https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

 ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

 

Керімбек Сәрсембайұлы Дәуітов

Жетісу облысы Көксу ауданының Талапты ауылында дүниеге келген. WhatsApp суреті Сурет 2023 09 10 19.53.04


Білімі:

Нұр-Мүбарәк Египет Ислам мәдениеті университетінің (2000-2004) алғашқы түлегі.

2014 жылы ИБЖИИ 2 айлық курста 3 ші дәрежелі білімін өте жақсы бағамен тәмәмдады.

2018 жылы Түркия Республикасының шақыртуымен Түркия мемлекетінің астанасы Анкара қаласында 2 айлық білім алды.

2022 жылы ИБЖИИ 2 айлық курста 2 ші дәрежелі білімінде өте жақсы бағамен бітірді.


Еңбек жолы:

2004-2014 жылдары Жетісу облысы Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы; 

2014-2020 жылдары Жетісу облыстық орталық «Иман» мешітінде наиб имам қызметін абыроймен атқарды.

2020 жылы Талдықорған қаласындағы жаңадан ашылған «Тәубе» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалып, облыстық орталық мешіттің наиб имамы қызметін қоса атқарып келді.

2023 жылдың 11 тамызынан бастап Жетісу облысының әрі орталық “Иман” мешітінің бас имамы болып тағайындалды.


Марапаттары:

Жетісу облысы Текелі қаласының “Құрметті азаматы”;

Облыс әкімінің «Үздік діни қызметкер» номинациясы бойынша Алғыс хатымен марапатталған.

Астана, Алматы, Ақтау қалаларында ұйымдастырылған Республикалық азан жарысына қатысып, Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық соқырлар қоғамының басшысы атынан, облыстық Жастар басқармасының басшысы атынан, облыстық Дін істер басқармасының бастығының атынан әрі Талдықорған қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.


Үйленген, 7 баланың әкесі