https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚМДБ қорытындысы: 751 мешітте 45 456 адам діни сауатын ашты

22 Dec 2015 0 comment Оқылды: 1143 рет

Астана қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылау Төралқа мәжілісі өтуде.

Аймақтағы, облыстағы бас имамдардың қатысуымен өтіп жатқан басқосуда ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Республика бойынша 751 мешітте сауат ашу курстары жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2015 жылы осы сауат ашу курстарында 45 456 (оның ішінде 31 789-ы – ер, 13 667-і әйел) адам Ислам құндылықтарын үйренді. Балаларға арналған жазғы курстарда 12 152 оқушы имамдардың тәлімдік дәрісін тыңдады.

Елордада кеше басталған ҚМДБ-ның Үлкен Төралқа мәжілісі ертең де жалғасын табады. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз