https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Ерге бойұсыну

11 May 2015 0 comment Оқылды: 2598 рет

Умаманың екiншi насихаты мынадай едi: “Құлақ сал және бойұсын”. Әйел кiсi дiни сенiмiне қайшы болмаған барша iстерде ерiне бойұсынуы керек. Өйткенi ерiнiң әйелi үстiнде өте көп ақылары бар. Сүйiктi Пайғамбарымыз,(салла Аллаһу алейҺи уә сәллам
“Ерiн разы ете алған әйел дүниеден өткен соң, жәннатқа кiредi”, – деген. Бұл хадиспен Пайғамбарымыз, ерлерiне бойұсынушы әйелдерге мәңгi сый сүйiншi хабарын берген. Тағы бiр хадисте:
“Егер бiр әйел бес уақыт намазын оқып, рамазан оразасын тұтып, ар-намысын сақтаса және ерiне бойұсынса, жәннатқа кiредi,” – деген. Сондай-ақ Елшi:
“Бiр кiсiнiң басқа кiсiге сәжде етуi мүмкiн болғанда едi, (ерлердiң әйелдерi үстiндегi ақылары себептi) әйелдердiң ерлерiне сәжде етулерiн бұйырар едiм”, – деген.
Осыдан ерлердiң ақысы қаншалық үлкен екенiн өзiңiз байқаған боларсыз. Ислам әйелдiң ерiне бойұсынуына соншалық мән берген, егер әйел нәпiл ораза тұтпақшы болса, ерiнен рұқсат алуы керек. Тек көршi үйлерге, базарға бару үшiн ғана емес, тiптi мешiтке бару үшiн де ерiнен рұқсат сұрауы керек. Бiр хадисте бұл жөнiнде былай делiнген:
“Ерiнен рұқсат алмастан көшеге шыққан әйелге үйге қайтқанша перiштелер лағынет айтып тұрады”. делiнген. Бiрде әйелдер жиылып, араларынан уәкiл сайлап бiр нәрсе туралы сұрау үшiн оны Пайғамбарымыздың құзырына жiберiптi. Ол әйел Пайғамбарымыздың құзырына келiп: “О, Аллаһтың Расулi! Мен әйелдерден уәкiл болып келдiм. Бiз бiлемiз, жиҺадты Аллаһ Та`ала еркектерге парыз еткен, жеңiс келсе сауапқа да, олжаға да ие болады. Өлтiрiлсе, қайта тiрiлген соң, мәңгi дүниеде (жәннатта) Аллаһ Та`ала құзырында ризықтандырылады. Бiз әйелдер болсақ, еркектердiң кейбiр iстерiне жәрдем беремiз. Бiзге де сауап бар ма?:”,– дейдi.
Сонда сүйiктi Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам.
“Кездестiрген әрбiр әйелiңе осы туралы айт: Егер бойұсыну және оның ақысын бiлiп орындау бұған (яғни, Аллаһ жолында жиҺадқа шыққандардың амалына және сауабына) тең келедi. Тек, мұны сiздерден өте аз бөлiгiңiз орындайсыздар!..” – дедi.
(Табарани риуаят еткен)

Қорытынды

Аллаһ Та`аланың әмiрiне негiзделген барлық iсте ерге бойұсыну шарт. Аллаһтың разылығына жету үшiн ерiмен бақытты өмiр кешiрудi қалаған әйел ерiнiң сөздерiн ықыласпен тыңдауды және бұйрықтарын өз уақытында орындауы керек.
Әйгiлi араб әдебиетшiсi Асмуи бiр күнi жолда кетiп бара жатып ерлi-зайыпты кiсiлерге бетпе-бет келiптi. Әйел өте әдемi, ер болса көрiксiз екен. Асмуи әйелге қарап:
– Ей, ханым! Осы сұлулығыңмен неге мұндай көрiксiз кiсiге тұрмысқа шықтың, онымен қалай өмiр сүресiң? – дептi. Сонда әйел:
– Ойланып сөйле, ей, ақымақ адам! Неге ұялмастан бұлай дейдi?! Кiм бiледi, бәлки ерiм Аллаһ Та`аланың разылығын тапқан кiсi шығар. Сөйтiп, Аллаһ Та`ала оған сый етiп мендей сұлу ханымды нәсiп еткен болар. Бәлки менiң қайсы бiр күнәм үшiн Аллаһ Та`ала осы пендесiне менi лайық көрген шығар. Бiз тағдырымызға не жазылғанын бiлмеймiз және оған араласа алмаймыз, – деп жауап берiптi.
ИлаҺи ақиқатты түсiнген мұндай әйел қандай бақытты. Басқа бiр тайпа әйелдер мен сұлумын яки баймын деп ерiне бойұсынбайды. Ерi болса, жанұясының бұзылып кетпеуi үшiн сабыр етедi. Мұндай әйелдер Аллаһтың алдында қылмыстары үшiн жауап бередi.
Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Бойұсынуда еркектердiң әйелдер үстiндегi хақы менiң сiздiң үстiңiздегi хақым сияқты”, деген.
Адам өз мiндетiн түсiнсе көркейедi. Керiсiнше, бiлмесе, көрiксiзденедi. Еркек те әйел де мойнындағы мiндетiн жақсы бiлуi және оны iске асыруы керек. Егер еркек өз мiндетiн орындамаса, әйел әдейi терiс iс iстеуi жақсы iс емес. Бәлки көркем мәмiле шын қасиет саналады.
Хадис шарифте:
“Әйел кiсi ерiнiң жәбiр-жапасына сабырмен шыдаса, Аллаһ Та`ала оған хазрет сияға нәсiп еткен сауапты бередi”, – делiнген. Мұндай қасиет иесi болу үшiн, әрдайым жақсылыққа ұмтылу керек. Ердiң жамандыққа үндеушi сөздерiне мүлдем мән бермеу керек.

Тазалық

Насихаттардың үшiншi және төртiншi бөлiмiнде мыналар ескертiлген едi: “Өмiр жолдасыңның көзi түсуi мүмкiн болған барлық жайға зер сал, iсiңдi ұқыпты таза iсте, оның көзi ешқашан жайсыз нәрсеге түспесiн. Жаман иiс шығуы мүмкiн жерлер мен нәрселерге көңiл бөл. Оларды тауып, тазала. йiңнен әрдайым хош иiс аңқып тұрсын”.
йел әрдайым үйiн және өзiнiң киiмдерiн таза ұстауы, ерiнiң көңiлiн тынышсыз ететiн түрлi жағдайлардан сақтауы керек. Барлық адам тазалықты сұлулық деп бiледi. Тiптi төмен адамдар да таза жайларға қарап рақаттанады. Ең лас кiсi де басқа бiр салақ адамның қолынан тамақ жеудi қаламайды. Сол үшiн әйелдер әуелi тазалыққа көңiл бөлулерi керек. Пайғамбарымыз:
“йелдерiңiздiң жақсысы – жуынып, пәк жүрудi әдет еткенi және хош иiстi сулар сеуiп жүргенi”, – деген.
Бұл хадистен әйелдер ерлерiнiң сүйiспеншiлiгiне лайықты болулары үшiн пәк болып жүрулерi, хош иiстi әтiрлер себулерi, сонымен шариат аясында безенулерi керектiгi көрiнедi.
йелдердiң күйеулерi алдында киiнiп, безенулерi тақуалық жағынан дұрыс. йелдерге күйеулерiнiң махаббатына ие болулары үшiн жалғыз шырайдың өзi аз болады. демi киiмдер киiп безену, хош иiстi сулар себiну, дәрменсiздiк, әдепсiздiк және салақтықтан аулақ болу да керек. Бұл сөздердi жүйелесек төмендегiдей болып шығар едi:
1. Күйеулерiнiң сөздерiн тыңдауы;
2. Ол ұнатпайтын терiс әрекет iстемеулерi;
3. Күйеуi қуанышта болған уақытта сүйiнуi, қайғылы кезiнде қайғысына ортақ болуы;
4. Күйеуi үйге келетiн уақытта киiнiп боянуы; оның алдына әдемi боп шығуы керек.
“Тухфатул-арус” деген кiтапта бұл туралы мынадай пiкiрлер бар:
“Әйелдер күйеуiне салақ халде көрiнбеулерi, жүздерiн пәк және сұлу етiп көрсетулерi керек. Тiстерiн тазалап, күйеуiне жағатын әдемi киiмдер киiп, хош иiстi сулар сеуiп жүруi керек”.

Қорытынды

Демек әйелдер ерлерiнiң алдында әдемi киiнiп, безенiп жүрулерi керек екен. Бiрақ кейбiр безенулерге дiнiмiз рұқсат бермейдi:
1. Қосымша шаш тағу және парик кию дұрыс емес. Оны тағушы және киюшiлерге Аллаһтың лағынетi болсын, делiнген. Өйткенi қосымша шаш және париктер өлген әйелдердiң шашынан немесе жасанды түктерден дайындалады. Бұдан артық лас iс болмаса керек.
2. Модаға ерiп қымбат және болмағыр мәнсiз маталар үшiн ақша жұмсап, ысырапкершiлiк етпеу керек.
3. Боянып (безенiп-жасанып) көшеге шығу дұрыс емес. Қазiргi уақытта қолданылып жатқан косметикалық бояулар бет терiсiне әжiм түсуге себеп болуда. Бұдан тысқары олардың адам денсаулығына зияны да бар. Денсаулыққа зиянды нәрселердi пайдалануға шариат тыйым салады. Беттерiне косметикалық бояулар жаққан еуропалық әйелдер табиғи сұлулықтан мақрұм екендiгi, өзiнiң сұлулығын сол қалпында сақтаған мұсылман әйелдерiнiң беттерi қартайған шақтарында да нұрлы және жағымды екендiгi баршаға аян шындық.
4. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Әйелдердiң киiмiн киген еркектер мен еркектердiң киiмiн киген әйелдер Аллаһтың рахметiнен ұзақ болсын”, – деп дұға еткен.
Бұл бейнедегi киiнулер қоғамға зиян келтiредi. Әйел де, еркек те қоғамдағы илаҺи мiндеттерiн ұмытпағаны жөн. Сондықтан үшiн еркек әйелге, әйел еркекке ұқсап киiнбеуi керек.
5. Әйелдер тек өз күйеулерi үшiн әдемiленуi және безенуi керек. Өзгелерге зейнеттерiн көрсетпеуi ләзiм.

Тыңдаңыздар!

Көпшiлiк әйелдер моншаға, той немесе саяхатқа ең әдемi киiмдерiн киiп барады. Керiсiнше үйлерiнде өздерiне қарауды ұмытып, қалай болса солай киiнедi. Үйге қайтып келгенде әдемi киiмдерiн шешiп қояды, тозып, мыж-мыж болып, кiр болып қалады деп қорқады. Бұл әйелдер мынаны ұмытпасын, ерлерi күнде жүздеген, мыңдаған безенген әйелдердi көрiп қайтады. Көзi, көңiлi, денесi шаршаған. йелдiң жымиюы және ең маңыздысы сұлу киiмдермен безенген денесi оған бiраз рақат беруi мүмкiн.
Хазрет Омар:
“Мен әйелiмдi үш нәрсесi себептi өте жақсы көремiн. Ол кiрлерiмдi жуады, балаларымды тәрбиелейдi және күнә мен менiң арамда перде. Мен оның саясында күнә iстемеймiн”, – деген.
Әйелдер күйеулерiн күнәдан сақтануларына үйдегi киiмдерiмен бөгет (перде) бола алады.
Әйел өз ерiне жаққан, ұнаған әшекейдi iстеуi керек. Безену және мода үшiн ерi жақтырмаған және қымбат бағалы киiмдердi кисе ешқашан пайда таппайды, өзiнiң де, ерiнiң де көңiлiн қарайтады. Және де әйел көшеге шыққанда өте сақ болуы керек. Ашық-шашық, жарым жартылай киiнген әйелдi тақуа мұсылман кiсi жақтырмайды. Оларды тек қана Аллаһтан қорықпайтын кейбiр еркектер ермек етедi. Тiптi осы еркектер де мұндай әйелге үйленудi намыс көредi. Бақытты, тыныш-тату өмiрдi қалаған әйел есiнiң барында етегiн жиып алсын. Ар-ұятты, намысты ерлер әйелiнiң өзге еркектер алдында жартылай жалаңаш жүруiне қалай шыдауы мүмкiн? Испан басқыншыларының қолына түскен Андалус әйелдерi намыстарын қорғау үшiн барлығы өлiмдi абзал көрген, еш ар-намыстарын аяқ-асты етпеген екен. Бiздiң әйел-қыздарымыз үшiн бұл оқиға өте өнегелi мысал. Намысын сақтамаған әйелден, ол қаншалық сұлу болса да, ерi жиiркенедi. Олар бiр сәтте-ақ ажырасуы мүмкiн. йелдiң өз ар-намысын сақтауы ерi үшiн ғана емес, керiсiнше Аллаһ ризалығы үшiн болуы керек. °ят және ар iнжу-маржанмен безендiрiлiп әйелдiң басына кидiрiлген тәждi елестететiн қасиет. Мұндай қасиеттi әйелге барлық адамдар қызығып және құрметпен қарайды. Арастун қызынан:
– Әйелдердегi ең сұлу нәрсе не? – деп сұрапты.
– °яттан әйелдiң бетiне пайда болатын қызыл – деп жауап берiптi қыз.
Тақырыбымызға қайтайық. Тазалық – кiр киiмдер мен нәрселердi немесе ыдыс-аяқтарды жууда ғана емес. Керiсiнше, таза нәрселердi таза ұстай бiлуде. йрекке ұқсамау керек. Оның бiр аяғы суда, екiншi аяғы балшықта болады. Жуылған киiмдердi таза сақтау үшiн олар кепкеннен кейiн әдемiлеп жиып қояды. Киiлместен жерге түсiп кетсе, тағы кiр болады. Тазаланғанмен абайламаса, тез кiрленiп қалады. Демек, пәктiк-тазалық бiр нәрсенi таза халде ұзақ мерзiм сақтау екен. Тазаланған бұйымдар жай-жайына қойылған соң, зәру кезде ұқыптылықпен пайдаланылады. йде әрбiр бұйымның өз орны болуы керек, әрбiр нәрсе өз жайында сақталуы ләзiм. Үйдегi бұйымдар клоунның түйiншегi сияқты аралас-құралас болса, мұндай үйде тазалық та, тәртiп те болмайды. Жанұя иесiнiң еңбегi бекерге кетедi. Сол сияқты асханада ыдыс-аяқтар аяқ астына қойылмауы керек. Тамақ пiсiрiлiп желiнгеннен соң ыдыстар дереу жуылуы және жай-жайына қойылуы тиiс. Мүмкiндiк болса, ыдыстардың үстiне таза дәке жауып қойған жақсы. Асхана әйелдiң келбетiн көрсетедi.Көп әйелдер келiп-кетушiлерден ұялғаннан үй iшiн жинастырады, көз түсетiн жайларды тәртiпке салады. Бiрақ асхананы ешкiм көрмейдi деген пiкiрмен мән бермейдi. Мұндай әйел ешкiм көрмейдi – ғой деген оймен, үстiндегi кiрленген киiмiн де шешпейдi. Бұрынғы кезде қызды айттырып барған әйелдер, әуелi қыздың асханасын тексередi екен.
Әйел кiсi тазалыққа әдеттенуi керек. Мiне сонда барлық жақты таза ұстайды. Адам: “Қазiрше бұл iс тұра тұрсын, зияны жоқ”, деген пiкiрмен ешнәрсеге мән бермейтiн болды ма, кейiн оған ешнәрсе әсер етпейдi. Егер де жеңiл науқастанып қалса да, осы желеу себептi жалпы тазалыққа мән бермейдi.
йiн тәртiптi ұстауға әдеттенген әйел әрдайым тазалыққа қызығады. сiресе, балалар тәрбиесiне ерекше қарайды. Бала жас кезiнде неге үйретiлсе, солай өседi. Таңертең оянған уақыттарында ойыншықтарын жинастыру, бетi-қолдарын жуып, тiстерiн тазалау, таза және әдемi киiнуге әдеттендiру үшiн балаларға жәрдемшi болуы керек. Имам Өазали бала тәрбиесiне байланысты бiр еңбегiнде былай жазады: “Балалар тәрбиесi маңызды iстердiң бiрi. Бала – ата-анасына аманат. Оның жүрегi кiршiксiз пәк және таза гауҺарға ұқсайды. Ненi қалай үйретсеңiз, дәл сондай қабылдайды. Қалаған бейнеңiзге кiргiзуiңiз мүмкiн. Егер жақсылық және туралыққа жетектесеңiз, осы жолға кiредi. Дүние және Ақыретте рақатқа жетедi. Мұндай әдемi тәрбие үшiн тәрбиешi де сауап алады. Егер жәндiкке үйретiп, хайуандар сияқты өз халiне тастап қойылса, бала адасады, жаман жолдарға кiрiп кетедi. Күнәсына оны осылай өсiрген кiсiлер серiк болады”.
Аллаһ Та`ала Құранда: “Ей иман келтiргендер, өзiңдi және отбасыңды оттан сақта”, деп бұйырады. Бұл жерде “оттан” деп тозақ отын айтып отыр. Отағасы бала-шағасы мен әйелiн жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарса, Жаратушының осы әмiрiн орындаған болады. Қысқасы, адам жанұясына адалдықты, туралықты және басқа сұлу қасиеттердi сiңдiру керек, жамандармен қарым-қатынастың зияндарын түсiндiрiп, олармен достасуларына жол бермеуi тиiс.
Бала өсiп ержеткен соң, кейбiр әрекеттерiнен ұяла бастайды. Бұл ұят оған ақыл нұрынан. Балаға шындық түсiндiрiлгендiгi және тура тәрбие берiлгендiгiнiң белгiсi, Аллаһтың оған берген бiр сыйы және нығметi, жүрегiнiң таза, мiнез-құлқының көркем болатынына қатысты бiр жақсылық хабары. Мұндай балалар балиғатқа жеткенде кәмiл және жетiк ақыл иесi болады. Бұл белгiлер баланың келешегiнен түскен үмiт сәулесi секiлдi, мұндай сәуле көрiнген балаларды өз бетiмен тастап қоймау керек.
Баланы дастарқан басында төмендегiдей тәртiптерге үйрету керек:
1. Тамақты оң қолымен жесiн.
2. Тамақ жеуден бұрын, “БисмилләҺир Рахманир Рахим” деуi керек.
3. Тамақ жеп жатқанда төңiректегiлерге тiптi көзiнiң қырын да тастамасын.
4. Өз алдынан жеуге тиiс.
5. Асықпай, жақсылап шайнап жеуi ләзiм.
6. Тамақты бiрiнен соң бiрiн аузына тықпастан ақырын жеу әдептiлiк.
7. стi-басына төкпей жеу.
8. Жоқшылықтың не екенiн түсiндiру үшiн кей-кейде тек құр нан жегiзу.
9. Ашкөздiкке үйретпеу.
10. Түскен нан уақтарын терiп жеудi үйрету.
11. Кесе түбiнде тамақ қалдырмауға және жақсылып тазалап қоюға үйрету.
12. Қарапайым киiм киюi өсиет етiлуi керек. Бала осы негiзде тәрбиеленсе, тамақтану әдебiнен хабардар болып өседi. Бала бұларды ата-анасынан басқа кiмнен үйрене алады? Балаға бұлардан тысқары, өтiрiк сөйлеу, көре алмаушылық, ғайбат-өсек, кесiрлiк, тәрбиесiздiк, әдепсiздiк және құлықсыздық сияқты жаман әдеттердiң не екендiгi және бұлардан қалай сақтану керектiгiн жан-жақты түсiндiру, олардың зияндарынан қашу жолдарын көрсету керек.
13. Бала жетi жасқа жеткен соң, оған намаз оқу үйретiледi, жетi жастан кейiн бес уақыт намаз оқуды бастауы керек. Тағылымына, әдептiлiк қағидаларына қайшы әрекеттер үйретiлетiн болса, халi мүшкiл, болмақ, баланы мұндай жайларға жiбермеу керек. Ал оған мәжбүр болса, ондай жағдайда ата-ананың мiндеттерiне баласын әрдайым бақылау жауапкершiлiгi жүктеледi. Кешке үйге келгенде одан күнi бойы не нәрселер iстегенiн сұрау, бұл жөнiнде тура мәлiмет беруiн талап ету керек. Егер зиянды және жаман нәрселердi үйренген болса, бұлардың дұрыс емес және жаман нәрселер екенiн түсiндiру керек. Жақсылық және туралықты тәрк етiп, жамандар артынан еру адамды бiр күнi өкiнiште қалдыруы және жаман нәтижелерге алып келуi өмiрде болып жатқан мысалдармен түсiндiрiлiп отыруы тиiс.
Әйелдер таңертең ерлерiнен бұрын тұруы, бұған әрбiрi әдеттенуi керек. Таң намазын оқымастан iске кiрiскен әйелдiң iсi алға баспайды. Күн шығып келе жатқанда ұйықтау берекенi қырқады. Және кедейлiктi келтiредi. Бұл кезде балаларды да ояту керек. Бала мектепке барып, оқу-жазуды бастаған соң, оған ұлық кiсiлердiң ғибратты сөздерiн және хикаяларын оқыту, оқып беру, уақытын бекер iстермен өткiзбеуге үйрету керек. Махаббат туралы әдебиеттер оқуынан сақтану керек. Өскенде кәмiл адам болып шықса жақсы және көркем мiнездi адамдар арасында ризашылықпен бағалануы жақсы нәтиже. Бiрер орынсыз әрекетi сезiлсе, көрмегенге ұқсап, ретi келгенде жаман жолдың зияндығынан хабардар ету керек. (Егер қатесi бетiне айтылса, басқа кезде осы жаман iсiн жасырын iстейдi.) Дәл осы қатенi екiншi рет қайталаса, жай ғана өзiне: “Ешқашан ендi қайталама! Тағы да қайталайтын болсаң, ата-анаң, iнiлерiң және достарыңның алдында ұялып қаласың”, деп насихат беру керек.
Балаға жиi-жиi ескерту жасап ұрыса бермеу керек, өйткенi көп ескерту жасап ұрса берсе, әсер етпейтiн болып қалады.
ке өз баласына сөзiнiң әсер етуiн қаласа, оған көп ескерту бермеу керек. Жазаны әр кезде ашық айып iстеген уақытта ғана беру, аналар да баласына “әкеңе айтамын” деп қорқытып, әдепсiздiк iстеуiнен қайтару тиiс.
Баланы күндiз ұйықтауға әдеттендiрмеген жақсы. Анда-санда қатты төсекке жатқызылып тұруы, әрбiр жақсы, әдемi нәрсенiң қадiрiн бiлудi үйрету орынды. Не болса да жасырын әрекет етудiң алдын алған жақсы. Қол-аяқтарын кермей әдеппен отыруды, жүгiрмей жәй жүрудi, қолдарын көкiрегiнiң үстiне яки арқасына айқастырып тұрмауды үйрету керек. Баланы үйден тысқарыда, достарының қасында ата-анасы мақтап тәкаппарлануға жол бермеуi керек. Достарына көркем мәмiле етуге, баршаға бiрдей ашық көңiл болуға әдеттендiрген жөн.
Мына нәрсе жақсылап түсiндiрiлсiн, өзге балалардан еш нәрсе алмасын.
Баланы саяхат пен зияраттарға лажы барынша алып бармау керек.Өзгелер алдында, мәжбүр болып қалмаса, мұрынды сiңбiрмеуi, артын бұрып отырмауы, аяқтарын айқастырмауы, қолымен жағын тiремеуi, басын қолының үстiне қоймауы ұқтырылса жақсы болады. Отырып тұру, сөйлеу әдебi үйретiлсiн. Ешқашан ант iшпесiн.
Үлкендерге құрмет көрсету, үлкендердiң сөздерiне араласпау, алдына үлкендер келгенде орнынан тұрып жай беру көркем әдептерден. Күнә iстердi iстеушi, жаман қылықты балалармен араласудан сақтану керек.
Жас кезiнде-ақ рамазан айында шамасы жеткенше ораза тұтуға қызықтыру керек. °рлық, арамдық, қиянат және басқа жамандықтардың көрiксiз iстерден екенiн тынымсыз ескертiп тұру керек. Баланың өсуiмен бiрге насихаттардың да деңгейi арта берсе, мақсатқа лайықты болады. Мысалы: Тамақ Аллаһқа құлшылық етуге керек күштi табу үшiн желiнуi, дүниенiң бiр күнi бiтетiнi, кейiн жаңа бiр өмiр басталатынын, өлiмнен кейiн қабiр өмiрi, одан кейiн Ақырет өмiрi басталатынын, өлiмнiң хақ екенiн, адамға кез келген уақытта келуi мүмкiн екендiгiн бiлдiру керек. Өсiп келе жатқан балаға айтылған насихат тасқа ойылып жазылған жазудай iз қалдырады. Бала осылай тәрбиеленсе, дiнiне, отанына, пайдалы азамат болып шығады. Мұндай азаматтардан құрылған қоғам да қуатты және мықты болады.
Егер бала жалқаулық, ашкөздiк және тәкаппарлық сияқты әдеттерге берiлген болса, ақиқатқа мойын иместен әрдайым төңiрегiндегiлердi ренжiтедi және тыныштығын бұзады.
Әйелдiң мiндетi жанұяны өте сұлу гүл тәрiздендiрiп отыруы, таңертеңнен кешке дейiн көршi-қолаңмен өсек айту яки бекер нәрселермен өмiр өткiзу емес. йел кiсiге үй iстерiн орындау және жанұяға қызмет ету жарасады.
Кейде қолына төрт-бес теңге түскен әйелдер менмендiкке берiледi. Ескi достарына менсiнбей қарайды. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Ілiм оқу мен көркем мiнез құлық ашуды жеңумен қолға алынады”, – деп айтқан.
Афлатон болса: “Көркем мiнездi адам мiнезi жаман кiсiлердiң қылмысына сабыр еткен адам”,деген.
Хазiрет Айша анамыздың пейiлi жаман бiр қызметшiсi қайтыс болыпты. Айша анамыз өте қайғырыпты. Бұны көргендер сұрапты:
– Неге мұнша қапалысыз?
– Марқұм жаман мiнездi едi. Оның мiнез-құлқына сабыр етiп табатын сауабымнан айырылғаныма қапамын,– деп жауап берiптi.
Көркем мiнездi адам әулиеге яки пайғамбарларға, мiнезi жаман адам болса, жыртқыш хайуанға ұқсайды. Ашуланған кiсiнiң аузы көпiрiп, көзi аларып кетедi, қол-аяғы қалтырайды. Айқайлап бақырады, қолына түскен нәрсенi лақтырып сындырады. Ызасын жеңе алмай, үстi-басын жыртады. Осылай адам қияпасынан шығады. Егер осы кезде айнаға қараса, өзiнен қорқып кеткен болар едi. Ашу адамның сыртқы көрiнiсiн қандай ажарсыз етiп қойса, мiнез-құлқын да сондай берекесiз етiп қояды. Тыныштығын жоғалтады. Қол астындағы кiсiлердi басқара алмай қалады. Ашық жүз және тәттi сөзбен iстелетiн iстердiң жартысы да орындалмайды, ешкiм оны құрмет етпей қояды. Хазiрет имам Шафий: “Қылыш және саясаттың мүмкiншiлiгi жетпеген өте көп iстердi тәттi тiл және ашық жүзбен орындау мүмкiн”, деген. Артықша жазаның соңы ойламаған өлiмге душар етуi де мүмкiн.

Бала туу сүннет, оны исламдық сенiмде тәрбиелеу парыз.

Үй тазалығы, тамақтану және ұйқы

Умаманың алтыншы насихаты манадай едi:
“Ерiңнiң тамақтану сағаты мен ұйықтау уақытына көңiл бөл!”.
Умама үйдегi барлық iстердiң уақытында орындалуын, тамақ пен ұйқы сағаты да өз уақытында болуын қызына ұқтырады, негiзiнде оған ерiмен тату өмiр сүру кiлтiн берген едi.
Шындығында да әрбiр iстiң анық орындалу уақыты болуы керек. Егер белгiлi бiр тәртiпке түсiрiлсе, барлық iс өз уақытында аяқталады. Мiне, сонда үйде тыныштық болады. Керiсiнше болса, ешнәрсеге қол жеткiзiп болмайды. йдi жинастыруда өрмекшi торларын яки дуалдағы, бұрыштардағы шаңдарды соңында алу жарамайды. Яки кiр жууда реңдi түрлi-түстi киiмдер мен ақ маталы киiмдердi араластырып жуу дұрыс болмайды.
Үй қызметi де осыған ұқсайды. Істiң көзiн бiлген әйел кешкi уақытта асханасына кiрсе, кешкi тамақты қысқа мерзiм iшiнде дайындайды, өйткенi ыдыс-аяқтары орын-орнына қойылған, тәртiптi,азық-түлiгi де дайын, қай жерде тұрғаны белгiлi.
Ендi үй iсiне олақ бiр әйелдi суреттейiк. Асханаға таңертең кiрсе де, тамағы кешке дейiн дайын болмайды. Ыдыс-аяқтарын iздейдi, пышағын таба алмайды, көкөнiстердi салуға ыдыс таппайды. Қысқасы, кешке дейiн әрең екi табақ пiсiредi. Және де мұндай әйелдiң бiр-екi баласы болса, бүтiндей әбiржiп қалады. Тiптi басына орамал тартуға да уақыт таба алмайды. Мұндай олақ әйелге үйленген кiсiнiң аянышты күйiн суреттеу қиын емес. Кешқұрым шаршап-шалдығып үйiне келедi. Ақшам азаны шақырылған, әлi тамақтан дерек жоқ. Кеше әкелiнген көкөнiстер асхананың есiгiнiң алдында әлi қапшықта жатыр, алынбаған. Ерi және балалары “тамақ пiссе жеймiн” деп құптанға дейiн күтедi. Қашан тамақ жеп, қашан ұйықтайды олар? Мұндай жағдай әр қандай кiсiнiң махаббатына зиян тигiзедi. Ашуы шығуы анық. Және рамазан айында бұларға сабыр етудi бiр ойлап көрiңiз, жанұядағы мұңды жағдайды көз алдыңызға келтiрiңiз. Сол себептi Умама қызына: “Тамақ пен ұйқының уақытын кешiктiрме”, деп ұқтырған едi.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз