https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Астанада республикалық жастар конференциясы өтті

25 Dec 2015 0 comment Оқылды: 1425 рет

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар ісі бөлімі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар – ел болашағы» атты републикалық жастар конференциясы өтті.

Бұл іс-шара жастарды отанды сүю, тәуелсіздікті құрметтеу, имандылыққа баулу жобасы аясында өткізілді. Конференция жұмысына ҚМДБ төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, ХДП «Нұр Отан» төрғасы, Бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін шемпионы Ардақ Назаров, «Жас Отан» Жастар қанатының төрғасы Шахмардан Асқарұлы, ҚМДБ жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы және қалалық әкімдік қызметкерлері, белсен студент жастар қатысты.

«Қазіргі уақытта барлық өңірлердегі мешіттер түрлі бағытта акциялар ұйымдастырып келеді. Бір ғана мысал: «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен 18 мың балаға қажетті киім-кешек, оқу құрал-жабдықтар берілді. Бұл – ұлттар мен ұлыстарды бір мақсатқа біріктірген сауапты шараға айналды. Иманды қоғам құру үшін осындай ізгі амалдар көптеп жасалуы қажет. Қазір біз жастар арасында уағыз айтқанда осыған мән беріп жатырмыз. Діндар болып кету міндет емес. Иманды мұғалім сабағын дұрыс жүргізсе, иманды дәрігер адамдарға жаны ашып, денсаулығын түзесе, иманды басшы қарамағындағы қызметкерлерге әділдік жасаса, иманды құрылысшы шынайы жұмыс істесе, міне, сонда ғана біздің елдің игілігі үшін қызмет ететін жастар көбейеді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Шара соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар ісі бөлімі мен «Жас Отан» Жастар қанаты ортақ меморандумға қол қойып, үндеу жариялады.

Үндеуде былай делінген: «Бүгінгі таңда жастарға рухани-құлықтық идеяларды таратуда және сан ғасырлық мәдени дәстүрді сақтауда діни құндылықтардың рөлі өте жоғары екені анық. Елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін де жас ұрпақтың дәстүрлі діндерді, олардың рухани құндылықтарын, дін ғұламалары мен олардың еңбектерін терең білуі керек.

Осы аталған мүдделерді ескере келе, біз жастар қауымын қоғам игілігі үшін еңбек етуге, ел ішіндегі дарынды һәм абыройлы тұлғалардың, әр саладағы ғалымдардың, ұлағатты ұстаздардың күнделікті атқарып жүрген ерен еңбектерінен сабақ алып, отаншыл рухтың шынайы мәнін түсінуге шақырамыз.

Бүгінгі таңда түрлі діни ағымдардың ел арасына етене еніп, жастардың санасын улау әрекеттерін жүзеге асырып жатқаны барша жұртты алаңдатып отырған күрделі мәселе. Сондықтан түрлі діни ағымдардың іс-әрекеттерін, қызмет бағыттарын дер кезінде анықтап, олардың кері әсерінен халқымызды сақтандыру, қорғау – біздің басты мақсатымыз.

Біз Қазақстанның байтақ жерінде толеранттылық пен түсіністік қағидаттарына сүйене отырып, әртүрлі ұлыстардың, мәдениеттер мен діндердің өкілдері ғасырлар бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келгенін ұмытпауымыз керек.

Еліміздің жастары өзіне діни тәлімгер-ұстаз таңдауда сақ болып, қоғамда қалыптасқан моральдық-адамгершілік нормаларын бағамдай отырып саналы әрекет етулері тиіс. Кез келген адамның осы тұрғыдағы қателігі өзінің туған-туысқандарының өмірлеріне ықпал ететінін түсінулері керек», – делінген үндеуде.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз