Қала құрылысы кеңесінің отырысында мақұлданған жоба бойынша тұрғызылатын «Қазан мешіті» тек Владивостоктағы ғана емес, Приморский аймағында алғашқы құлшылық ордасы болмақ. Кеңес мүшелері мешіт салынуын бірауыздан қолдап, жоба ұйымдастырушыларына өз ұсыныстарын білдірген.
«Мешіт тұрғызылатын жер өте жақсы таңдалған. Табиғаты тамылжыған көл жағасы, жанынан жол өтеді. Тіпті, автобус аялдамасы да бар». Татинвестгражданпроект кәсіпорнының директорының кеңесшісі Ильдус Асадуллин мешіттің орналасқан жерін осылай суреттеп берді.
Жоба бойынша,500 кісіге лайықталған мешіттің жалпы аумағы 700 шаршы метр болмақ. сондай-ақ, мешіт қасынан әкмшілік-шаруашылық корпусын тұрғызу жағы да қарастырылған. Ғимарат ішінде дәретхана бөлмесі, оқу залдары мен кабинеттер орналасады.