Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке байланысты хабарлары
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке байланысты хабарлары
-
09 May 2015
-
Қараушылар саны: 1922
Алла Елшісінің (с.а.у.) кейіннен болатын көптеген оқиғаларды бейне бір теледидар экранынан көріп тұрғандай айна-қатесіз хабар беруі де – Оның пайғамбарлығының дәлелі. Пайғамбарымыздың берген хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
Алла Елшісінің (с.а.у.) Бәдір шайқасының алдында Әбу Жәһил, Утба, Шәйба және Уәлид сияқты діннің қас дұшпандарының осы соғыста қаза табатындықтарын, тіпті әрқайсысының қайда жер жастанатындықтарына дейін дөп басып сахабаларына хабар беруі[1] және айтқандарының айна-қатесіз келуі – Оның (с.а.у.) тек Хақтың пәк елшісі екендігінің белгісі.
«Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады. Сосын патшалық болады»[2] – деген Алла Елшісінің сөздері кейіннен дәл айтқанындай болды.
1) Әбу Бәкір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
2) Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
3) Осман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
4) Әли (р.а.) 4 жыл, 9 ай.
5) Хасан (р.а.) 6 ай 22 күн.
Барлығын қосқанда 30 жыл[3].
«Омар тірі кезде бүлік болмайды. Омар барлық бүлік – фитна есіктерін жабады», «Осман Құран оқып отырғанда өлтіріледі», «Хайбар қамалы Әлидің қолымен алынады», «Әбу Зәрр жалғыз өмір сүріп, жалғыз өледі», «Менен (с.а.у.) кейін әһли бәйт ішінен алғаш қайтыс болып, маған қауышатын Фатима» секілді Пайғамбарымыздың пәк сөздері кейіннен «Сен еш күмәнсіз Расулуллаһсың, Алланың хақ елшісісің» дегендей дәлме-дәл болып жатты.
[1] Муслим, Жәннат.
[2] Тирмизи, Әбу Дәәуд.
[3] Абдуллаһ Аймаз, Кадер илми исбаты, 10-бет.
ИСЛАМ НЕГІЗДЕРІ
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!