https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Бас мүфти қоғам қайраткері Бейбіт Төлеубайұлымен кездесті

30 Nov 2015 0 comment Оқылды: 1137 рет

Алматыда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жазушы, дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Төлеубайұлы Сапарәлімен кездесті.

Кездесуде қоғам қайраткері Бейбіт Төлеубайұлы діни саладағы оң өзгерістер жайлы жылы пікірін білдірді. Әсіресе, Діни басқарма «Дін мен дәстүр» бастамасының аясында атқарып жатқан іс-шаралардың жастардың бойына рухани құндылықтарымызды сіңіруде, дәстүрлі діни сананы қалыптастыруда маңызы зор екенін жеткізді.

«Діни басқарма соңғы уақытта дәстүрлі діни мектебімізді қалыптастыру, Дін мен дәстүрімізді жаңғырту бағытында жұмыс жасап келеді. Оны өзіңіз де жақсы білесіз. Бұл игі бастамаларды зиялы қауым өкілдері құптап отыр. Кез келген халық өзінің дәстүрлі діни мектебі мен діни тәжірибе негіздерінен ажырайтын болса, онда ол ұлт өзінің рухани, мәдени болмысынан ажырайды. Дін мен дәстүр үндескенде ғана халық діннің рухын сезінеді. Сондықтан, Дін мен дәстүр бастамасы зиялы қауым, жалпы халық тарапынан қолдау тауып келеді», – деді, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ баспасөз қызметі,
muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз