https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Өркениеттен пайдалан, бірақ…

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1368 рет

Ей, ұлым! Ілiм күннен-күнге дамуда, адамзатқа алуан түрлi жаңа табыстар, жаңалықтар, ұсынуда.
Олардың арасында пайдалылары, өркендеуге үлес қосатындары өте көп. Тек бұзық ниеттi кiсiлер өз мақсаттары жолында бұл жаңа табыстарды қиямпұрыс жолдарға пайдалануда.
Бұл туралы сириялық Ислам ғалымы АбдуллаҺ Насих Улуаның “Исламдағы отбасы тәрбиесi” атты еңбегiнде жазғандарын саған айтуды ләзiм көрдiм. АбдуллаҺ Насих Улуан былай дейдi.
“Шүбәсiз, бiр ғажап аспаптар есептелген радио, телефон, магнитафон және осы секiлдi басқа да нәрселердiң жаратылуы қазiргi күнде адам ақылымен қолға алынған ең жоғары жетiстiк деп есептелуде. Бұларды бүгiнгi күнi материалдан iстелген үлкен табыс деуiмiз мүмкiн. Мынаны ұмытпайық, теледидардың екi жағы бар: әрi iзгiлiк үшiн, әрi жамандық жолында пайдаланылады. Ғылым, техниканың жетiстiктерi ғажайып қайырлы iлiмдi жаюға, Ислам қағидаларын жүзеге асыруға, жастарды көркем мiнездiлiкке, ұлттық және рухани байлығымызды құрметтеуге, мемлекет пен халықты дiн және дүние iстерiнде тәжiрибелi бiр жолға салу үшiн пайдаланылса, оны терiске шығаратын әр түрлi көзқарастарды тiлге тиек етудiң қажеттiлiгi болмайды.
Керiсiнше, мiнез-құлық пен әдептiлiктi бұзу, ақымақтық пен адамдық қасиеттерден жұрдай ету үшiн қолданылса, Аллаһқа және Ақырет күнiне иман келтiрген ынсапты және ақыл-есi бүтiн әрбiр адам, әлбетте мұны харам деп үкiм етедi”. Негiзiнде, бұл нәрселер Аллаһтың нығыметi деп қабыл етiлуi керек едi. Басқаларды Аллаһтың дiнiне шақыру, әмiрлерiне бойұсынуға, қайтарған нәрселерiнен тыйылуға үндеу, тозақ және Қиямет күнiнiң барлығын, дүние өмiрi сынақ маусымы екенiн, әрбiр кiсi сауал-жауап етiлетiндiгiн бiлдiрiп қою парыз. Тiптi мұсылман болуы үмiт етiлмейтiн кәпiр мен мүшриктерге де жеткiзiп қою – үммет мойнындағы парыз. Бiрақ та, кімнiң жүрегiн Исламға ашуды Аллаһтың өзi жақсы бiледi. Тура жолға салу Аллаһтан, жеткiзу пендеден. Қане ендi айтшы, бұл аманатты адамзатқа жеткiзуде радио-теледидар өте қолайлы келуi мүмкiн бе? Дүниенiң небiр бұрыштарында өзiн де, жаратушысын да танымайтын, қараңғылық батпағына батып кеткен пенделерге иман және Ислам жолын жеткiзуде зор себепшi болуы мүмкiн бе едi? Ия, өте мүмкiн едi. Сондықтан, дүние хабарларынан, жаңалықтарынан хабардар болып тұруда, мемлекет бұйрықтарын халыққа тез жеткiзуде олардың қызметi шексiз.

Сүйiктi ұлым! Төмендегi даналық сөздердi түсiнiп ал:
– Аллаһ бiр есiктi жапса, басқасын ашады. Ешқашан үмiтiңдi үзбе.
– Басыңа бiр ауыртпалық келсе, уайым-қайғыға түспе. Сабырлылықпен құтылу жолын iзде. Аллаһтың Өзiнен жәрдем сұра.
– Аллаһ деген кем болмас. Аллаһты зiкiр еткендi Аллаһ та ұмытпас.
– “Сен менi есiңе ал, Мен де сенi есiме аламын”, дейдi Аллаһ.
– Аллаһ әркiмнiң көңiлiне, ниетiне қарап бередi. Аллаһ өз iсiн жақсы бiлушi.
– Ешкiмге зұлымдық iстеме.
– Арсыздың көзiнде де жас болады. Көз жасына алданып қалма.
– Ащы сөзбен қылыш қынынан шығады, тәттi сөзбен жылан iнiнен шығады.
– Адамның кiм екендiгi саудада бiлiнедi.
– Пәк мұсылман ақша үстiнде бiлiнедi.
– Бiлгенге бiр ишара жеткiлiктi.
– Көрпеңе қарап көсiл, тапқаныңа қарап қаражат ет.
– Басыңа келген әрбiр қиыншылыққа өзiң себепшi боласың. Тiлiңдi тыйсаң, басың тыныш.
– Ұлылық Аллаһқа тән.
– Ешкiмдi төмен көрме.
– Балаңа көп сөйлесең бетi қатады, көп ұрсаң етi қатады, тергей берсең тентек болады.
– Атыңды байла, сосын тәуекел ет.
– Тiлiн сақтай алған басын сақтайды.
– Шын дос қаралы күнде бiлiнедi.
– Тағдырға иман келтiр де, болар-болмасқа қапа бола берме.
– Мал-дүниеңе қуанба.
– Өлгеннен соң атақ-даңқ, мансап, мәртебе, барлығы бiтедi.
– Ерте тұрған алданбайды. Күн шығып келе жатқандағы ұйқы адамның ризығын қырқады.
– Алдымен ойла, кейiн сөйле. Ойыңа келген сөздi дереу айтпа.
– Басында қиналған, соңында рақат табады.
– Өзiңе лайық көрмеген нәрсенi басқаға лайық көрме.
– й алма, көршi ал.
– йiнде тыныштық, рақат жоқ адам, бұ дүниеде жаҺаннамға түсiптi.
– Сұлу жүзден қырық күнде жалығуың мүмкiн, бiрақ сұлу мiнез-құлықтан қырық жылда да жалықпайсың.
– ркiмнiң малы өзiне құнды.
– Қазанның аузын жауып қой. Сырыңды әшкере етпе.
– Бетiңе қарап күлгеннiң бәрi дос бола бермейдi.
– Есебi тура болғанның әрдайым жүзi жарық.
– Ашумен тұрған зиянмен отырады.
– Адам “Кiм болды?”,- деп емес, “Кiм боламын?”,- деп қайғыруы керек.
– Аллаһ бiр ауыз, екi құлақ жаратқан. Сондықтан бiр рет сөйлесең, екi рет тыңда.
– Жақсылыққа жақсылық әр адамның iсi, жамандыққа жақсылық ер адамның iсi.
– Ешкiмнiң өкiнiшi бiреуде болмайды.
– Адамның кiм екендiгi досынан белгiлi.
– Бiреуге ор қазсаң, бойыңа лайықты етiп қаз, өйткенi ол жерге ақырында өзiң түсесiң.
– Сыпайы кiсiмен сыпайы мәмiле қыл. Ешкiмге дөрекiлiк iстеме.
– Әр нығыметтiң бiр қиыншылығы бар.
– Ниет жақсы болса нәтиже де жақсы болады.
– Дұшпаным сырымды алмасын десең, досыңа сырыңды айтпа.
– Арзан сатқан тез сатады.
– Ұлы сөздi тыңдамаған, үлкеннiң сөзiне құлақ салмаған өкiнедi.
– Ғалым адамның алдында тiлiңдi тый.
– Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа.
– Өтiрiк пен иман бiр жүректе тұрмайды.
– Өтiрiкшiнiң үйi өртенсе ешкiм сенбейдi.
– Өтiрiкшiнiң анты көп болады. Көп ант iшкенге сенбе.
– Алғанды қайтару керек, не алмау керек.
– Ақымаққа сырыңды айтсаң бәлеге қаласың.
– Дүниенi өзгерту үшiн өзiмiздi өзгертуiмiз керек.
– Туған тiлдi туған жердей қорғау керек.
– Халық өз тiлiнен айырылған кезде әрекетiнен де айырылады.
– Жаман ерден жайдағым жақсы, жаман әйелден бойдағым жақсы.
– Аллаһ Та`ала сiздердiң бейнелерiңiзге және мал-дүниелерiңiзге қарамайды, жүректерiңiзге және iстеген амалдарыңызға қарайды.
– Аллаһ Та`ала әрбiр iсте жұмсақтықты жақсы көредi.
– Аллаһ Та`ала сiздерге әйелдерге жақсылық iстеуiңiздi бұйырады, өйткенi олар аналарыңыз, қыздарыңыз және әпке-қарындастарыңыз.
Һлi кiтаптардан: Бiрер кiсi бiр әйелге үйленсе әйелдiң қолы бiр сабақ жiп көрмесе де, олар бiр-бiрiнен безбейдi.
– Бiреуге сыйлық берiп кейiн қайтарып алған адам, тойғанша жеп, сосын құсып, құсқанын қайтадан жалаған итке ұқсайды.
– Өибадаттың ең оңайы және денеге жеңiлi, тыныш жүру және көркем мiнездi болу.
– Ашуын жеңген кiсi ең күштi адам.
– Әйелдiң ердiң мойындағы хақысы – оны өзi жегенiнен жегiзу, өзi кигеннен кигiзу, бетiне ұрмау, жаман сөздермен балағаттамау, орнын басқа етпеу, бiрақ бiр бөлмеде болса мейлi.
– Ұят иманнан. Ұят тек жақсылық келтiредi.
– Зинақорлық кедейлiкке ұшыратады.
– Еркектiң киiмiн киген әйелге және әйелдiң киiмiн киген еркекке Аллаһтың лағынетi болсын.
– Бес нәрсе бар, оларды Аллаһтан басқа ешкiм бiлмейдi:
1. Ертең не болатынын Аллаһтан басқа ешкiм бiлмейдi.
2. йелдiң қарнындағы нәрестенiң кiм екенiн ешкiм бiлмейдi.
3. Қиямет қашан болатынын ешкiм бiлмейдi.
4. Қай жерде, қашан өлетiнiн ешкiм бiлмейдi.
5. Жаңбыр қашан жауатынын Аллаһтан басқа ешкiм бiлмейдi.
Ислам дiнiнде ырым iстеу және әртүрлi бал ашып жорамалдау, күмәндану сияқтылар жоқ.
Пенде кейбiр жаман сөздерден тiлiн тыймайынша анық иманға ие бола алмайды.

