Мұсылман адам Аллаһ Та`алаға былай иман келтiредi:
Аллаһ бар. Әуелi және ақыры жоқ. Бiреу. Ешбiр мақлұққа ұқсамайды. Оның жаратушысы жоқ. Барлық нәрсенi Ол жаратқан. Мәңгi тiрi, әшкере де жасырын да барлық нәрсенi, бiледi, барлық дауыс және сөздi есiтедi, барлық нәрсенi көрiп тұрады, барлық нәрсеге құдiретi жетедi. Сөйлеуi өзiне лайықты. Барлық нәрсе Оның қалауымен болады. Аллаһ ешкiмге түйiрдей зұлымдық яки опасыздық iстемейдi.
Аллаһ Та`аланы бiз көре алмаймыз. Өйткенi көздерiмiз Оны көре алатын етiп жаратылмаған.
Пайғамбарлардың айтқан сөздерi және iстерi хақ. Олар күнә iстеуден пәк. Кiм пайғамбарлардың бiреуiне қарсы шықса, иманнан айырылады.
Аллаһ Та`аланың үзiлдi-кесiлдi бұйрықтары парыз делiнедi. Намаз оқу, ораза тұту, зекет беру парыз амалдарынан.
Аллаһ Та`аланың үзiлдi-кесiлдi қайтарған, тыйған нәрселерi “харам” делiнедi. Арақ iшу, құмар ойнау, ойнастық, бал аштырту сияқты.
Орындалуы парыздай үзiлдi-кесiлдi болмаған бұйрықтар “Уәжiп” делiнедi. Уитр және айт намаздары, құрбандық шалу, пiтiр садақасын беру сияқты. Қайтарылған, бiрақ үзiлдi-кесiлдi харам етiлмеген нәрселер “МәкруҺ” делiнедi.
Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, бұйырғандары, өзi iстеген iстерi және көрiп тұрып қайтармаған, ұнатқан нәрселерiне “Сүннет”, кейде iстеген iстерi “Мустахаб” делiнедi.
Орындаса сауап, орындамаса күнә болмайтын амалдар “Мүбәх” делiнедi.
Құранға және Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, сөздерiне дұрыс емес мағыналар берiп, дiнiмiздi бұзуға ұрынған топтарға дiн ғұламалары қарсы күрескен. Бұл мужтаҺид алымдар Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, қайтыс болғаннан кейiнгi алғашқы дәуiрлерде Ислам дiнi негiздерiн көпшiлiкке жол сипатына ұсынған. Бұл ұлық кiсiлер құрған жол “МазҺаб” делiнедi.
Исламда болса төрт мазҺаб бар:
1. Ханафий.
2. Маликий
3. Шафи`ий
4. Ханбалий мазҺабтары.
Бiздiң амал ететiн мазҺабымыздың бастығы Имам Ағзам Әбу Ханифа рахматуллаҺи алайҺ.
Иманның алты шарты бар. Осы алты шартты өз бойына жиған иман сөзi мынау:
Иман келтiрдiм: Аллаһқа, перiштелерiне, кiтаптарына, пайғамбарларына, Ақырет күнiне, тағдырға, өлгеннен соң қайта тiрiлуге.
Адам бұл шарттардың барлығына толық сенгенде ғана иманды болады.
Ислам шарты бесеу:
1. ШаҺадат калимасын айту және жүрегiне бекiту: (шҺаду әллә иләҺа иллАллаһу уә әшҺаду анна Мухаммадан абдуҺу уә расулуҺ).
2. Намаз оқу.
3. Ораза тұту.
4. Зекет беру.
5. Хажға бару.
Дәрет алу тәртiбi
Әуелi дәрет алуға ниет етiледi. Кейiн “БисмилләҺир рахманир рахим” деп екi қол жуылады. ш рет ауыз, үш рет мұрын шайылады. Бет те үш рет шаш шыққан жерден иектiң астына дейiн және екi құлаққа жеткiзiп жуылады. Алдын оң, кейiн сол қол шынтағымен үш рет жуылады. Екi қолды сулап, бастың төрттен бiрiне масих тарту парыз, барлығына тарту сүннет. Сұқ саусақпен құлақтың iштерi, бас бармақпен құлақтың артына және қалған үш саусақтың артымен мойынға масих тартылады. Алдын оң, кейiн сол аяқ тобығымен қосып жуылады.
Ғұсыл алу тәртiбi
Әуелi екi қол жуылады. урет жуылады. Кейiн намазға дәрет алынады. Ауыз ғарғара етiледi, мұрын болса ашитындай дәрежеде шайылады. Кейiн бастан және желкеден үш рет су құйылады. Дененiң барлық жерiне су тигiзу шарт. Шашы өрiлген әйелдер шашының түбiн саусақтарымен суласа жеткiлiктi, бiрақ шашы өрiлмеген болса, шашының барлығын жуады.
Намаз
Әрбiр мұсылманға бес уақыт намаз оқу парыз:
1. Таң намазы: 2 рака`ат сүннет, 2 рака`ат парыз.
2. Бесiн намазы. 4 рака`ат сүннет, 4 рака`ат парыз, 2 рака`ат соң сүннет.
3. Аср (екiндi) намазы: 4 рака`ат парыз.
4. Намазшам (ақшам) намазы: 3 рака`ат парыз, 2 рака`ат сүннет.
5. Құптан намазы: 4 рака`ат парыз, 2 рака`ат сүннет, 3 рака`ат уитр уәжiп.
Тарауих намазы
Бұл намаз Рамазан айында оқылатын сүннет намазы. Тарауих намазы 20 рака`ат болып, екi немесе төрт рака`атта бiр сәлемнен оқылады. Тарауих намазы құптан намазының сүннетiнен кейiн, уитрден алдын оқылады. Тарауих намазын оқу еркектерге де, әйелдерге де бекiтiлген сүннет.
“Ғибадатыңызды Аллаһты көрiп тұрғаныңыздай орындаңыз. Сiз оны көре алмайсыз, бiрақ Ол сiздi көредi”
(Хадис)
Әйелдердiң намазы және оразасы
Әйел кiсiнiң хайыз (етеккiр) күндерi рамазан айына тура келiп қалса, ораза тұтпайды. Тазалаған соң, осы күндерде тұта алмаған оразасының қазасын тұтады. йелдерге намаз оқу және ораза тұту балиғат жасынан, яғни хайыз көре бастаған уақыттан бастап парыз болады. Он бес жасқа толған қыздарға хайыз көрмесе де намаз оқуы және ораза тұтуы парыз.
Хайыз кезiнде намаз оқылмайды. Сол сияқты, Құран оқу мешiтке кiру, Ка`баны тәуап ету, Құранды ұстау, күйеуiмен жыныстық қатынаста болуы мүмкiн емес. Тазаланғаннан соң намазы қаза оқылмайды.
йелдердiң намазының еркектердiң намазына қарағанда сәл айырмашылығы бар. йелдер “тәкбiр” айтқанда құлақ қақпайды, қолдарын көкiректерiне дейiн көтередi. Сонда саусақтары желкеден аспаулары керек. йел кiсiнiң қолы қиямда көкiрегiнде, оң қол сол қолының үстiнде тұрады. Аяқтары бiрiккен халде болады. Рукуғда көп иiлмейдi. Намазды дауыс шығарып оқымайды. Сәждеде шынтақтары жерге, көкiректерi сандарына тиген халде болады.
Отырғанда екi аяғын оң жаққа шығарып, сол жағына отырады. йел кiсi хайыз көрген күндерiнде намаз оқымайды. Тазаланған соң ғұсыл құйынып, дәрет алып, намазын бастайды. Хайыз себептi оқи алмаған намаздарының қазасын оқымайды.
Өзiн мұсылман санаған әрбiр адам “Лә иләҺа иллАллаһу Мухаммадур раулуллаҺ” калимасын көп айту керек. Бұл калиманы айтудың сауабы үлкен. рбiр мұсылман ғибадаттарды толық әрi шын ықыласымен орындауға әрекет етуi керек. Пәленше намаз оқиды, бiрақ әртүрлi жаман iстердi де iстей бередi, бүйтiп намаз оқығаннан оқымаған жақсырақ, деген пiкiр өте қате. Намаз оқу бүкiл адамзат мойнындағы парыз.
“Күдiксiз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды”.
(Аанкабут 29:44)
Ораза
Әр жыл рамазан айында бiр ай ораза тұту әрбiр мұсылман үшiн парыз.
“Ей мүминдер! Сiздерге бұрынғыларға парыз етiлгенiндей, ораза парыз етiлдi” (Бақара 2:183). Таңнан кешке дейiн жеп-iшу, жыныстық қатынастан сақтану керек. Рамазан берекелi, ұлық ай болғаны үшiн көбiрек ғибадат етiп, барлық жаман, бұзық iс және сөздерден ұзақ болу керек. Бұл айда iстелген қайырлы iстердiң сауабы өте үлкен.
Хаж
Бай және денсаулығы мықты болған әрбiр ақыл-есi дұрыс кiсiнiң өмiрiнде бiр рет Меккеге барып, Ка`баны зиярат етудi-хажылық дейдi.
Хаждың парызы үшеу:
1 Хажылықты ниет етiп, ихрам кию.
2 Арафатта тұру.
3 Қазiргi уақытта еркек-әйел аралас, Ка`баны бiрге тәуап етедi. Сол үшiн әйелдердiң махрамсыз (неке жүрмейтiн туысы) хаж етулерi мүмкiн емес. Өйткенi бiр парызды орындауға күнәға жолығатын болса, ол парыз тәрiк етiледi. Қысқасы, әйелдер үшiн махрам алу хаждың төртiншi шарты.
“Бала-шағасымен бiрге болу бiр мешiтке кiрiп, таңертеңнен кешке дейiн дұға етуден жақсырақ”.
(Хадис)
Зекет
Мұсылманның қажеттiлiгiнен тысқары бiр жыл iшiнде жұмсалмай тұрып қалған 96 грамм алтыны яки осы алтынның бағасына тең мөлшерде ақшасы болса, осының қырықтан бiрiн Аллаһ жолына беру керек. Бұдан тысқары малдардан және егiнен де зекет беру шарт. Алтын яки күмiстен жасалған ыдыс-аяқтардың нисабы толса, зекет бермейдi.
Бiлуге мiндеттi ең қажет мәлiметтер
Әлхамду лиллаҺ, мұсылманбыз.
Раббымыз Аллаһ, кiтабымыз Құран, қыбламыз Кағба, дiнiмiз Ислам, Пайғамбарымыз Мухаммад Мустафа, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
Ең бiрiншi адам және ең бiрiншi пайғамбар Адам, алейҺиссәлам.
Пайғамбарымыздың әкесiнiң есiмi АбдуллаҺ, бабасының есiмi Абдулмуталиб, анасының есiмi мина.
Пайғамбарымыздың бiрiншi әйелi Хадиша. Жиырма бес жылдай отау құрған.
Пайғамбарымыздың төрт қызы, үш ұлы болған. Қыздары Зайнап, Руқия, Умму Кулсум және Фатима. °лдары: ИбраҺим, Қасым және АбдуллаҺ (екiншi есiмi ТаҺир)
РасулуллаҺқа 40 жасында пайғамбарлық келген.
Құран Кәрим жиырма үш жыл iшiнде аят-аят, сүре-сүре, бөлiм-бөлiм болып нәзiл болған. РасулуллаҺ, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, алпыс үш жасында Мәдинәда дүниеден өттi.
Құранда аттары аталған пайғамбарлар жиырма бес.
Бұлар: Адам, Идрис, Нұх, Салих, ИбраҺим, Исмаил, Исқақ, Жақып, Жүсiп, Аюб, Шұғайып, Муса, җарұн, Дәуiт, Сүлеймен, Илияс, Алиясағ, Зұлкәфл, Жүнiс, Закария, Яхия, Иса және Мухаммад Мустафа, Аллаһ оларды жарылқасын.
Пайғамбарымыз, милади 571 жылы Меккеде туылған, 622 жылы Мәдинаға Һижрат еткен. 632 Мәдинада дүниеден өткен.
Хазрет Пайғамбарымыздың мүбәрәк денесi арамызда болмаса да, рухы Қиямет күнiне дейiн мұсылмандармен бiрге.
Аллаһ Та`ала пенделерiне Құран Кәримнен бұрын үш кiтап жiберген, бiрақ ол киелi кiтаптардың үкiмдерi бұрын етiлген. Бұлар: Таурат Мұсаға, алейҺиссәлам, Забур Дәуiтке, алейҺиссәлам, Исаға, алейҺиссәлам, Інжiл берiлген.
Дiнiмiзде мүбәрәк саналған қасиеттi түндер бар. Бұл түндерде көп ғибадат ету, көп тәуба ету және тасбих айту, зiкiр етудiң сауабы мол. Мүбәрәк түндер:
Рағаиб түнi –Режеб айының алғашқы жұма түнi. Бұл түнде анасы Пайғамбарымызды көтерген.
Миғраж түнi – Режеб айының 27-түнi. Пайғамбарымыз бұл түнi Аллаһтың құзырына көтерiлген.
Барат түнi – Ша`бан айының 15-шi түнi. Бұл түн дұғалар қабыл болатын, күнәлар кешiрiлетiн түн.
Қадiр түнi – Рамазан айының соңғы он күнiнiң тақ түндерiнiң бiрi. Бұл түн Құран түсе бастаған және мың айдан қайырлы болған түн.