https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Рулас жандардың жанұя құруына болады ма?

01 Шілде 2015 0 comment Оқылды: 1399 рет

Құран Кәрімде: «Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, аналарыңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бірге еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйленуге тыйым салынады..[1]»,–деп отасуға болмайтын әйелдер қатарын санамалап өткен.

Демек, мұнан басқа қыздармен отбасын құруға болады. Дегенмен, халқымыздың «Жеті атаға дейін қыз алыспайтын» игі дәстүрі бар. Бұл – қан тазалығымен қоса ертең дүниеге келетін ұрпақтың физиология мен психологиялық жағынан дені сау ұрпақ болуының бірден бір кепілі.

Ал, шариғатта «әл-Ғадату мухаккама [2]» «Әдет-ғұрып – үкім ретінде орындалады» деген қағида бар. Дін үкіміне қарсы шықпаған салт-дәстүрге шариғат тарапынан ешбір сын жоқ. Сіз жеті атаңызды анықтап, қыздың да шежіресін түгендеп үлкендерден бата алыңыз. Байсалдықпен, ақыл-парасатпен мақсатыңызға жетіңіз.



[1] Ниса сүресі, 23-аят
[2] Шейх Ахмед бин шейх Мұхаммед Зарқа, Шарх қауағид фиқһия, 219-бет

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз