https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Исламдағы тұрмыс құру әдебi

11 May 2015 0 comment Оқылды: 4198 рет

Дiндар әйел дiнсiз еркекпен тұрмыс құруы мүмкiн емес. Құда жағы бiр-бiрiне сәйкес болғаны дұрыс. Мұсылман әйел өзге дiндегi еркекке тұрмысқа шығарылмайды. Тұрмыс құру мәселесiнде аз-маз жалған яки қатерге де жол бермеу керек.
Жүктi әйел босанғаннан соң, тұрмыс құруы дұрыс болады. Ерi өлген яки ажырасқан әйел төрт ай он күн күтедi. Бұл күту “идда” делiнедi. Иддадағы әйелдiң тұрмысқа шығуы мүмкiн емес. Бiр ананы емген ұл-қыздар бiр-бiрiмен үйлене алмайды. Үйленiп жатқан ұл-қыздар куәлермен шариғи неке қидырғаннан кейiн ғана өзара ерлi-зайыпты саналады. Үйленетiндер бiр-бiрiн көруi мүмкiн. Күйеу жағындағылар келiн жағына беретiн қалың малы сияқты әдет-ғұрыптар дiнiмiзде жоқ.
Үйлену тойын мас етушi iшiмдiктермен өткiзу дiнiмiзде үзiлдi-кесiлдi қайтарылған.
Үйленiп жатқандардың хабары төңiректегiлерге есiттiрiлуi керек.
Үйлену жаңа бiр жанұя құру болғаны үшiн, тұрмыс құратын жұп үшiн той өткiзу керек. Уақытша неке дiнiмiзде жоқ.
Бiз айтып өткен бұл қағидалар мұсылмандар үшiн.

Ажырасу

Егер еркек әйелiмен ажырасуды қаласа, “Сенi талақ еттiм”, деуiмен ортадағы шариғи неке бұзылады. Яғни, шариғи жағынан ажырасқан есептеледi.
Муртад болу да (дiннен шығу да) некенi бұзады. Дiннен шыққандар иманға қайтса, некелерiн жаңалуы керек.
Егер үш талақ айтылса, қайта неке қиюдың мүмкiндiгi жоқ. йел басқа бiр еркекпен тұрмыс құрып жасаса, ол ерiмен ажырасса яки ол ерi қайтыс болса, иддасы бiткеннен кейiн бiрiншi ерiмен қайта неке байлауы мүмкiн.
Ислам дiнiнде ажырасу (талақ) жақсы нәрсе емес.
Сол үшiн мұсылман ер-әйелдер өзара кешiрiмдi болулары, Аллаһ атымен байланған некелерiн құрмет және сүйiспеншiлiкпен мықтаулары керек. Өйткенi айыпсыз еркек, яки әйел жоқ.

Мұсылман әйелдiң киiмi

Аллаһ Та`ала әйелдердi орануға бұйырған. Бұл орану дiнде “Хижаб” делiнедi. Әрбiр өлкенiң өзiне лайықты ұлттық киiмдерi бар. Егер әйелдiң ұлттық әдеп-ғұрыптарға қарай киiнуi Исламдық өлшеулерге сәйкес келсе, сондай киiнуге рұқсат берiледi. Сәйкес келмесе, қайтарылады, рұқсат жоқ.
Әйел бетiн, алақанын және аяғын тобығынан төмен бүркеуге мәжбүр емес. Осы үш жерден басқа бүкiл денесiн бөтен еркектерден жасыруы шарт. Бұл туралы Құранда:
“Мүмин әйелдерге айт: Бөгде еркектерден көздерiн сақтасын. Әрi ұятты жерлерiн қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерiн көрсетпесiн”. (Нұр 24:31)
Бұдан тысқары:
– Әйелге еркектердiң киiмiн киюге болмайды;
– Әйелдердiң жұқа киiм киюi де мүмкiн емес;
– Дене бiлiнетiндей тар киiм киюден де дiнiмiз қайтарған.
Әйел үйiне бөтен кiсiлердiң көзi түспейтiн жайларда бетiн және бiлектерiн ашып жүруi дұрыс. Егер өзгелердiң көзi түсуi ықтимал болса, (мәселен балкондарында) хижабта жүруi шарт.
Анасы, әкесi, аға-iнiлерi, күйеуi яки мұсылман болған бөтен бiр әйелдiң алдында қолдарын, бетiн көрсетуiнде ешқандай күнә жоқ. Бұл жөнiнде Құранда:
“Ерлерiне, әкелерiне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сiңiлiлерiнiң ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдерiне, әйел керек етпейтiн қызметшiлерге немесе әйелдердiң ұяттары жерлерiн бiлмейтiн балаларға көрсетулерiне болады. Және де көмескi зейнеттерiн басқаларға бiлдiру үшiн аяқтарын ұрып жүрмесiн. й мүминдер, түгел Аллаһқа тәуба етiңдер! рине құтыласыңдар”. (Нұр 20:31).

Мұсылман әйелдiң саясаты

Мұсылман әйел көшеге, базарға иiс сулар себiнiп, безенiп шығуы дұрыс емес. Еркектердiң мiндетiндегi iстердi орындау үшiн де табалдырық аттап үйден шығуы дұрыс емес. Мысалы, даланың iстерi түгелдей еркектiң мойнында.
Жолда кетiп бара жатқанда асығып жүгiрмеуi, себепсiз төңiрекке қарамауы керек.
Әйелдiң жалғыз сапарға шығуы мүмкiн емес.
Мiнез-құлқы бұзық, әдепсiз әйелдермен, көршiсi тiптi туысқаны болса да, араласудан сақтануы, өсек-аяң, бұзық сөздерiне құлақ салмауы керек. депсiз орталарға кiруден, бөтен еркектерге қараудан сақ болуы керек. Бөтен еркектермен тiптi қол берiп амандасу да мүмкiн емес. йелдiң бөтен кiсiмен бiр жайда жалғыз қалуы да харам. Бұл үкiмдердiң барлығы дiнiмiздiң талаптары. Бұл үкiмдерге амал етпеген күнәҺарлар дүниеде де, Ақыретте де азапқа душар болады.

Хайыз және нифас

Жүктi болмаған денi сау тоғыз жастан елу бес жастар арасындағы әйелдерден хайыз қаны келедi.
Бұл жағдай “Хайыз көру”яки “Етеккiр” деп те аталады.
Хайыздың ең аз мерзiмi үш күн, көбi он күн. Егер үш күннен аз яки он күннен көп болса, бұл ауру қаны болады. Мұндай кезде әйел дәрiгерге көрiнуi керек. Ауру қаны келген күндерде намаз және ораза тәрк етiлмейдi.
Қартайған әйелдер хайыз көруден тоқтайды. Бұл тоқтау 45-55 жастар аралығында пайда болады. Бiрер ауру себептi ертерек тоқтауы да мүмкiн, жастарда да хайыз қаны тоқтаусыз келмеуi мүмкiн. Тоқтап-тоқтап келуi де мүмкiн. р бiр әйелдiң хайыз көру мерзiмi анық. Кейбiреулерiнде үш, кейбiреулерiнде төрт-бес яки алты, тiптi он күнге дейiн жалғасуы мүмкiн. йелдер босанғаннан кейiн нифас қаны келедi. Нифас қанының ең ұзақ мерзiмi қырық күн. Нифас кезiнде де дәл хайыз кезiндегiдей намаз оқылмайды, ораза тұтылмайды, Құран оқылмайды, Құранға яки Құраннан бiр аятқа қол тигiзiлмейдi, Кағбаны тәуап етпейдi, Мешiтке кiрiлмейдi. Ерiмен жыныстық қатынаста болмайды.
Хайыз және нифас қаны әйелдiң жатырынан келедi. Бұл қан бiрер тамырдың жарылуынан яки бiрер жарадан келген қан болса, үзiр қаны немесе ауру қаны болады. Үзiр қаны ақшыл реңдi және иiссiз болады. Намаз бен оразаға кедергi болмайды. Яғни, намаз бен ораза мұндай кездерде орындала бередi. Егер әйел бала тастаса, түсiкте әлi ешбiр дене бейнеленбеген болса, ол келген қанға нифас қаны делiнбейдi. Бәлки ол истихаза. Ауру себептi келген қандар да истихаза деп аталады. Истихаза намаз бен оразаға, Құран оқу мен тәуапқа кедергi болмайды. Тек дәреттi әр намаз сайын жаңалап тұру керек болады. Егер нифас қаны 40 күннен көп келсе, ол да истихаза қаны болады. Бiр айда тек бiр мәрте хайыз қаны келедi. Хайыз және нифаз қаны келген әйел намаз оқй алмайды, тек намаз уақыты кiрген соң, дәрет алып жайнамазға отырып, “СубханАллаһ”, “Алхамду лиллаҺ”, “АстағфируллаҺ”, сияқты тасбихтармен шұғылдануы мүмкiн. Хайыз көрген әйелдiң ешқандай бейнеде ерiмен жыныстық қатынаста болуы мүмкiн емес, харам. Бұл адам денсаулығы үшiн өте зиян. Хайыз көрген әйелдiң ерiмен бiр орында жатуы зиян емес.

Аллаһ Та`ала баршамызды тура жолдан адастырмасын!
Осы кiтапшада айтылған насихаттарда амал етiп, иманды, әдептi болып, тату-тәттi өмiр сүрiп, Аллаһ Та`аланың бұйрығын, әмiрлерiн орындап, қайтарған iстерiнен тыйылайық мұсылман бауырлар! Әмин!

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз