https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Бас мүфти Ресейдегі халықаралық конференцияға қатысуда

27 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1132 рет

Бүгін Ресейдің Омбы қаласындағы А.С.Пушкин атындағы ғылыми кітапханада «Ислам және дінаралық келісім» деген тақырып аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қанат Қыдырмин, ҚМДБ-ның Петропавл облысы бойынша өкіл имамы Кенжетай Дүйсенбай қатысты.

Омбы облысы мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияға Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров, Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нафиғулла Әшіров, Моңғолия Бас мүфтиі Батырбек қажы Хадыс, Татарстан Республикасының мүфтиі Камил Самигуллин, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы төраға орынбасары Билалидин қажы Сайпиев, т.б. дін өкілдері келді.

«Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Қоғамда тыныштық орнату, өзге дін өкілдерімен бейбіт өмір сүру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау – барша пайғамбарлардың ұлы миссиясы болған. Осы орайда, Исламды терроризммен байланыстыру – асыл дінімізге жасалған үлкен қиянат деп санаймын. Алла Тағала қасиетті Құранымызда «Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» деген. Сондықтан біз, баршамыз дінімізге, ұлтымызға қарамай, қоғамда тыныштық орнауына үлес қосуымыз керек. Өйткені, дәстүрлі діндердің мақсаты – ізгілік, бейбітшілік, бірлік», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Конференцияда дін қызметкерлері бірлік, өзара түсінік, жалпы адамзаттық құндылықтар, жиһад және жаһандану үдерісі мәселелерін талқылауда. Конференция жұмысы бір күнге созылады. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз