Ұлым! Қайын енең мен қайын атаңа құрмет көрсет. Олар саған ата-ана. “Қайын ата” сөзiнiң негiзi “қайми ата”, яғни, ата орнындағы кiсi дегенi. “Қайын ана” сөзi де осылай.
Оларға “ана”, “ата” деп құрмет көрсет. Әйелiңнiң алдында олардың атына жаман сөз айтудан сақтан. Өйткенi әйелiңнiң жүрегiн ауыртасың. Басқалардың алдында да жамандама. Ғайбат деген жаман әдеттен тiлiңдi тый. Жиi-жиi оларды зиярат етiп, хал-жағдайынан хабардар болып тұрыңдар. Қайын атаңның үйiне барып тұруыңнан бiз мазасызданбаймыз, сендер тыныш, болсаңдар, соның өзi жеткiлiктi бiзге. Олар да сендердiң тыныш тату-тәттi өмiр сүрiп кеткендерiңе шат болады. Егер сендерге бiрер нәрсе айтса жақсылықты көздеп айтқан болады. Ешкiм перзентiне жамандықты лайық көрмейдi.
Үй iстерiнде жәрдем бер
Ұлым! Еркек кiсi әйелiн әрдайым сүюi және ойлауы керек. Әйел кiсi тек әйелдiк мiндетiн орындағаны үшiн ғана емес тұрмыста жолдас-дос, жұбай, бақыт және махаббат бұлағы, балаларыңның мейiрбан анасы сипатында да құрметтелуi керек.
Ер-әйел ортасындағы жақындық – өте жоғары жақындық. Күндiз-түнi бiр жайда жасау, бiр жастыққа бас қою, бiрге жатып-тұру – бұдан артық тағы қандай жақындық болсын. Ер де, әйел де мұны сезiнуi және осыған қарай ұмтылуы керек. йелдер нәзiк. Мұны үйленгенiңнен кейiн және де жақсырақ түсiнесiң. Тiптi өз мiндеттерi болған үй iстерiн сен ойлағаныңдай атқара алмай жатқан болса, онда оның ердiң жәрдемiне мұқтаж екендiгi сезiледi. Сен әрдайым әйелiңе жәрдемшi бол.Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, көйлегiнiң жыртығын өзi тiккендiгi туралы риуаят бар. Ардақты Пайғамбар осылай iстеген екен, бiз оны қалайша үлгi тұтпаймыз. Сен мұны түсiн. Бос уақыттарыңда әйелiңе жәрдем бер.
Үй iстерiн орындау – әйелдiң мойнындағы мiндет. Бұл мiндеттi орындамаса, Аллаһ алдында күнәҺар есептеледi. Күйеуiне бойұсынбаған, үй жұмыстарын орындамаған, жәбiршiл әйел жәннатқа кiре алмайды.
Ұлым, егер әйелiң үлгермеген iстердi өзiң орындасаң, оны күнәдан сақтаған боласың. Достарыңның сөздерiне мән берме. Өзiңе Пайғамбарымызды үлгi тұт және оның мына сөзiн есiңе ал:
“Егер кiмде-кiм әйелге сұлулығы және байлығы үшiн үйленсе, екеуiнiң де рақатын көре алмайды. Дiнi (дiндарлығы) үшiн үйленсе, байлық және сұлулық өз-өзiнен келе бередi”.
Салтанатқа берiлме
Ұлым! Үйiңдi салтанатты етуге берiлме. Қаражатыңды қажетiңе қарай жұмса. Үйiңдi жиҺазға толтырып тастама. Салтанатсыз үй тыныш болады. ЖиҺаздарға тола үй адамды нәпсiмен қысып қояды.
Пайғамбарымыздың қызы Фатима мен хазiрет Әли тұрмыс құрған кездерiнде алған үй жиҺаздарын саған санап беремiн: Үш көрпеше, бiр жайнамаз, бiр жастық, екi қол диiрмен, бiр су құятын мес, кесе, елек, сүлгi, қой терiсiнен жасалған төсенiш, шолпы, орындық, жамылғы бұлардың барлығы бiр-бiреуден және екi дана киiм.
Бұларды алғанда Пайғамбарымыз:
“О, Раббым, саған ұнамайтын ысырапкершiлiктен сақтанған кiсiлерге бұл жиҺаздарды қайырлы ет”, – деп дұға еткен.
Ұлым! Жаңа бұйым алғаныңда: “Аллаһым, бұл алған нәрсемдi Саған бойұсынған хәлде жаратуымды нәсiп ет, жамандыққа жол берме”, – деп дұға ет.
Тойда ас бер
Ұлым, тойда ас беру Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, сүннеттерiне жатады. Пайғамбарымыздың әрбiр сүннетiнде бiр даналық болғаны сияқты, бұл сүннетiнде де небiр даналықтар жасырын жатқанын кiм бiледi? Тойға таныстарыңды, жақын-туыстарың мен кембағалдарды шақыр. Байлар шақырылып, кедейлер шақырылмаған тойдың асы астардың ең жаманы екендiгiн Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, ескерткен және үмметiне шақырған жерге баруды үгiт еткен. Сүйiктi Пайғамбарымыз әрбiр тойда, әлбетте, ас берген. Қызы Фатиманың тойында бiр қой сойдырған, базардан алдырған құрма, сары май және iрiмшiктердi араластырып өзi тамақ пiсiрген, 700 кiсiнi тойдырған.
Ұлым, достарыңның шақыруын сен де қабыл ет. Бiрақ Аллаһтың үкiмiне сай қарсы шығып iшiмдiк iшiлетiн тойларға барма. Достарың ренжiсе де мұндай тойларға қосылма. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Кiмде-кiм Аллаһқа және Ақырет күнiне сенсе, iшiмдiк iшiлiп жатқан дастарханға отырмасын”, – деген.
Шайтани ойын-күлкi және адамның шаҺуатын қоздыратын музыкалар болып жатқан жайлардан ұзақ жүр.
Маңызды бiр өсиет
Ұлым! Неке күнi келiн-күйеу өмiрiндегi ең маңызды түн. Бұл өте қайырлы бiр сапар. Бұл сапарды дұға және қайыр-садақамен бастап, күнәҺар болып қалудан сақтану керек. Келiн мен күйеу осы түн дәрет алып екi рака`ат намаз оқулары және өткен күнәларына тәуба етiп, Аллаһтан игi перзенттер нәсiп етуiн сұрап дұға етуi керек.
Сүйiктi Пайғамбарымыз қызы Фатима мен күйеу баласы хазiрет Әли тұрмыс құрғанда оларға:
– О, Аллаһым! Бұларға берекелi игiлiк бер, құрған тұрмыстарын құтты ет. О, Аллаһ! Фатиманың ұрпағын шайтанның жамандығынан сақта, – деп, Ыхлас, Фалақ және Нас сүрелерiн оқып оларды үйiнен шығарып салған.
Бiр-бiрiңе мұқтажсыңдар
Ұлым! Мынаны ұмытпағын, ер-әйел бiр-бiрiне мұқтаж. Бұл туралы Аллаһ Та`ала Бақара сүресiнiң 187 аятында былай баян етедi:
“Олар сiздердiң киiмiңiз, сiздер де оларға киiмсiздер” (яғни, ер-әйел бiр-бiрiне адам киiмге мұқтаж болғаны сияқты мұқтаж).
Ұлым! Бiр сәт киiмсiз қалуыңды ойлашы. Не iстейсiң, қандай күйге түсесiң? Киiм адамды қандай сақтаса, еркек әйелдi, әйел болса еркектi осылай сақтап тұрады. Адам үйленiп, ойнастық пен күнә iстерден сақтанады, ғибадаттарынан рақат алады, достары мен туысқандарының арасында құрмет-абыройы артады. Жанұялы кiсi бойдақтармен сұқбат құруды онша ұнатпай да қалады. Тұрмыста әйелдiң ерге, ердiң әйелге пайдасы шексiз.
Егер ер-әйел тұрмыста жараса алмай ажырасатын және бойдақ қалатын болса, киiмдерiнен жұрдай болып, суықтан дiр-дiр етiп қалтырап жатқан адамға ұқсайды. Сол сияқты ажырасу қоғамға да тиiмдi емес.
Хадис шариф:
Хазiрет Айша анамыздан сұраған екен:
– РасулуллаҺ, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, үйде немен шұғылданатын едi?
Айша анамыз жауап бердi:
– Сiздер сияқты о жақ, бұ жақты тәртiпке келтiретiн, ондай-мұндай нәрселер сатып алатын, ауыр iстерде үйдегiлерге жәрдем беретiн, тiптi ет те турайтын, қызметшiлерiнiң жұмыстарын да iстеп кете беретiн едi.
Әйелiңнiң хақыларына амал ет
Ұлым! Еркектiң әйелiне хақысы болатыны сияқты, әйелдiң де ерi мойнында хақысы бар. Бiрiншi кезекте әйелiңе сыпайы бол.
Бiр хадисте:
“Әйелдердiң хақысына жауыздық iстеуден сақтаныңыз. Олар сiзге әрбiр iсте жәрдемшi. Оларды Аллаһтың әмiрiмен алғансыз. Аллаһ оларды сiзге халал еткен”, – делiнген.
Қызғаншақ бол, бiрақ…
Ұлым! Қызғаншақ бол, бiрақ асырып жiберме. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, “Қызғаныш иманнан, қызғанбау болса мұнафықтықтан (екiжүздiлiктен)”, – деп хабар берген. Сол сияқты, қызғанышқа азғыру мен күмәндi араластырмау керек. Әйелiңдi, қыздарыңды, әпке-қарындастарыңды және басқа жақындарыңды бөтен көздерден қызғануың, сақтауың еркектiк борышың. Мiне, осы иманнан келген қызғаныш. Қызғану – мұсылманның қасиетi. Бiрақ (кiсiнiң) үйiнде жалғыз отырған әйелi жөнiнде көрiп-бiлмей жаман күмәндi ойларға бару шайтани уасуаса. Мұндай күмәндану күшейсе, жүректiң қараюына, тынышсыздыққа, жанжалға алып келедi. Мұндай қызғану Аллаһ Та`аланың азабын келтiредi.
Хадис шариф:
Бiр күнi сахаба хазiрет Са`д:
– Ей РасулуллаҺ! Әйелiмнiң қасында бөтен еркектi көрсем, бұған да төрт куә керек пе? – деп сұрады.
Бұл сөзiмен әйелiн бiрер еркекпен тұрғанын көретiн болса, төрт куә iздеп жүрмей, олардың iсiн өзi шешiп қоя салуды бiлдiрмекшi едi.
Сонда Пайғамбарымыз,салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
– Аллаһ Та`ала жiгерлi, қайратты. Аллаһтың жiгерлiлiгi харам етiлген нәрселерге разы болмауында. Мүмин кiсi жiгерлi болады. Са`дтың жiгерлiлiгiне қайран қалып жатырсыз ба? Мен одан да жiгерлiмiн. Аллаһ Та `ала менен де жiгерлi, – дедi.
Тағы бiр хадисте:
“Мен шындығында қызғаншақпын. Қызғанбаған адамның жүрегi қуыс”, – деген.
Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, күйеу баласы хазiрет Әлиге насихат айтып:
“Ей, Әли! Қызғаншақ бол! Аллаһ Та`ала қызғаншақ адамдарды жақсы көредi”, – деген.
Ұлым! Есiк-терезеңнiң перделерiн ашық қалдырма. Пайғамбар:
“Есiктi ашық қалдырған да, одан iшке кiрген де күнәҺар”, – деп айтқан.
Сөздiң ашығын айтқанда, әйелiн бөтен кiсiлерден қорғау мағынасындағы қызғаныш – көркем қызғаныш. Азғыруға түсiп, әйелiнiң әрбiр әрекеттерiнен күмәндану мағынасындағы қызғаныш – жексұрындық.
Қажеттерiңе сараңдық iстеме
Ұлым! Сүйiктi Пайғамбарымыз,салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Өзi үшiн мол қаражат етiп, бала-шағасының ризығына сараңдық iстеген кiсi, менiң шапағатыма лайықты бола алмайды”, – деп мүмкiншiлiгi бола тұра жанұясына сараңдық iстеген кiсiлердi қаралаған.
Расулiмiз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, тағы бiр хадисiнде:
“Кiм Аллаһ жолында пақырға бiр алтын садақа берсе және бала-шағасының қажеттiлiгi үшiн де бiр алтын жұмсаса, Аллаһ алдында жанұясы үшiн жұмсаған алтынның сауабы ұлық”, – деген.
Ұқыпты бол
Ұлым! Ә!йелiңе селқос қарама яғни, оның дүниелiк және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандырумен бiрге жыныстық қатынаста да мұқтаждығын қамтамасыз ет, – демекшiмiн. Тұрмыстың бұл жағы да өте маңызды.
Хазiрет Омардың құзырына бiр сарбаздың әйелi келiп, күйеуiнiң кешiккенiн айтты. Хазiрет Омар оған:
– Ойнастық iстеудi ешқашан ойыңа келтiрме, – дедi.
Сонда әйел:
– Аллаһтың өзi сақтасын, – деп жауап бердi.
Содан кейiн халифа Омар сарбаздарға белгiлi мерзiмде үйiне барып тұруына рұқсат еттi.
Жақындық қылғанда…
Ұлым! Өнегелi кiтаптарда мынадай жолдар берiлген:
Қосылып жатқан кезiңде үстiң жабық болсын. Сонда туылатын перзентiң ар-ұятты, әдептi болады. Әрбiр iстiң басында айтылғаны сияқты мұнда да “Ауузу билләҺи минаш шайтанир ражим” мен “бисмилләҺир рахманир рахим” айтылуы шарт.
Сахих хадисте айтылады:
“Бiреу әйелiне қосылуды қаласа, “БисмилләҺ, Аллаһумма жаннибаш-шайтана уа жаннибаш-шайтана ма разақтана” (Аллаһым, бiзден және бiзге беретiн нығметiңнен шайтанды ұзақ ет), – деп айтсын, егер осыдан бала болса оған ешқашан шайтан зиян тигiзбейдi.
Тағы бiр хадисте:
“Сiздер хайуандар сияқты болмай, әуелi әзiлдесiп, сөйлесiп, сүйiсiп барып әйелдерiңiзге қосылыңыздар”,– деген.
Есiңде болсын! Нифасты яки хайызды кезiнде әйелiңмен жыныстық қатынас iстеуiң үзiлдi-кесiлдi харам. Кiм iстесе, күнәҺар болады. Мұны күнә санамаған, халал деп бiлген кiсi кәпiр болады. Мұндай қате сенiмде болған кiсi тәуба етiп, сенiмiн дұрыстауы, иманы мен некесiн жаңалауы керек. Тiптi хайызды әйелдiң кiндiгi мен тiзесi аралығын жалаңаш хәлде сипалап ләззаттану да дұрыс емес. Жыныстық қатынас iстеп болғаннан соң, тағы да қайталамақшы болса, екеуi де әуретiн жуып алуы керек.
Ұлым! Есiңде сақта! Тамақтан кейiн мазасыздыққа түскен, не ашулы және қайғылы уақыттарда, аурудан ендi ғана жазылғанда, не әйелдiң науқас кезiнде жыныстық қатынаста болу денсаулыққа өте зиян. Аптасына бiр-екi, әрi кеткенде үш мәрте жыныстық қатынаста болу дұрыс. Көп қосылу зейiндi, қабiлеттi және дененi әлсiретедi.
Жүктi кезде…
Жүктi кезде әйел кiсiге ауыр нәрселердi көтерткiзбеу, зорықтырып қоятын iстердi iстетпеу керек. Жанұяға харам нәрсе кiруiнен сақ болу керек. Әсiресе әйелдi жүктi кезiнде харам нәрсе жеуiнен сақтау керек. Харам нәрсе жеген әйелден жақсы перзент туылмайды.
Перзент туылған соң…
Ұлым! Перзент көргенiңде Аллаһқа шүкiр айт. Қыз көрсең де, ұл көрсең де сүйiн. Ұлды да, қызды да Аллаһтың нығметi деп бiл. Неге дегенде, олардың қайсысы өзiңе қайырлы болуын бiлмейсiң. Қысқасы, перзент көргенiңде Аллаһ Та`алаға шүкiр айтып, жақсылығын тiле.
Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“БІр кiсiнiң үш қызы болса да оларды жақсылап тәрбиелеп өсiрсе және құтты орнына қондырса, оның сыйы жәннат”, – деп хабар берген.
йелiңе харам, шүбәлi нәрсе жегiзбе. Өйткенi харам нәрсе жеп өскен бала харам нәрседен қорықпайды.
Мiне бұл хадистерге назар сал:
“Балаң емген сүтiне қарай мiнез-құлықты болады”.
“Харамнан сақтан. Өйткенi хараммен құрылған құрылыс ерте ме, кеш пе апатқа ұшырайды”.
Аят: “Көктер және жер Аллаһтың мүлкi. Ол Өзi қалаған нәрсенi жаратады. Ол Өзi қалағанға қызды тарту етедi және Өзi қалағанға ұлды тарту етедi. Немесе, оларды (ұл мен қызды) егiз етiп жаратады және Өзi қалағанды тумас (ұрықсыз) етiп қояды. лбетте, Ол (барлық нәрсенi) бiлушi және (Өзi қалаған нәрсенi жаратуға) құдiреттi” (Шура 42:49-50)
Құлағына азан айту және жақсы ат қою
Ұлым! Бала туылған соң жетi күннiң iшiнде оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылып, ат қойылады. Тақуа ұлық кiсiлердiң есiмдерi қойылса абзал. Осы ұлық кiсiлер сияқты игi пенде болсын, деп дұға ету керек. Қиямет күнi әрбiр кiсiнiң есiмi аталып шақырылады. Сонда есiмi жаман болғандар ұялып қалады. Жаман мағына беретiн, ойдан шығарылған есiмдер қою қасиетсiздiк. Ондай есiмдердi өзгерту керек. Пайғамбарымыз да кейбiр сахабаларының аттарын жаман мағына бiлдiргенi үшiн өзгерткен.
Ақиқа
Ұлым! Есiңде болсын, жетi күндiк болғанда шақалақтың шашы алынады. Шашының ауырлығы мөлшерiнде алтын яки күмiс садақа берiледi. Осыған тең бағада теңге берiлсе де болады. Ұл болса екi, қыз болса бiр қой сойылып, етiнiң бiр бөлiгi садақа етiледi. Немесе кембағалдарға ас берiледi. Мiне, осыны ақиқа дейдi. Пайғамбарымыз да немересi Хасан туылған соң жетiншi күнi ақиқа iстетiп, шашын алдырып, садақа берген. Ақиқа он төртiншi күнi де iстелуi мүмкiн. Балиғатқа жеткенше iстесе де бола бередi, дейтiн сөз де бар. Бiр хадисте Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“О, Аллаһым! Қаны қанына, етi етiне, сүйегi сүйегiне, түгi түгiне, терiсi терiсiне төлем. О, Раббым! Бұл ақиқаны ұлым үшiн жаҺаннамға пида ет”, – деп дұға еткен. Баланың есiмiн де алғашқы жетi күн iшiнде қою керек. Тағы да хазiрет Пайғамбар:
“Баламен бiрге ақиқа бар. Яғни, Аллаһ үшiн бiр мәрте құрбандық шал және одан зиян мен күйiктi тазарт”, – деп айтқан.
Хадис шариф:
“Сiздерден ешбiрiңiз менi өзiнен, мал-мүлкiнен, бала-шағасынан және бүкiл адамдардан артық жақсы көрмейiнше толық мүмин бола алмайды”.
Ана сүтi
Ұлым! Перзентiңдi мүмкiндiгiнше ана сүтiмен өсiр. Өйткенi ана сүтiнiң орнын ешнәрсе баса алмайды.
Тамақтану әдебiн үйрет
Ұлым! Перзентiңе әрбiр iстi бастаудан алдын “БисмилләҺир рахманир рахим” – деп айтуға үйрет. Сол сияқты, тамақтанар алдында да, үнемi қайталап отыру керек. Бала iшi бос шелекке ұқсайды. Не құйсаң, соны алады. Көркем нәрселердi құйсаң, көркем нәрселердi, жаман нәрселердi құйсаң, жаман нәрселердi алады. Дәл үйренетiн кезде оны өз хәлiне тастап қойма, өйткенi күтiмсiз ағаштың жемiсi дәмсiз болады.
Балаға тамақтану әдебiн үйрет. Тағамды алақанын толтырып аузына салмауды, асықпай жақсылап шайнап, кейiн жұтуды, қарнын тойдырып жемеудi, су мен ауа үшiн орын қалдыруды, тамақтан бұрын және кейiн қолын жууды, iшiп-жеп болған соң Аллаһқа шүкiр айтуды және осы тәрiздi әдептiлiктерден тәлiм бер.
Балаңды үлкендерге лайықты хикая және сұқбаттарды тыңдаудан ұзақ ұста. Керiсiнше, тәрбиеге жәрдем беретiн дiни риуаяттарды көбiрек айтып бер. Өзiнен жасы үлкен және тәрбиесi жаман балалармен достасудан қайтар. Мiнез-құлықты, әдептi бұзатын кiтаптарды оқытпа. Пайғамбарымыз бен ұлағатты кiсiлер жөнiндегi риуаяттардан айт. Ислами көзқарастың жетiлуiне мән бер. Баланы көп ұрма, қатесiн түсiндiр. Тек “iстеме”, – деп қоя салма, iстеген қатесiнiң жаман екендiгiне сендiр.
Балаға жас кезiнен әуретiн жабуды үйрет. Тек ұятты болып өссiн. Достарын құрмет етудi, мақтаншақ болмауды, керiлмеудi, басқаларды өзiнен төмен көрмеудi ақылына сiңдiр.
Бiреуден бiр нәрсе алмасын, алса, қайтарып берсiн.
Тiптi жерде жатқан иесi белгiсiз нәрселерге де қол сұқпасын.
Үлкендер алдында әдеппен тұруды, керiлмеудi, есiнемеудi, саусақтарын сытырлатпауды, көп сөйлемеудi, аяқтарын айқастырып отырмауды түсiндiрiп қой.
Қабiлетiне және қабылдауына қарап қазiргi заманғы жетiстiктердi үйрет.
Жақсы сөздермен тәрбиеле
Ұлым! Баланы тәрбиелеуде тәттi сөз – ең пайдалы әдiс. Бiр iстi үйретуде яки бiр нәрседен қайтаруда қатты тұрма. Оған қатты бұйрық берiп, iс iстетпе. Мысалы: “Неге айтқанымды iстемейсiң?” – деп ашулану орнына, “Ақылды бала әкесiне бойұсынады”, – деп ұялтқан жөн. “Темекi шекпе”, – деместен “Менiң ұлым темекi шекпеуi керек”, – деп санасына сiңдiру пайдалырақ.
Мына хикаяға назар сал, ұлым:
“Пайғамбарымызға, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, шәрбат келтiрдi. Ол кiсi алып iштi. Оң жағында жасөспiрiм бала, сол жағында жасы үлкен кiсiлер отыр едi. Сонда балаға қарап:
– Мұны үлкендерге берсем, мейлi ме? – деп рұқсат сұрады.
Сонда бала:
– Жоқ, Құдай ақы, сiзден маған тиген бұл несiбемдi өзiм аламын, – деп жауап бердi.
Пайғамбар қолындағы кесенi балаға бердi. Бұл жiгiт Абдулла ибн Аббас, ради Аллаһу анҺума, едi.
Көрдiң бе, ұлым! Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, бала ғой деп мән бермей қалдырмады, көркем бiр кейiпте балаларға қандай мәмiле етудi үйреттi.
Истинжаны үйрет
Ұлым! Балаң төрт-бес жасқа толғанда нәжестен тазалануды үйрет. Сол қолмен тазалау керектiгiн айт, өзiң қолыңмен көрсетiп бер, перзентiң сенен үлгi алсын. Сол қол арқадан жiберiлiп, нәжес шыққан орындар кесек немесе арнайы қағазбен нәжестiң қалдығы қалмағанша сүртiледi. Жуу да сол қолмен жүзеге асырылады. Дәретке отырғаннан соң сүйек, тезек, мүбәрәк лебiздер жазылған қағаздармен сүрту дұрыс еместiгiн ұқтырып қой. Дәретханаға кiргенде денесiне, киiмдерiне нәжес тигiзбесiн, шашыратпасын, тiк тұрып дәрет сындырмасын. Дәретке отырғанда алдын, не арқасын қыбылаға қаратып отырмасын. Дәретханаға кiргенде “Ауузу билләҺи минал-хубси уал хабаис” (барлық пәксiздiктен Аллаһқа сыйынамын) дұғасын айтып, сол аяқпен кiрсiн. Ол жерде сөйлесу, күлу, ұйықтау дұрыс еместiгiн де түсiндiр. Шыққанда “лхамду лилләҺилләзи азҺаба ғанил азаа уа ғафа-ани мин зәлик” (Менен зиянды нәрселердi кетiрген Аллаһқа шүкiр болсын), – деп оң аяғымен шықсын. Дәретхананың тазалығына көңiл бөлсiн.
Истибра
Ұлым! Перзентiң егер ұл болса, оған истинжамен бiрге истибраны да үйрет. Өйткенi еркек кiсi дәрет сындырғаннан кейiн де бәрiбiр зәр жолдарында бiр-екi тамшы қалады. Бiраз уақыттан кейiн шығуы, киiмге тиiп, оны ластауы мүмкiн. Сол себептi осы тамшылар шыққанша дәретханада күту керек. Мiне, осы күтудi – истибра дейдi.
Егер бұларды ұлыңа айтудан ұялсаң жазып немесе бiреу арқылы түсiндiр.
Дәрет
Перзентiм! Дәреттi үйрететiн кiтаптар өте көп. Осы кiтаптардан балаларыңа алып бер. Бiрақ қазiр мен айтатын сөздер барлық кiтаптарда кездесе бермейдi.
Дәрет алғанда қолда жүзiк болса, су толық тию үшiн шешiп қойып, саусақтардың араларын тарақтап жуу керек. Жұп мүшелер оңнан, мысалы, бет оң жақтан бастап жуылады.Беттi жуу дегенде екi құлақ пен маңдайдың шаш шыққан жерiнен иектiң астына дейiн болған аралықты жуу түсiнiледi. Әр дәретте мисуақпен ауызды тазалау Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам,жақсы көрген iсi.
Әрбiр мүшенi үш реттен жуу сүннет.
Дәрет алып жатқанда сөйлесу, суды ысырап ету және жан-жағына шашырату мәкрүҺ.
Қолды шынтақтан, аяқты тобықтан жоғары асырып жуу абзал. Мұның абзалдығы сол, адам Қиямет күнiнде тұрғанда жуылған мүшелерi нұр шашып тұрады. Демек, дәрет алғанда мүшелердi қанша асырып жуса, нұры сонша көбейедi. Мұны Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, өзi үгiттеген.
Басқа масих тартып жатқанда екi қолдың орта саусақтары бiр-бiрiне тигiзiлiп, маңдайдан желкеге қарап тартылады. Бастың барлығына масих тарту сүннет, төрттен бiрiне масих тарту парыз.
Сұқ саусақпен құлақтың iшiне, бас бармақпен құлақтың артына, алақанның сыртымен мойынға масих тартылады.
Сол қолмен алдымен оң аяқ, кейiн сол аяқ жуылады.
Саусақтардың арасын тарақтап жуу да оң жақтан басталады.
Әрдайым дәретпен жүру мұсылман үшiн маңызды. Дәретпен жүру Аллаһпен жолығуға, ғибадат етуге әрқашан дайын тұру деген сөз.
Ислами жолды үйрет
Ұлым! Адамның ислами жолда жүруi өте маңызды. Мысалы, Аллаһты тану және иман келтiру. Бұл жүрекке қатысты болған жол. Амалға тиiстi басқа да жол бар. Бұл жол хадисте төмендегiше баян етiлген:
“Әрбiр адамның денесiне байланысты мiндеттерi мыналар: Мисуақ қолдану, мұрынға су тартып тазарту, тырнақты алып жүру, қолтық асты түгi мен кiндiк асты түктерiн алу, сүндеттеу”.
Сүннет
Мiне, ұлым, осы айтылғандар ислами жол, тазалық. Ұрпағыңды осылай тәрбиеле. Бұл тазалықтар бiрiншi дәрежелi тазалық. Бұлардың соңғысы, яғни сүндеттеу сүннет.Бұл сүннеттi орындауда салтанатты рәсiмдер, ойын-күлкi және музыка ұйымдастырылмайды, iшiмдiк iшiлмейдi. Дұғалар оқылады, салауаттар айтылады. Ешбiр сүннет күнә iстермен орындалмайды.
Қиыншылыққа сабыр ет және төзiмдi бол
Ұлым! Ажалдың кiмге қашан келерi белгiсiз. Кiмнiң қанша өмiр сүретiнiн тек Аллаһ бiледi. Мұсылман кiсi әр қандай ауыртпалыққа сабыр етуi керек. Және де перзент дүниеден өтсе, бұған сабырлылықпен шыдауы керек. Өйткенi бұл шыдаудың сыйы – жәннат. Сахабалардың бiрi Жабир, ради Аллаһу анҺу, хазiрет Пайғамбарымыздан риуаят етедi:
РасулуллаҺ, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
– Кiмнiң үш перзентi өлсе, сабыр етiп сауабын Аллаһтан күтсе, жәннатқа кiредi, – дейдi.
Пайғамбардан сұрадық:
– Екi перзентi өлсе ше?
Ол кiсi:
– Екi перзент өлсе де сондай, – деп жауап бердi.
Сонда хадис тыңдап тұрғандардың бiрi, Жабирге:
– Егер бiр перзентi өлсе ше?-деп сұрасақ та, сенiмiм толық, ол кiсi: “Бiр перзентi өлсе де, сондай”,-деп айтар едi дедi.
Жабир де оның сөзiн мақұлдап:
– Әлбетте, осы жауапты айтқан болар едi,-деп ойлаймын дедi.