{gallery}09102015{/gallery}Қазақ елін қуантқан дүбірлі мереке Қазақ хандығының 550 жылдығы тарихында із қалдырар мешіт бой көтерді. Дархан даланың көне ордасында өтіп жатқан алып тойға сый болған ғимаратты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ашты. Мешітте азан даусы алғаш жаңғырып, бесін намазы оқылды. Құлшылық ордасына Бас мүфти қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.
Жуалы өңірінде 2013 жылы жеке кәсіпкер Ринат Тілеубаевтың демеулігімен соғылған құрылысқа бүгін де «Құлый баба» атауы берілді. Аталмыш Алла үйі Көлбастау ауылындағы Бауыржан Момышұлы көшесінде тұрғызылған. Оның сыйымдылығы 200-250 кісіге арналған. Ішінде әйелдер намазханасы, имам бөлмесі орналасқан. Сондай-ақ, дәретханамен, діни заттар сатылатын дүңгіршекпен қамтамасыз етілген. Мешіт молдасы етіп Мұхтар Сыдығалыұлы тағайындалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі