Бүгін Омбы қаласында өткен конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы дін қайраткерлеріне осындай ұсынысын жеткізді.
«Байқап қарасақ, кейбір мұсылман елдерінде беріліп жатқан пәтуалар мазмұны мен бағытында айырмашылықтар бар. Осы орайда мен Орталық Азияның ортақ пәтуалар базасын құру қажет деп санаймын», – деп пікір білдірді Бас мүфти.
ҚМДБ төрағасының ойынша, бұл бастамалар барша жамағатты бірлікке үндеуге негіз қалайды.
Омбы облысы мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға Омбы облысының губернатор орынбасары Владимир Компанейщиков, Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нафиғулла Әшіров, Моңғолия Бас мүфтиі Батырбек қажы Хадыс, Татарстан Республикасының мүфтиі Камил Самигуллин, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы төраға орынбасары Билалидин қажы Сайпиев, т.б. дін өкілдері қатысты.
ҚМДБ Баспасөз қызметі