Иман 

Иман – Аллаһты және Аллаһтан келген хабар, бұйрық және қайтарған нәрселерiн жүрегiмен қабылдап, тiлiмен айту.
Амалдар көбейедi, бiрақ иман көбеймейдi және азаймайды. Иман күшеюi және әлсiреуi мүмкiн. Тiлiмен айтып, жүрегiмен қабылдаған пенде “ӘлҺамдулиллаҺ, мұсылманмын”, – деуi керек. Осы орында “Инша Аллаһ”, – деп айту дұрыс емес.
Иман мен Ислам бiр. рбiр нәрсе адамның қалауы және әрекетiнен болады. Нәтиже болса, Аллаһтан. Пенде қалайды, Аллаһ жаратады.

Аллаһ

Әлемдi жоқтан бар еткен Аллаһ Та`ала. Оның әуелi жоқ, мәңгi тiрi, барлық нәрсеге күш-құдiретi жетедi. Бiледi, есiтедi, көредi, ашуланады, қуанады және қалайды. Аллаһ бөлшектерден құралған дене емес, гауҺар емес, сурет және бейне емес, шекараланған емес, бiр нәрсенiң бөлiгi емес, жаратқан нәрселерiнiң ешбiрiне ұқсамайды. Аллаһтың қандай екенiне ақылымыз жетпейдi. Бiз Аллаһты сипаттары арқылы танимыз.
Құран әрiптерден кiтап секiлдi жазылған. Жүректерiмiзде сөздерiмен сақталған. Тiлмен оқылады, құлақпен есiтiледi.

Пенде жауапкер

Пенденiң қалауларын және иман, күпiр, бүлiк, ғибадатпен байланысты бүкiл iс-әрекеттерiн Аллаһ Та`ала жаратқан. Пенде қалайды, Аллаһ жаратады. рбiр iс Аллаһтың қалауы, үкiмi, тағдырымен болады. Бiрақ пенденiң амалдары өз қалауларында. Олар өздерiнiң қалауларына, орындаған амалдарына қарай сауап алады яки жазаланады.
Пенделер тарапынан орындалып жатқан жақсы және iзгi амалдарына Аллаһ разы болады. Жаман амалдары үшiн Ақыретте азап шегедi. Пенде бiр қайырлы амал iстемекшi болса, осы iс үшiн керек болған күш-қуатты Аллаһ оған разы болып бередi.
Аллаһ пендесiн шамасы жетпейтiн iске бұйырмайды. Пенде ешнәрсе жарата алмайды. Тағы қайталап айтамын, пенде қалайды, Аллаһ жаратады. Адам бар-жоғы себепшi. Себепшi болу басқа, жарату бүтiндей басқа нәрсе.
Аллаһ Та `ала өзiнiң қалауына қарай қыңыр жолды қалағандарды адастырады, тура жолға талпынғандарды тура жолға салады.
“Аллаһ пенделерiне тек тура жолды жаратуы керек едi”, – делiнбейдi. Жаратушының iсiне пенденiң араласуға хақысы жоқ.

Аллаһ кешiрмейтiн күнә

Аллаһқа серiк қосқан, яғни, Одан басқаға сиынған, “Оның серiгi бар” деп сенген пенделердi Аллаһ Та`ала кешiрмейдi. Басқа барша кiшi және үлкен күнәларды егер қаласа, кешiруi мүмкiн. Күпiр және серiк қосудан басқа күнәлардың кешiрiлуiне үмiт етсе болады.

Перiштелер

Перiштелер белгiлi мақлұқтар болып, Аллаһтың әмiрiне қарай әрекет етедi. Оларда еркектiк-әйелдiк жыныстық мүшелер жоқ. Ішпейдi, жемейдi, күнә iстер iстемейдi. Жаңылыспайды. Өйткенi оларда нәпсi жоқ.

Кiтаптар

Аллаһтың пайғамбарларға нәзiл еткен кiтаптары бар. Бұл кiтаптарда Аллаһтың әмiрi және тыйым салған iстерi сыйы және азабы жөнiнде хабарлар баян етiлген. Жаңа бiр кiтап келгенде, бұрын жiберiлген кiтаптың үкiмi бекер етiлген.
ИләҺи кiтаптарды, әсiресе, Құранды дәретсiз ұстау – күнә. Құраннан алдыңғы кiтаптарға да құрмет көрсетiледi. Бiрақ оларға амал етiлмейдi.

Пайғамбарлар 

Пайғамбарлардың жiберiлуiнде даналық бар. Аллаһ Та`ала адамдардың арасынан кейбiреулерiн таңдап алып сүйiншi хабар жеткiзушi және ескертушi етiп жiберген. Пайғамбарлар адамдарға дiн және дүние iстерi үшiн керек болған барлық iлiмдердi баян еткен. Аллаһ Та`ала пайғамбарларын мұғжизалармен қуаттап тұрған.
Алғашқы пайғамбар хазiрет Адам, соңғы пайғамбар хазiрет Мұхаммед, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам. Бiз пайғамбарлардың барлығына иман келтiремiз. Ешқайсысы жөнiнде жаман сөз айтпаймыз. “Мұса, алейҺиссәлам, яҺудилердiң пайғамбары, бiзбен ешқандай қатысы жоқ” немесе Иса, алейҺиссәлам, христиандардiкi, бiз оның пайғамбарлығын қабыл етпеймiз”, – деп айтпаймыз. рбiр пайғамбардың есiмiн тiлге алғанымызда ол кiсiлерге сәлем жолдаймыз. Өйткенi пайғамбардың дүниеге келуi ғажайып болған. Сол сияқты, хазiрет Адам, алейҺиссәлам, ата-анасыз, хазiрет Иса, алейҺиссәлам, болса әкесiз жаратылған, Исаны, алейҺиссәлам, христиандар сияқты “Аллаһтың ұлы” демеймiз, Аллаһтың құлы және елшiсi деп бiлемiз.
Бiздiң сенiмiмiзде пайғамбарлар Аллаһтың пенделерi, бiрақ бiз сияқты күнәҺар емес. Аллаһ олардың әрқандай тiлегiн қабыл еткен. Бiрақ олар Аллаһтан болмас нәрсенi сұрай бермеген.

Пайғамбарлардың саны 

Пайғамбарлардың саны қанша екендiгi жөнiнде тартысу пайдасыз. Өйткенi, Аллаһ Та`ала айтады: “Айт, сенен iлгерi де пайғамбарлар жiбердiк. Олардың iзiнен саған қыссаларын бiлдiргенiмiз де бар, саған бiлдiрмегенiмiз де бар”.
Пайғамбарымыздан, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, пайғамбарлардың саны жөнiнде екi хадис жеткен. Бiр хадисте 124 мың, екiншi хадисте 224 мың пайғамбар келген делiнген. Риуаят екеу болғандығы үшiн тек бiреуiн қабылдау дұрыс емес. Пайғамбарлардың барлығы Аллаһтың қағидаларын адамдарға жеткiзген. Пайғамбарлар шыншыл, аманатқа қиянат етпейдi және дағуатшылар. Пайғамбарлардың патшасы және соңғысы хазiрет Мұхаммед, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам. Пайғамбарымыздың шапағаты хақ.

Перiштелер және адамдар

Аллаһтың Елшiсi пенделерден, Елшi перiштелерден абзал. Бiрақ, Елшi перiштелер пайғамбарлардан басқа барша адамдардан абзал. Жалпы мүминдер, жалпы перiштелерден абзал. Өйткенi олар шайтан және нәпсiмен күресiп мүминдiк мәртебесiне жетедi. Перiштелер иеленiп тұрған мақамдарына машақатсыз жеткен. Аллаһ оларды бойұсынушы халдерiнде жаратқан.
Пайғамбарымыздан кейiнгi
ең абзал адамдар

Пайғамбарымыздан кейiнгi ең қасиеттi адамдардың ретi мынадай: Әбу Бәкiр Сыддық, Омар Фарух, Осман Зиннурайн, ли Муртаза, оларға Аллаһ разы болсын. Бұл кiсiлердiң халифалықтары да осы тәртiпте болған.
Сахабалар тек жақсы сөздермен еске алынады. Оларды балағаттау мүмкiн емес..

Қиямет белгiлерi

Пайғамбарымыз хазiрет Мұхаммед, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, Қияметтiң бiрнеше белгiлерiн айтып өткен. Олар – Дажжалдың, Яжуж-мажуждердiң шығуы, хазiрет Исаның түсуi, күннiң батыстан шығуы секiлдi оқиғалар. Бұлардың болатындығы рас. Бiрақ бұл оқиғалардың қашан және қалай болатындығы бiзге белгiсiз.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз