https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Дүние мүлікті сақтау

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1673 рет

Умама жетiншi айтқан насихатында қызына: “Үйiңдегi дүние-мүлiк және жиҺаздарды сақта”, – деп ұқтырған едi.
Дүниеде бала-шағасын өзгелерге мұқтаж болуынан сақтап өмiр кешу үшiн, әлбетте, еңбек ету керек.
Адамның бұл жағынан мал-дүниеге мұқтаждығы бар. Мәйiттi орайтын кебiн үшiн де ақша керек. Байлыққа көп ақша табудың өзiмен жетiп болмайды. немшiл болу және ысырап етпеу байлықтың негiзi. Бұған, әсiресе, әйелдер – жанұя iшкi iстерiнiң басшысы ретiнде көңiл бөлулерi керек.
Егер ысырап ететiн, қажетiнен артықша сарп ететiн, ерiн мың бiр түрлi қаражат табуға үндейтiн әйел болса, мұндай жанұяда төрт-бес теңге арттыру, әлбетте қиын iс. Бiрақ үнемшiл боламын деп бiржола сараң адамға айналып қалу да тура емес. Өйткенi мұндай әйелдер тiптi балаларына сараңдық iстейдi. Не жақсырақ iшiп жеуге, жақсырақ киiнуге көңiл бөлмейдi. Кейде мiнезi жаман әйелдер де кездесiп тұрады. Олар төңiректегi бөтен еркектерге сыпайы болса да, әрдайым күлiмсiреп жүрсе де, әдепсiз. Олар қымбат өмiрiн және ерiнiң мал-дүниесiн тек өмiрдi босқа өткiзуге жұмсайды. Олар насихатты да тыңдамайды. Қызу әңгiмелер, той-думан және құмар ойындарына берiлiп жанұяларын ұмытады. Нәтижеде сәби үшiн күнiне бiр-екi сағат уақытын әрең ажырататын аналар пайда болуда. Әттең, олардың саны күннен-күнге көбейiп бара жатыр. “Дүние бiр қалыпты тұра бермейдi”, деген сөздi ұмытпау керек.
Жан мен малдың дұшпаны болған әдепсiз әйелдерге сенiп, есепсiз ақша жұмсап, бұның нәтижесi бiреуге қызмет iстеуге апарып соғады.
Қаншама жанұя осы тәрiзде бұзылып кеттi. йiнде әйелдiк мiндетiн атқара алмаған ханымдар бiреулердiң есiгiнде қызмет iстеуге мәжбүр болуда.
Көркем әдептiлерге жақындау көркем мiнездi болуға, әдепсiздерге қосылу болса, Аллаһ сақтасын, жаман мiнездi болып қалуға себеп. Нәпсi мен шайтанның жетегiндегi кiсi қысқа уақытта дәл Ібiлiске айналады.
Жанұя ханымдарына насихатымыз, ешқашан мiнез-құлқы жаман әйелдермен араласпасын, тiптi олардың есiктен iшке қарауларына жол бермесiн. “Жаман дос жетi басты жыланнан жаман” деген сөз нендей тура айтылған. Жыланмен дос болуға болады ма?! Жылан уын шашпай тұра ма?! Сондықтан, мiнез-құлқы жаман әйелдердiң бiр-бiрiне улы найзаларын шаншып тұрулары бiр шындық.
Жел сасық иiс шығып жатқан жақтан ескенде, ол сасық иiстi де алып келедi және қай жерге барса, осы сасық иiс те барады, жайылады. Негiзiнде сасып жатқан жел емес, ол ұшырып әкелген сасық иiс.
“ Көркем мiнездi әйелдiң жаман әйелдермен сөйлесуi немесе олармен дос болуы зиян етпейдi”, деп ойлау мүлдем дұрыс емес. Кiсiнiң жақсы яки жаман екенiн бiлу үшiн оның досына қараудың өзi-ақ жеткiлiктi емес пе?
“ Қазанға жақын жүрме, күйесi жұғады”, деген мақал бекерге айтылмаған.
Бүгiнгi күнде әйел-қыздардың махрамсыз (үйленуге болмайтын жақыны), жалғыз сапарға шығуы дұрыс емес.
Өйткенi автобуста, кемеде және де басқалай көлiктермен сапарға шықса, өзiн қорғай алмайды. Зина (ойнастық) көздермен басталып, қол және аяқтар қосылуымен күшейедi. Тiл және құлақтың зинасы жаман сөздер сөйлеу немесе ұятсыз әңгiмелердi есiтумен болады. Осындай ұятсыз тақырыпқа ашкөз болған көршi яки әр қандай таныстармен дереу байланысты үзу керек. Өйткенi, ойламаған жамандықтар аяқ астынан шығып қалуы мүмкiн.

Хикая

Бiр адамның үш ұлы бар екен. Уақыты-сәтiмен ұлдарын үйлендiрiптi. Үшеуiне де жеке-жеке үй құрып берiптi. Бiр мейрам күнi перзенттерi әкелерiн зиярат етiп келiптi. Хал-жағдай сұрасқаннан соң, өзара сұқбат бастапты. Сұқбат арасында әке әуелi тұңғыш ұлынан сұрапты:
– Әйелiң қандай, оған разысың ба?
– Өте жақсы, әйелiме разымын, тек азғана жалқаулығы бар,– деп жауап берiптi тұңғыш ұл.
– Әкесi болса, әйелiңдi пәлен кiсiлердiң үйiне алып бар. Ол үйдiң әйелдерi ұқыпты, әдептi, сыпайы, өте еңбекқор. Сенiң әйелiң де олардан үйренедi, – дептi.
Кейiн ортаншы ұлынан:
– Сен ше, сенiң әйелiңнiң үстiнен айтарың бар ма? – деп сұрапты.
– Әйелiм өте жақсы, бiрақ сақтануды бiлмейдi, бөтен кiсiлерден өзiн аулақ ұстамайды, – дептi.
Әке бұған да:
– Сен де әйелiңдi пәленшелердiкiне жиi-жиi апарып тұр. Олар өте намысты, қарапайым кiсiлер. Әйелiң олардан бөтен кiсiлерден қалай сақтану керектiгiн үйренедi, – дептi.
Бұл сұқбаттан әсерленiп отырған кенже ұл, әкесiнiң сұрағын күтпестен былай дептi:
– Әкешiм! Менiң әйелiм өте әдепсiз, оның үстiне сөз ұқпайды. Не iстеудi бiлмей қайранмын. Оған қандай мәмiледе болсам екен?
– Балам, одан ажырасудан басқа шара жоқ, – дептi әке.

Өзара қарым-қатынаста болғанда мұсылман жанұялардың еркек-әйел, араласып отыруы дұрыс емес. Әйелдер мен еркектердiң бөлек-бөлек отыруы дiнiмiздегi мiндеттi үкiмдерден.

Қорытынды 

Әдептiлiгi, пейiлi, өзiн ұстауы баршаға жағатын, үйiнiң тазалығын жақсы атқаратын тәрбиелi және намысты әйелдермен жақын жүрiп, сұқбаттарында болудың пайдасы өте көп. Бұл адамдағы жаман қылықтардың түгелдей жоғалуына себепшi болады.йелдер өздерiне, мiне, осындай достар таңдаулары, жамандардан ұзақ жүрулерi керек.
лкен үйлерге алынатын қызметшiлердiң де нәсiлi, ата-тегi, мiнез-құлқы сияқты жақтарына мән берiлуi керек.

Хикая

Бұрынғы кезде Ыстамбұлдың абыройлы жанұяларының бiрiнде бiр қызметшi қыз бар екен. Тегi кiм екендiгi, қайдан келгенi беймәлiм болып, бұл жағын сұрастырмаған екен. Үй ханымы қыздың iсiне көп араласпайтын, сол себептi ол қыз өз бiлгенiнше қызмет етедi екен. Бiр күнi қызметшi қыз былай дептi:
– Ханым, бiр науқас әпкем бар. Рұқсат берсеңiз, оған асханадан бiр қарбыз апарып берсем деп едiм, – дейдi.
Үй бикесi ешнәрсе ойламай рұқсат берiптi. Қыз қарбызды алып үйден шығыпты. Ханым терезеден сыртқа қарап тұрған екен. Қыз шығып бара жатып аулада бiр нәрсеге сүйрiнiп құлап түсiптi де қарбыз жарылып, iшiнен алтын теңгелер шашылыпты. Сол кезде ханым үйiн ұрының қолына тапсырып қойғанын түсiнiптi. Шындығында, қызметшi қыз үйдегi бар байлықты алып қашып бара жатқан екен.
Үй иелерiнiң ешнәрсеге мән бермей, танымаған кiсiлерге үй iстерiн сенiп тапсырып қоюлары әр түрлi қиыншылықтарға жолықтыруы мүмкiн.
Бiреудiң мал-дүниесiн бiреу қадiрлемейдi. Мал-дүниенiң қадiрiн маңдай терiн төгiп, жиған адам бiледi.

Хикая

Бiр кiсi қиыншылықпен таудан отын терiп келедi екен, әйелi отындарды көздi ашып жұмғанша көршiлерге таратып жiбере бередi. Ол кiсi әйелiнiң бұл қылығына шыдай алмапты. Бiр жолы отын әкелу үшiн тауға әйелiн де алып барыпты. Екеуi амалдап екi бау отын жинапты. Арқалап ауылға келiптi. йел қиыншылықтан қара терге түсiптi. бден шаршапты. Отын терiп әкелу қаншалық қиын екенiн сонда ғана түсiнiптi. Ертеңгi күнi көршiлерi отын сұрап келгенде әйел:
– Ей, көршiлер, өзiм терiп келген отыннан бiреуiн де бермеймiн, күйеуiмдiкiне болса қол тигiзбеймiн, барыңдар, отын керек болса, өздерiң терiп келiңдер, – дептi.

Хикая

Қожа МарҺум бiр күнi баюды арман етiптi. Арманын әйелiне айтыпты. Екеуi отырып, қалай байлық арттыруды ойлай бастапты. Қожа керексiз деп есегiн сатуға бел байлапты. Ертеңiне есегiн базарға алып барып, сатуға қойыпты. Сатып алушылар есектi бағалай бастапты. Бiрақ Қожа олардың бағаларына көнбептi. Сатып алушылар болса, оның айтқан бағасына разы болмапты. Сонда есек өзiне қалыпты. Бiрақ үйiне қуанып қайтыпты. Әйелi Қожадан:
– Отағасы! Неге есектi сатпай қайтып алып келгенсiз? Сата алмадыңыз ба? – деп сұрапты.
– Сататын едiм. Байқасам, өте арзан кететiн сияқты, бағасын көтере бастадым. Ақырында есек өзiме қалды. Осындай қымбат бағалы есекке еге екендiгiме қуандым. Қалай байларға ұқсап iс iстеппiн ба?
– Аман болыңыз Қожам, өте жақсы iс iстепсiз, ендi менiң iстеген iсiмдi есiтiңiз. Сондай бiр iс iстедiм, негiзiн сұрамаңыз. Көшеге қатық сатып алмақшы болып, бiр ыдыс алып шықтым. Ыдыстағы қатықты тартып жатқанда қолымдағы бiлезiгiмдi шештiм де, бiлдiрместен таразының екiншi жағына қойдым. Қатық сатушы мұны сезбей, көбрек салып бердi. Бiлезiгiм қатық саушыда кеткен болса да, қатықты артығымен алып қалдым,– дейдi әйел. Қожа МарҺум күлдi:
– Өте жақсы ханым. Қане, көрейiкшi, сен үйде, мен көшеде жүрiп, осы үйдi онша-мұнша жерлерiн жөндеп алсақ керек, – дедi.

Нәтиже:

“°Ұяны шеттен келген құс көредi”, деген нақыл айтқандарымыздың барлығын қорытындылаушы өте ғажайып бiр сөз және шындық. Әйелдердiң iскер болуы, өздерiне берiлген бұйымдарды орнында және уақытында iстетуi, ысыраптан сақтанулары жанұяға береке және тыныштық әкеледi.
Аналар қыздарына, тез арада үй iстерi мойнына жүктелетiн ертеңгi күн үшiн үнемшiлдiктi, ысыраптан сақтануды үйретумен бiрге көркем мiнездi болуларына да көңiл бөлулерi керек. Жан-жақты бiлiмдi болған әйел иелiк еткен үй жәннат секiлдi. Надан, пайдакүнем, пайда мен зиянды бiлмейтiн пейiлi жаман әйелдердiң үйi болса, жаҺаннамға ұқсайды.
Бұрынғы кезде Ажам патшалары бiр адамды жазаламақшы болса, оны надан және дөрекi кiсiмен бiрге қамайды екен.
Жлинустан сұрапты:
– Адамға өлiм қашан пайда бередi?
– Надан болып, өзiне не пайдалы, не зиян екенiн ажырата алмай қалған уақытында, – деп жауап берiптi философ.
Пайғамбарымыздың сүйiктi әйелi хазрет Айша анамыз iлiм саласында дәуiрiнiң ұлық адамдарынан саналатын едi. Аллаһ ол кiсiлерге разы болсын.
Үлкен мужтаҺид алым Ахмад ибн Ханбал үйленуге ниет еткенде ол кiсiге:
– Пәленшенiң екi қызы бар, қайсысын қаласаңыз, соны алып беремiз, бiрақ бiреуiнiң көзi қыли,– дептi. Сонда имам:
– Қайсысы иманды – деп сұрапты.
– Қылиы өте иманды, – деп жауап берiптi.
Ұлық имам иманды қызға үйленуге шешiм берген екен.

Хикая

Өте ұқыпты, әрекетшiл бiр жiгiт үйленбекшi болыпты, бiрақ өзi қалағандай ешбiр қыз кездестiре алмапты.Ешбiр қыз оның сынағынан өте алмапты. Нәтижеде қыздардың бiрi оның мақсатын түсiнiптi. Жасырын халде мiнез-құлқын, пейiлiн, бүкiл жаратылысын үйренiптi. Кейiн сынақтан өтiп, тұрмыс құрыпты.
Тұрмыстың бiрiншi күнi жiгiт жiппен байланған қағаз қалтада кофе алып келiптi. Әйелi қағаз қалтаны абайлап ашыпты, босатқанда түбiнде қалған кофелердi де қағып түсiрiптi. Қағазды әдемiлеп бүктеп сандыққа салып қойыпты. Жiбiн де тастап жiбермептi. Әйелiнiң iс-әрекеттерiн байқап тұрған күйеуi шыдай алмай:
– Ханым! Осы бiр қарыс жiп пен қағаз қалтаны сақтап қоюдың не қажетi бар? – деп сұрапты одан.
– Отағасы! Жанұяда әр түрлi жағдай болады, осы жiп бiрер қажетiмiзге жарап қалар, қағаз да керек болып қалуы мүмкiн. Керек тастың ауырлығы жоқ қой, – деп жауап берiптi әйелi.
“Іздегенiм дәл осы”, дегендей ой түйiптi жiгiт. Осылай, ер-әйел бақытты өмiр кешiптi.
Хикаядағы әйелдiң үнемшiлдiгiнен сараңдық түсiнiлмесiн. Егер тереңiрек ойлансақ, хикаяда қарапайым нәрселерге көңiл бөлу керектiгi ұқтырылады. Және де әйелдiң үнемшiлдiгi, ұқыптылығы және парасаты осындай түкке тұрғысыз жағдайларда бiлiнедi.
Ал сараңдықтың мысалы төмендегi хикаядан көрiнедi.

Хикая

Өте сараң бiр адам бар екен. Тiптi өзiнiң жеп-iшуiне де сараңдық iстейдi екен. Әрдайым кейде аш, кейде тоқ халде жүредi екен. Бiр күнi оны қонаққа шақырыпты. Дастарқанға ол өмiрiнде көрмеген жемiс-жидектер қойылған екен. Тегiн тамақ тесiп шықпас, деп әбден қарнын тойдырыпты. Бiрақ асқазаны мұндай күштi және көп тамаққа үйренбегендiктен қорыта алмапты. Сараңның жағдайы ауырлап, дәрiгер шақырыпты. Дәрiгер:
– Асқазаныңды тез босатпасақ, өлесiң дептi.
– Жоқ! Өлсем өлейiн,бiрақ жеген тамағым қарнымда тұрсын. Мен мұншалық дәмдi тағамды тастай алмаймын, – дептi сараң.
Бiрақ дәрiгер бәрiбiр оның өмiрiн сақтап қалған екен. Тағы бiрде сараң дертке шалдыққанда, дәрiгер көбекпен емдептi. Көбектен жазылған сараң, ендi жанұясын да көбек жеуге мәжбүрлей бастапты.
– Қараңдар, әрi арзан, әрi шипа. Маған ұқсап сiздер де нанның орнына көбек жесеңдер, дертке шалдықпайсыңдар, – дейдi екен ол.

Қорытынды

Ұқыпты және үй жұмыстарын жақсы бiлетiн әйел iздеген еркек ешқашан надан, тiптi Ыхлас сүресiн де бiлмейтiн, өсекпен уақытын өткiзетiн, азғана сөгiлген жердi де тiге алмайтын, палауды шәуледен ажырата алмайтын, екi түрлi тамақты пiсiрудi бiлмейтiн, қысқасы, қолынан ешбiр iс келмейтiн әйелмен тұрмыс құруды қаламайды. Мұндай қыздар, байлығы үшiн әйелдiкке алынуы мүмкiн.
Адам мал-дүниенi әрдайым бiр пайда жолында жұмсауды қалайды. Пайда келтiрмесе, жоғалғандай сезiнедi. Кейбiр кiсiлер үй тiрлiгiн өте ұсталықпен басқарады.
немшiлдiк олардың табиғатына қош келедi. Сондықтан, үнемшiл болу, ысырыпкершiлiктен сақтану әрбiр әйелдiң мiндетi. Өйткенi жұмыс iстеп ақша табу ердiң, үнем ету әйелдiң мойнындағы мiндет.

Жақсы үй бикесi болу үшiн әйел кiсi төмендегiлерге назар салу керек:
1. Жемiс-жидектердiң, азық-түлiктiң айнып, шiруiне жол бермеу.
2. Тамақтарды ашып кетуден сақтау:
3. Қатқан нандарды да қолдануды қамтамасыз етуi, ешқашан қоқсыққа тастамау керек.
4. Киiнуде моданың артынан қумау т.б.
Умама да қызына осыларды насихат еткен едi.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз