Умаманың қызына айтқан сегiзiншi насихаты:
“Ерiңнiң жақындарына көркем мәмiледе бол”.
Көркем мәмiле тек қана ер-әйел ортасында ғана керек емес. Керiсiнше, мәмiле етуге шамасы жеткен барлық адамдар үшiн қажет. Адам өзiнiң жақындарын жақсы көргенi сияқты, досының жақындарын да жақсы көредi, дұшпандарын жек көредi. Осы бейнеде ортадағы сүйiспеншiлiк және құрмет байланыстары мықтыланады.
Хазрет имам Ғазали бұл жөнiнде былай дейдi:
“Дос тұтынған кiсiнiң қанша жолдасы, туысқаны, жақыны болса, барлығының ақыларын өтеуi, құрмет көрсетуi керек. Бұл да достыққа сенгендiк. Досының жақындарына құрмет көрсету және ақыларын өтеуi досына iстелген құрметпен тең”.
Екi дос арасындағы құрмет соншалық екен, демек әйел ерiнiң туысқандарына бұдан да жоғарырақ құрметте болу керек. АбдуллаҺ ибн Омар, ради Аллаһу анҺу, айтады:
“Бiр әйелiм бар едi. Мен ұнататын едiм, бiрақ әкеме жақпады. Тiптi ажырасуымды қалады. Мәселенi Пайғамбарымызға бiлдiрдiм. Ол маған:
– Ей, ибн Омар! Онымен ажырас! – дедi”.
Хазрет имам Ғазали бұл қысаны нақыл етiп:
“Әйел қашан ерi немесе ерiнiң туысқанына жаман мәмiледе болса, оларды балағаттаса, күнәҺар болады”, дейдi. Адамның әйелi үшiн туысқандарын, жалпы әке-шешесiн ренжiтуi үлкен күнә.
Ата-ананың хақын ешқандай өлшеп болмайды. Ананың хақы әкенiкiден де ұлығырақ. Және ананың перзентiне деген мейiрiмi де әкенiкiнен ұлық.
Бiр кiсi Пайғамбарымыздан: “Кiмге жақсылық iстейiн?” деп сұрады және “Анаңа”деген жауапты алды. Үш рет сұрады, үш рет те дәл солай жауап берiлдi.
Тағы бiр сахаба Пайғамбарымызға, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
– О, Аллаһтың Расулi! Анам қартайып қалды. Ақыл-есi де төмендедi. Тамағын жегiземiн, суын iшкiземiн, дәрет алдырып, әлпештеп жүремiн. Бұл қызметiммен анамның ақысын орындай алдым ба? – деп сұрады. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
– Жоқ! Жүзден бiрiн де орындай алмадың. Өйткенi сәби кезiнде анаң сен үшiн қызметте болды. Өлiп қалмасын деп түн ұйқысын төрт бөлдi. Сен болсаң оған өлiмiн тiлеп қызмет етiп жатырсың. Ақысын толық орындаудың мүмкiндiгi жоқ, бiрақ жақсылық iстеуiңдi жалғастыра бер, – дедi.
Аллаһ Та`ала ата-анаға тiптi “ТүҺ” деуден қайтарған.
Хазрет Әли, “ТүҺ!” деуден басқа бiр сөз болса едi, Аллаһ оған да тыйым салар едi”, деген.
Адамның ақылына “Ана яки әке жаман жолға бастаса, бой ұсынылады ма?” деген сауал келедi. Жауап мынау: олар бұйырып жатқан iстiң халал екендiгi анық болса, сонда ғана бойұсынылады.
Ата-ана мұсылман болмаса да, азық-түлiкпен қамтамасыз ету, қызметтерін орындау, жиі-жиі зиярат етіп хал-жағдайларынан хабар алып тұру керек.
Балалар тәрбиесіне жауапкер әйелдер оларды ұзақ мерзiм өз беттерiмен қалдырмаулары керек. Сонымен бiрге, жасы үлкен балалармен дос болуларына да жол бермеулерi керек. сiресе, жанұяда балиғатқа жеткен қыз болса, көршi-қолаң немесе туысқан болған өспiрiмдердiң үйге,аулаға кiрiп-шығуларына өте мән беру керек.
Опасыз, Құдайдан қорықпайтын көршiлер мен туысқандардан ұзағырақ болу оларды зиярат етуден жақсырақ. Аллаһты танымайтын туысқаннан Аллаһты танитын бөтен абзал. Басқа дiндегi жанұялармен, олар өздерiнiң дiнiне тартуы мүмкiн, деген ықтимал болса, араласпаған дұрыс. Күнә iстерде басқа дiндегiлерге жәрдем бермеу керек. Мысалы, оларды шiркеуге ертiп баруға болмайды, бiрақ үйiне келе жатқан болса, үйiне дейiн шығарып салуға болады.
Хазрет АбдуллаҺ ибн Омар, риуаят етедi, РасулуллаҺ,: “Ең ауыр күнәлардың бiрi ата-анасына лағынет айту”, дедi. Төңiректегiлер сұрады: “О, Аллаһтың Расулi! Ата-анаға қалай лағынет айту мүмкiн?”.
РасулуллаҺ: “Бiр кiсi бiреудiң ата-анасын сөксе, о да мұның ата-анасын сөксе, екеуi де өз ата-аналарына лағынет айтқан болады”, – дедi.
Ата-ананың құрметi соншалық ұлық екен, ендi ойлап көрiңiз қайсы ер ата-анасына әйелiнiң құрметсiздiк көрсетуiне разы болады? Ерiнiң ата-анасын құрметтемейтiн әйелдiң мiнез-құлқына кiм шыдай алады?
йелдер еркелiк етiп, ерiм сабыр ете алса әулие болады, деген пiкiрге ешуақытта бармасын. Бұл жағдайда әйелдер көп нәрсе жоғалтады. Өмiр бойы тынышсыздық және ерлерiнiң жақтырмауы жағаларын жiбермейдi. Ақыретте болса, ауыр азапқа душар болады. Әйелдiң борышы ерiне бойұсыну. депсiз, мiнез-құлқы жаман бiр әйелдiң iс-әрекеттерiне сабыр ету ердiң борышы емес, бәлки қасиетi. “Не бопты, еркектер де бiраз сабыр етсiн де”, деп жанұяда тынышсыздық шығара беруге әйелдердiң ақысы жоқ.
Адам көркем мiнездiлiкпен сүйiктi болады. Негiзгi мақсат та осы. Керiсiнше, адамдарды күнә iстерге бастау, жамандықтарға себепшi болу шайтанға еру деген сөз.
Ердi ер ететiн де әйел, қара жер ететiн де әйел. Бiр кiсi көп әйелге үйленiптi, бiрақ ешбiреуiмен тату өмiр сүре алмапты. Ақыры, ендi үйленсем жайбарақат барлық кемшiлiктерiмдi айтамын, деп бел буыпты. Айтса айтқандай тағы да үйленiп, әйелiне өз айыптарын айта бастаған екен, әйелi сөзiн бөлiптi:
– Олай демеңiз, отағасы. Ешкiмнiң мiнез-құлқы сiздiкiнен жақсы емес. Олар өздерiнiң пейiлдерi жаман болғаны үшiн сiзден жамандық көрген, – дептi.
Солай етiп,өмiрлерiнiң соңына дейiн бұл ерлi-зайыптылар тәттi-тату өмiр кешiрiптi.
Жанұяда тыныштық-татулық болуы үшiн төмендегiлер керек болады:
– екi жақ та мiндеттерiн жақсы бiлулерi;
– көркем мiнездi болуға ұмтылулары;
– әдеп сақтай алулары;
– Бiрер айып iстеп қойса, дереу бiр-бiрiне терiс қарамай көңiлдерiн алулары;
– Егер ерi дөрекi болса да, әйел оны жұмсартуға әрекет ету;
– Ерi қайғырған уақытта әйел қуанышты хәлде көрiнбеуi, керiсiнше, неден қапа екенiн бiлiп дертiне ортақ болуы;
– Ер қуанышты болған кездерде әйел қапа көрiнбеуi керек және т.б.
– Умама қызына: “Қызым, ерiңдi қаншалық құрмет етсең, соншалық сүйiктi боласың. Қаншалық бойұсынсаң соншалықты жақсылыққа ие боласың. Мiне, осындай әрекеттерiңмен ерiңе қалаған iсiңдi орындата аласың”, деген едi.
Тату тұру үшiн ерлерге де керек болған кейбiр жайттар бар:
1. Ешбiр ер дiнiмiздiң тыйған және қайтарғандарына әйелiн зорламауы;
2. Өзiнiң де айыпсыз емес екендiгiн ешуақытта ұмытпауы;
3. Сыртынан өте сұлу көрiнген сұлулардың да негiзiнде өте жаман мiнездi болуы мүмкiн екендiгiн әрдайым есте сақтау;
4. йел ерге Аллаһ Та`аланың аманаты болғаны үшiн де оған әрқашан ашық жүз және тәттi тiлмен мәмiледе болуы;
5. йелдiң барлық қате-кемшiлiктерiн бетiне айта бермеу;
6. Сыртқы сұлулық өкiншi болатындықтан еркек кiсi үйленiп жатқанда әдептi, дiндар, жүрегi сұлу әйелдi таңдауы;
Сондай-ақ жанұяда рақат-тыныштықтың пайда болуы және балалардың жақсы өсуi үшiн ата-аналар жиi-жиi ұрыс шығарып оларды жөнсiз жәбiрлеп күнәҺар етiп қоймай разылыққа лайықты iстерiне жәрдем беруi керек. Бұл iс әрбiр әке мен анаға уәжiп.
Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Перзенттiң iзгiлiк iстеуiне жәрдемшi болған әкенi Аллаһ Та`ала жарылқасын”, – деген.
°лық бiр кiсi: “Бiр ұлым бар. Сөзiме құлақ салмай азапқа душар болып қалмасын деген қауiпте, мiне отыз жылдан берi “оны iсте, мұны iстеме”, деп тергемедiм”,– дептi.
Бұл кiсiдей сабырлы болу, шүбәсiз, баршаның қолынан келе бермейдi. Бiрақ ата-ана қиыншылықпен өсiрген ұл-қыздарының дүние мен Ақыретте рақат табуына хақиқи жәрдемшi болуы керек. Бұл да барлық ата-анаға уәжiп.
Бiр кiсi Пайғамбарымызға келiп:
– О, Аллаһтың Расулi! Кiмге жақсылық iстейiн? – деп сұрады. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
– Анаңа және әкеңе жақсылық iсте, – деп жауап бердi.
– Ата-анам жоқ, – дедi әлгi кiсi. Сонда РасулуллаҺ:
– Ондай болса, перзентiңе жақсылық iсте. Сенде ата-анаңның ақылары болғаны сияқты, балаңның да ақысы бар, – деп айтқан екен.
Хикая
Бiр кiсiнiң екi ұлы бар екен. Бiр күнi әке кенже ұлына су әкелудi бұйырыпты. Ұлы:
– Өзiңiз барып iшiп келiңiз!– дептi. Сөзге тұңғыш ұлы араласыпты.
– Е-е, әке кенже ұлыңыздың мейiрiмсiздiгiн бiлмейсiз бе? Тұрыңыз да, әрi өзiңiз iшiңiз, әрi бiр пиала маған да алып келiңiз, – дептi.
Аллаһ Та`аланың “ТүҺ” демеңдер деген әмiрi қайда қалды?! Перзенттер қазiргi ата-аналармен бетпе-бет жанжалдасуда. Тiптi кейбiреулер қол көтерiп те жатыр! Бұдан үлкен қылмыс бар ма?!
Мұндай жағдайлардың орын алуына тек балалар ғана айыпты емес. Ата-аналардың да үлесi бар. Кейбiр ата-аналар әдептi, ақылды етемiн деп баласын болар-болмасқа ұрсып, ұруы жаман нәтижелерге алып келуi мүмкiн. Арсыз болып өскен бала сөз тыңдамайды. Сол сияқты, ата-ананың қарғысы, балағаттауы, лағынетi де перзенттердiң жаман мiнез-құлықты болуына себеп болады.
Бiр кiсi АбдуллаҺ ибн Мубарак хазреттiң құзырына келiп, баласы бұзық болып өсiп келе жатқанын, сөз ұқпайтындығын айтып шағымданыпты. Ибн Мубарак:
– Сiз балаңызды қарғайтын ба едiңiз? – деп сұрапты.
– Ия, кей-кейде қарғап тұратын едiм.
– Онда неге айыпты баладан көрiп жатырсыз?!
Негiзiнде баланың бұзық болуына өзiңiз себепшi болыпсыз, – дептi хазрет АбдуллаҺ ибн Мубарак.
Сондай екен, ата-аналар перзенттерiн қарғаудан сақ болсын. Қатты ашуланған кездерiнде де қайырлы дұға етсiн. Өйткенi қарғыс перзенттiң жаман болуына бiр себеп болса, қайырлы дұға жақсы қасиеттерiне себепшi. Бұдан тысқары, балаларға үлкендердi құрмет, кiшiлердi iзет етуге үйрету керек. Тұрмысқа шығу қарсаңында тұрған қыздарға ерлерiне бойұсынуды, жақындарына жақсы мәмiледе болуды үйрету керек. Қыздардың алдында қайын ата, қайын енелердi жамандамаған жөн. Өйткенi әкенiң үйiнде жаман сезiмдердi жүрегiне сiңдiрген қыз бiреудiң есiгiне барғанда қайын ата, қайын енесiне шын байланыста бола алмайды. Шындық, адалдық жоқ жанұяда келiспеушiлiктiң болатыны анық. Ешбiр ақылды ер әйелiмнiң мiнезiне тура келмейдi деп ата-анасын тастап кетпейдi.
Өте керектi нәрселердiң бiрi мынау: Балалы кiсiге тұрмысқа шыққан әйел өгей перзенттерiн өзiнiң баласындай көруi, тәрбиелеуi, жуып-тарауы керек. ке перзентiне кеюi, тiптi ұруы да мүмкiн. Бiрақ басқа бiреудiң ұруына, қорлауына жол бермейдi. ттең, кейбiр әйелдер өгей перзенттерге көршiнiң баласы құрлы көңiл бөлмейдi. Ашық жүздi, тәттi тiлдi бола алмағаны сияқты, бастарына соққы түсiруден де өздерiн тыя алмайды. Баласының мұншалық жәбiрленуiне және қорлануына ешбiр әке разы болмайды. Егер үндемей жүрген болса, не үйде келiспеушiлiк күшеймесiн деп, яки өзi жоқта перзентiнiң бұрынғыдан да көбiрек қорлануынан қауiптенiп сабыр етедi.
рқандай еркек өгей балаларды өзiнiң перзентiндей жақсы көретiн әйелдi құрмет етедi, сүйедi. Керiсiнше халде, дүниедегi ең сұлу, сұлулықта теңi жоқ әйел де, перзентiн қорлайды екен, оны жек көредi.
Өгей аналар бұл айтқандарымызға ренжiмесiн. Өйткенi мұдай жағдайлар көп болған, тiптi олардың қылмыстары тiлдерде дастан болған. Ешбiр ана баласына бiреудiң жаман көзбен қарауына, кемсiтуiне шыдай алмайды. Өйткенi оның сергек жүрегi мейiрiмге тола. Бiрақ әкенiң жүрегi де осындай сезiмдерден бос емес екендiгiн өгей аналар ұмытпасын. Өгей ананың жәбiрiне әке үндемес, бәлки мән де бермес, ойына да алмас бiрақ ертең Ақыретте жетiмнiң ақысына қиянат еткенi үшiн Аллаһ Та`алаға не деп жауап бередi?!
Аллаһ Та`ала жетiм мен әлсiздерге жәбiр-жапа көрсетуiне ешқашан разы болмайды. Мұны тек өгей аналар ғана емес, бәлки өгей әкелер және жетiм-жесiр асырап жатқан әрбiр үй иелерi бiлiп қоюлары керек.
Жетiмдердiң ақыларына қатысты өте көп аят және хадистер риуаят етiлген. Төмендегi хадисте былай делiнген:
“Жетiмнiң басын сипаған адам, осы жетiмнiң шаш талшықтарындай сауапқа ие болады”.
“Аллаһ Та`аланың алдында ең жақсы үй-жетiмдi көркем мәмiлемен тәрбие етiп жатқан үй”.
Жетiмнiң алдында басқа балаларды сүйiп еркелетпеу керек.
Жетiм баланы ақы төлеместен iстету де харам. Дiнiмiзде жетiмдердiң ақыларына өте үлкен мән берiлген, күш-қуаты толмастан оларға ауыр iстердi бұйыру, жүк тасыту, тiптi өзiнiң қол-аяқтарын тазалап жуа алмайтын балаларға ыдыс-аяқ жуғызу дiнсiздiк болып табылады. Мұндай кiсiлер Ақырет азабынан қорықсын, жетiмдерге мейiрбан болсын. Осылай iстесе өздерiне пайда. Өйткенi жетiм-жесiрлердi жылатқандарды Аллаһ Та`ала да жылатып қояды. Істеген зұлымдықтарының жазасын артығымен береді.
Қысқасы сол, жетім-жесірлерге мейірбандық еткен адам мейірімділік көреді. Өгей•әкелер де жетiм перзенттерге дәл өзiнiң перзентiндей мейiрбан болулары, бәлки артығырақ көрулерi және олардың да кәсiп-өнер иеленулерiне жәрдем берулерi керек. Өгей аналар да жетiм балаларды қорламасын, мейiрiмсiз болмасын. Тiптi әке мейiрiмсiздiк iстегенiнде ортаға түссiн. Жетiмге жәбiр бермесiн, өзгелердiң жәбiрлеуiне де жол бермесiн. Жетiмдiкте өскен еркекпен тату, бақытты өмiр кешудiң, сүйiспеншiлiгiне ие болудың жолы жетiмге жақсылық iстеу.
Дәл осындай жақсылықты ерiнiң анасы мен әкесiне, ағайын-туысқандарына да iстесiн. Бұлардың барлығы және де сүйiктi болуға себепшi болады.
Умаманың қызына айтқан насихаттарында “Ерiңнiң жақындарына көркем мәмiледе бол. Бұл нәрсе сенiң жақсы үй бикесi екенiңдi бiлдiредi”, – деген едi.
Адамның мойнында көршiнiң де ақылары бар. Бұл ақы үйлерiнiң жақындығы себептi пайда болған. Тысқы жақындық бiршама ақыларды уәжiп етсе, ер сияқты, әрi бойұсынуы шарты болған және де материалдық әрi рухани жағынан ең жақын болған кiсiнiң ақылары қаншалық көп екенi өз-өзiнен белгiлi болады. Бұл тараптан да көңiлiн аулау сүйiспеншiлiгiне лайық болу керек.
Көршiлiк жөнiнде сөз еткенде тағы да кейбiр нәрселердi айтып өту керек. Қазiр көпшiлiк жеткiлiктi дәрежеде көршi ақысын орындамайтын болып кеткен. сiресе, әйел көршiлердiң бiр-бiрiне қатысты “дедi-дедiсi” көп. “Ит те көршiсiн қаппайды”, – деген сөз бәлкiм ауыр болар, ал жаман көршiлер бiр-бiрлерiне тыныштық бермейдi, зиян тигiзедi.
Хикая
Бiр кiсiнiң сиыры бар екен. Күнде таңертең сиырының сүтiнен бiр кесесiн көршi кемпiрге берiп тұрады екен. Бiр күнi түнде оның үйiнiң жанынан өтiп бара жатып, осы көршi кемпiрдiң дұғасын есiтiп қалыпты. “Көршiм намаз оқып Аллаһқа мiнәжат етiп жатыр”, – деп ойлапты iшiнен. Бiрақ құлағына қандай сөздер естiлiптi дейсiз ғой? Кемпiр:
– Аллаһым, көршiмнiң сиырын жоқ қыл, – деп дұға етiп жатыр екен.
Өз құлағына өзi сенбептi. Дегенмен есiкке жақынырақ барып тыңдағанда әлгi сөздi анық естiптi де, қайран қалыпты. “Сиырдан қандай зиян көрiп, мұндай дұға етедi? Күнде сүтiнен iшiп тұрған болса? Бәлкiм бiз бiлмеген бiрер сыры бар ма екен? деп ойлапты. Ойлаған сайын таңдануы арта берiптi. Таң атқан соң, күндегi әдетi бойынша кемпiрдiкiне және сүт алып шығыпты.
Оған:
– же! Ойлаймын, ешқашан сиырымыздан сiзге зиян тиген емес. Керiсiнше, пайдасы тиiп тұр. Не үшiн түнде сиырымды шын ықыласыңызбен қарғадыңыз? Өз құлағыммен есiттiм, – дептi.
Шындықты айтудан өзге шарасы қалмаған кемпiр:
– Рас айттың, көршi! Шынында, мен сиырдан ешқандай зиян көргенiм жоқ, бiрақ күнде таңертең сар-сар етiп сүт саууыңа еш көнiге алмай жатырмын. Сүтiн iшемiн, бiрақ сүттiң сарылдаған дауысын есiтуге шыдамым жетпейдi, – дептi.
Мұндай көршiлерден Аллаһтың өзi сақтасын.
Пайғамбарымыздың, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“й алудан бұрын көршi таңда”, – деген хадисiнде және осы хадистен алынған “үй алма, көршi ал” мақалы да бұған өте мән беруге үндейдi.
Көршiге жақсылық жасау – исламдық әдеп. Тiптi көршiнiң баласына да тәттi тiлмен мәмiле ету керек.
Бiр нәрсе сұрап келсе беру, ауырып қалса, хал-жағдайын сұрау, басына бiрер ауыртпалық түссе, көңiлiн көтеру және жұбату да көршiнiң ақыларынан. Қуанышты күндерiнде құттықтап, қуанышына ортақ болуды да ұмытпау керек. Көршi көршiнiң үйiне көз тастамайды, әйел-қыздарының үстi-бастарына көңiл бөлмейдi. Дүние және Ақыретке қатысты бiлiмдердi мүмкiндiгi болса көршiден үйренуi керек, бiрер айыбы сезiлсе, кешiруге ұмтылу абзал.
Көршiнi безер ететiн iстерден сақтану да парасатты көршiнiң iсi. Барлық адам көркем мiнездi, әдептi бола алмағаны үшiн, кейбiр көршiлердiң кемшiлiк-нұқсандарына мән берiлмейдi.
Көршiнiң ар-намысына тию, жауыздық iстеу, үлкен күнә.
Қысқасы, әрбiр әйел ерiнiң жақындарына, әрi көршiлерiне жақсы қарым-қатынаста болып, тату-тәттi өмiр кешiруге мiндеттi. Жүректiң сығылуы мен тынышсыздықтан тек ғибадатпен құтылуы мүмкiн. Ішкiлiк, темекi, әр түрлi ұтыс және құмар ойындары адамды сығылудан құтқара алмайды. Мұндай iстер тек шайтани iстерге шақырады. Шайтан өзiне ергендердi рақат-тыныштықтан бүтiндей ажыратады.
Сыр сақтау
Умаманың қызына айтқан тоғызыншы насихаты: “Ерiңнiң сырларын ешқашан бiреуге айтпа”.
Сырлары өзгелерге әшкере болған кiсiлер зиянда, азапта қалады және көп игiлiктерден мақрұм болады. Хадисте:
“Бiр кiсi сырын сақтай алса, iсiн бүкiл ақысымен орындаған болады”, – делiнген.
Адамның жүрегi сыр сақталатын сандық, ауыз ол сандықтың құлпы, тiл болса кiлтi. Егер кiлттi жақсы сақтай алмаса, яғни, тiлiн тыя алмаса және сырларды әшкере етсе, ақыл-зеректiгiнiң нәзiк қырларынан мақрұм пенде екенi белгiлi болады. Адамның шексiз бәлекеттерге душар болуының да бiр сыры осы.
Демек, әйел ерiнiң сырларын сақтауы, ешкiмге айтпауы керек екен. Егер ерiнiң сырларын сақтай алмай әшкерелесе, iстерiн жояды, мән-жайдан хабардар болған ер болса әйелiнен көңiлi қалады.
Сыр сақтай бiлу оңай емес. Сыр сақтау мал-дүниенi сақтаудан қиын. Сырдың ауырлығы әр қандай жүктен ауыр. Басқа жүктер жүрекке ауырлық етпейдi, бiрақ сыр ауырлық етедi. Бұл қаншалық машақатты болмасын, бәрiбiр сырды бiреуге айтуға бомайды. Ол басқаға айтады, сөйтiп сыр әшкере болады. Бiр ауыздан шыққан сөз, мың ауызға жайылады.
Сыр мал яки бұйымға ұқсамайды. Малдың қорғаушысы қанша көп болса, оны сақтау соншалық жеңiл болады.
Сырлардың сақшысы көбейген сайын ұрлану ықтималы күшейедi. “Ешқашан ешкiмге айтпа, жарай ма!” секiлдi ескертулер ешнәрсеге жарамайды. Адам өз пайдасы үшiн сақтай алмай жатқан сырды басқа бiреу қалай сақтайды. Хазiрет Омар, ради Аллаһу анҺу:
“Мен ешкiмге алдын сырымды айтып кейiн: “Неге сырымды әшкере еттiң!” деп зұлымдық iстемедiм”, – деген. Сырды әшкере етуде ешкiм әйелдердiң алдына түсе алмайды.
Хикая
Екi дос кафеде отырып, сұқбат құрыпты. Сөз айналып келiп, әйелдердiң сыр сақтай алмайтындығына тоқтапты. Бiрi дереу қарсылық бiлдiрiп:
– Мен әйелiме сенемiн. Сырымды ешкiмге айтпайды, – дептi.
Екiншiсi:
– Мұндай болуы мүмкiн емес, – дептi.
Тартыс қызыпты. Сонда екiншiсi дос мәселенi басқаша шешпекшi болып былай дептi:
– Жақсы, егерде пiкiрiң үзiлдi-кесiлдi екен, мұны сынап көремiз. Сен бүгiн түнде бiр жұмыртқа алып, үйiңе бар. Жатқанда төсегiңнiң астына тығып қой. Таң атқан соң әйелiңе өте байсалдылықпен түнде жұмыртқа туғаныңды бiлдiр және ешкiмге айтпауын өтiн. Сөздерiңнiң қаншалықты рас екендiгiне сонда сенемiн.
Әйелiне сенетiн дос айтылғандарды дәл орындапты. Ертеңiне түсте кафеге кiрсе жұрт оны:
– Жұмыртқа туу қандай екен, қиын емес пе? – деп мазақтап қарсы алыпты. Бiлсе, таңертең әйелi бұлаққа су алуға кетiп бара жатып, кез келген бiрiншi әйелге:
– Ей көршi! Бiр сыр айтамын, ешқашан ешкiмге бiлдiре көрмеңiз; менiң күйеуiм түнде жұмыртқа туды, жұмыртқасын өз көзiммен көрдiм, – деуден өзiн тыя алмаған екен.
Бұл хабар жарты күн iшiнде бүкiл ауылға жайылыпты. Есiтпеген ешбiр кiсi қалмапты.
Бұл хикаямен ешбiр әйел сыр сақтай алмайды, демекшi емеспiз. Сондай әйелдер бар, кейбiр еркектерге қарағанда жақсырақ сыр сақтай алады. Бiр кiсiден, сырды қалай сақтайсыз, деп сұрапты. “Айтылған сырды және айтқан адамды дереу ұмытамын”, деп жауап берiптi ол.
Демек, есiткен сөздi ешқашан есiтпеген сияқты ұмыту да сыр сақтаудың бiр жолы. °лық кiсiлердiң жүректерi есепсiз қазыналар көмiлген құнарлы жерге ұқсайды. Адамның қандай екендiгi оның сыр сақтай бiлуi яки әшкере етуiне қарап та бiлiнедi. Сыр сақтау – аманат. Аманатқа қиянат ету, мұнафықтық белгiсi.
Хикая
Хусайн Байқара сарай ақсүйектерiмен аңға шығыпты. Араларында ең жақын дос және уәзiрi Әлiшер Науаий да бар екен. Екеуi атта бiрдей кетiп бара жатқанда Әлiшер Науаий патшаның құлағына бiрдеме деп сыбырлапты. Хусайн Байқара әбден қарқылдап күлiптi. Соңынан Әлiшер Науаий:
– Хазiретiм, мұны сыр сақтаңыз, – деп сыбырлапты.
Сонда патша байсалдықпен:
– Ненi? – деп сұрапты. “Сенiңiз досым, сөзiңiздi әлдеқашан ұмытқанмын”, – демекшi болыпты.
Шындығында, осы оқиға риуаят етiле-етiле бүгiнгi күнге дейiн жеткен, бiрақ Әлiшер Науаийдың не дегенi сыр күйiнше қалған, ешкiм бiлмейдi не дегенiн.
Сыр сақтай алмайтын адамдарға “Аузында сорпа тұрмайды” дейдi. Сыр сақтаудың түрлi маңызды жақтары бар. Оны тек ақыл-есi бүтiн адамдар ғана ажырата алады.
Сыр сақтаудың ең маңызды жағы әйел кiсiге тиiстi. Яғни, әйел ерiнiң сырын жанындай сақтауы, басқаларға әшкере етпеуi, аманатқа қиянат iстемеуi керек. Басқаша жол тұту ақылды әйелдiң iсi емес.
Ерiнiң сырларын ашу себептi көп жанұяларда келiспеушiлiк болуда, көптеген жанұяларда татулық, тыныштық бұзылуда.
Ізет және құрмет
Умаманың соңғы оныншы насихаты: “Ерiңдi құрмет ет және айтқандарын шын ықыласыңмен орында”.
Әйелдер ерлерiнiң дiнiмiзге қайшы болмаған барлық бұйрықтарын тыңдауға және орындауға мiндеттi. лсiздер күштiлерге бас иiп, не десе де қарсы шықпай орындаулары шарт екенi ғылыми-қоғамдық шындық.
Ислам дiнiнде ерге бойұсынудың шекарасы анық белгiлеп қойылған. Бұл шекара өте кең. Соншалық дәрежеде, ата-анасы ауырып қалған әйел, ата-анасының көңiлiн сұрау үшiн де ерiнен рұқсат сұрау керек.
Ұлыларымыздың “…ондайларға ешқашан үйленбеңiз” деген үгiттерiнде сөз ұқпайтын, бұйырған iстердi орындамайтын әйелдер ескерiлген. Өйткенi мұндай әйелмен өмiр сүру өте қиын.
Хазiрет Лұқман ұлына айтқан өсиеттерiнiң бiрiнде: “сөз тыңдамайтын әйел ерiнiң шаш-сақалын ерте ағартады”, – деген даналық сөздi де айтқан едi.
Бiр данышпан Ка`абаны тәуап етiп жатып, қарт кiсiнi арқалаған адамға кез келiптi. Әлгi адам желкесiндегi қарияға: “Жас кезiмдегiсi аздық еткендей, ендi қартайған шағымда да басыма дерт болдың”, деп қайта-қайта айтады екен. Мұны есiткен данышпан таңдануын жасыра алмапты:
– Ей дос! Әттең… бiр жағынан жақсылық iстеп жатырсың, екiншi жағынан жақсылығыңды мiндет етумен өшiрiп жатырсың. Ол сенiң әкең емес пе? Уақытында ол да саған жақсылық iстеген, – дептi
– Ей, дос! Не деп тұрсың? Желкемдегi әкем емес, ұлым. Мiнез-құлқы жаман, әдепсiз бiр әйелге үйленiп алып, сондай бақытты өмiрiн құртты, – деп жауап берiптi.
Ойланып көрiңiз! Адамның тез қартаюына себеп болатын дәрежедегi мiнез-құлқы жаман, әдепсiз әйелмен өмiр кешiру қалай мүмкiн болсын?! йелдiң жаман мiнездi және бойұсынбайтын болуы еркектiң ренжуiне, нәтижеде ажырасуына себепшi болмайды ма?!
Ия! Себептердiң үлкенi де осы!
Әйелдердiң жәбiр-зұлымына сабыр сақтаған еркектер де бар.
Хазрет Шақиқ ибн ИбраҺимның әйелi жаман мiнездi, әдепсiз екен. Істейтiн зұлымдықтарының шегi болмаса керек. Ол кiсiден:
– Әйелiңiздiң мiнезi өте жаман, сiзге көп азап көрсетедi. Неге онымен ажыраспайсыз? – деп сұрапты.
– Оның мiнез-құлқы жаман болса менiкi жақсы. Ажырассам, ешкiм ол бейшарамен тұрмыс құрмайды, – деп жауап берген екен хазрет Шақиқ ибн ИбраҺим.
Залым әйелдер ешқашан – бұ дүниеде да, Ақыретте де өздерiн жауапкершiлiктен құтқара алмайды.
“Сiз перзенттерiңiздiң бiлiмi мен тәрбиесiн өз бiлiмiңiздiң шекарасында қалдырмаңыз. Оларға басқа бiлiмдердi де үйретiңiз, өйткенi олар сiз жасап жатқан дәуiр үшiн емес, келешек дәуiр үшiн туылған”. (Хазрет Әли)