{gallery}05{/gallery}Бүгін Алматыда Қазақстан мұсыламандары діни басқармасы «Дін істері» бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Мысыр Араб Республикасынан келген ұстаздар тобын қабылдады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әл-Азһар университетімен діни білім саласында ынтымақтастық орнатуының нәтижесінде Әбу Ханифа мәзһабы, Матуриди ақидасының ғалымдары Діни басқармаға қарасты медіреселерде білім беру жобасы жолға қойылған болатын.
Осы келісім бойынша Мысыр елінен келген білікті ұстаздар Діни басқарманың 9 медіресесінде Құран, тәжуид, ақида, фиқһ, сияр пәндерінен дәріс өтіп, шәкірттердің білімін шыңдайды.
Шара барысында «Дін істері» бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізіп, қазақ еліндегі маңызды міндеттеріне ерекше тоқталып, қос тараптың ұжымын өзара таныстырды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың орталық аппараты өз шеңберінде 15 бөлім мен 2500 ден астам мешіттердің жұмыстарын ұйымдастырып, қазақ елінің руханиятына қызмет етіп келеді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері бауырлас Мысыр елі Қазақ еліне рухани салада қолдау көрсетіп келеді. Мысыр Араб Республикасының ірі діни оқу орындарының ұстаздары қазақ жастарына рухани білім беріп, қолдау көрсетіп келеді. Осынау игі істеріңізге алғыс айтамыз», – деді Камалжан Тұрдыбаев.
Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абулғани Басюни Мысырлық ғалымдарға артылар міндетпен қатар үміт те жоғары екенін айтып, сәттілік тіледі.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Мысыр мәдениет орталығының директоры Химдан Ибрахим, ҚМДБ-ның бөлім басшылары қатысты.
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz