Баланы дербестікке тәрбиелеймін десеңіз оны тым баурыңызға тарта бермеңіз. Баланы дербестікке тәрбиелеу – оны табысқа жеткізудің кілті. Ендеше, баланы қалай жетелеу керек?
Баланың өзін жалғыз саяатқа жіберу – оның дербестігін жетілдірудің ең жақсы әдісі. Бстауыш сыныпқа баратын кезінде ата-ана мереке, иә демалыс кезін пайдаланып баланы туыстарының үйіне жалғыз жіберіп, оларға дербес қыдырудың қандай болатынын сезіндіру керек. Мұндай әдіс оны тым сасқалақтатып жібермейді. Баланы жалғыз саяхатқа жіберуден бұрын мына әдістерді қолданып көрсеңіз болады.
Мысалы, демалыста сыртқа шыққанда, алдымен балаға кездесетін орынды көрсетіп сонан соң жан-жаққа бытырап ойнау, болмаса көздеулі жерге барғанда балаларды таратып жіберіп үйге (демалыс орнына) өздерің қайтып келіңдер деуге болады. Мұндайда ата-аналары оларды сырттай бақылауда ұстайтынын айтпасақ та түсінікті.
Кейбір балалар ойынға тым беріліп кетіп адасып қалады. Әдетте тым шолжаңдатып өсірген бала мен машығы кемшіл балалар адасып қалғанда қайтерін білмей озандап жылайды. Оның ата-анасы сасқалақтап жетіп келеді. Ал ата-аналары дербестікке баулыған бала адасып кеткенін сезсе де ойынын жалғастыра береді. Ата-аналары баланы алғалы келгенде байыпты көрінеді.
Алдыңғы түрдегі балалар жылауық келеді. Бұл оларды ата-анасының тым баурына басып, балам әлі кішкентай деп артықша аялағандығының кесірі.
Екінші түрдегі балалар – оларға ата-анасы өз шамасы келетін істерін өздеріне істетеді. Сондай-ақ, олар сәтсіздік пен жеңіліске ұшырағанда қол ұшын бермей жеңілістің дәмін татқызып, өзін-өзіне жұбатқызады. Міне дербестікке баулдың қарапайым тәсілдері.
Бір әйгілі профессер өзінің балалық шағында өте әлжуаз болғандығын, ол әлсіздігі жеңу үшін бастауыш сыныпта оқып жүргенде жалғыз өзі жаяу жүру, тауға шығуды әдетке айналдырғанын жазыпты. Ол өз мақсаты үшін тіпті ұзақ жолдарды басады екен. Кейін дене қуаты күшейіп, жігер-қайраты тасқындай түсіпті. Балаларды барынша еркін, дербестікке тәрбиелеу туралы көптеген еңбектер жазған ол: «баланы дерсетікке баулу – олардың табысқа жетуіне жетекші тетік» – дейді.
Дайындаған Ұларбек Нұрғалымұлы
namys.kz