын баса айтты. Үшінші күні САК азаматтық авиация басшылығы доктор Мазин бастаған жұмыс тобымен келіссөз жүргізілді. Жұмыс барысында өткен қажылық маусымындағы атқарылған қызметтер талданды. Атап айтканда, қасиетті мекендердегі қызметтер сапасын жетілдіру, қажыларға мейлінше жағдайлар жасау мәселесі қаралды. Өткен жылы елімізден тұңгыш рет тікелей әуе рейстер жүзеге асырылған болатын. Кері қайтар жолда әуежайларда рейстердің кешіктірілгені жайлы да талқыланды. ҚР азаматтық авиация комитетінің орынбасары өз кезегінде қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясының аккредитациядан жедел өткізіліп өз үлесі негізінде Қазақстан қажыларының елу пайызын тасымалдауына келісілді.

Делегация құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚР азаматтык авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев, ҚР дін істері комитетінің басқарма бастығы Бауыржан Жалелұлы, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов бар. 

muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз