https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Балалар күнә істегенде

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1778 рет

Ей, перзентiм! Балаларың кiшкентай кезiнде туралық-қателiктiң айырмашылығын бiлмеуi мүмкiн. Бiрақ сен көңiл бөл. Күнә iс iстеулерiне жол қойма. Ұнамсыз iске әдеттенiп қалса, кейiн тастауы қиын болады. “Әлi бала ғой”, – деп немқұрайды қарама.

Жомарт бол 

Ұлым! Жомарт бол. Сараңдық iстеме, әсiресе, перзенттерiңе байланысты сараңдық етпе. Әйелiңе жиi-жиi сыйлықтар берiп тұр. Ол айтпай тұрып керектi нәрселердi алып берсең, шектен тыс шат болады. Аллаһ нәсiп еткен байлық және ризықтардан балаларыңа үлестiр. Мұқтаждықта қалдырма. Сонымен бiрге оларға қанағатты да үйрет. Маңыздысы адамның кiм екендiгiн түсiндiр. Адам баласы ешқашан өзiн жоғары көрмеуi керек екендiгiн ұқтыр.
Жақсылық және игiлiкпен әр қандай iстi амалға асыруға болады. Қолың ашық болсын, жомарт бол, бiрақ ысырапқа еш жол берме. Керексiз, пайдасыз нәрсеге ақша жұмсама.

Ұқыпты бол

“Дүниенiң қырық түрлi күйi бар”, – деседi. Өте тура айтылған сөз. Өмiрде бақытты күндер де, бақытсыз күндер де бастан өтедi. Аллаһ әрдайым панасында сақтасын. Қуанышты кездерiңде қайғылы күндерiңнiң де жәйiн ойлап қой. Ертең не болатынын Аллаһтан басқа ешкiм бiлмейдi.
Сынған және тозған нәрселерге қайғырма. Негiзгiсi, ұқыпты және салмақты бол. Бiр сынған нәрсе үшiн бiр көңiлiңдi сындырма. Көңiл бар нәрседен де бағалы.

Бүгiнгi ұрпақ

Ұлым! Бәрiмiзге белгiлi, бүгiнгi адамзат жоғары даму дәуiрiнде жасап жатыр. р қандай мұқтаждықтар жеңiлдiкпен шешiлсе де, руханият тынышсыздығы үстемдiк етуде. Менiңше, бұл жағдай харам нәрселердi ажыратпаудың жазасы болса керек. Аллаһ Та`ала мұсылмандарға ойлансын, күнә iстердi тәрк етсiн деп бұ дүниеде де кейбiр қиыншылықтарды бередi. Кәпiрлердiң жазасы болса, о дүниеге қалдырылған. Бұл даналықты түсiнбеген кейбiр мұсылмандар екi ойлы жағдай кешiп, болмағыр ойларға берiлуде. Ақырет азабы қасында бұ дүниенiң қиыншылықтары ештеңе емес. Ақырет жазасын тiлмен түсiндiрiп болмайды.
Байлығың аз болса да халал болсын, балам! Ешқашан перзенттерiңе харам жегiзбе!

Үйден шығарда

Ұлым! Таңертең үйден шығып бара жатқаныңда әуелi оң аяғыңды таста да мына дұғаны оқы:
“БисмилләҺи тауаккалту ьалАллаһ. Лә хаулә уа ла қууата иллә билләҺил ьалиййил азим. Лә иләҺа иллАллаһу уахдаҺу лә шәрика ләҺ. ЛәҺул мулку уа ләҺул хамду юхий уа юмит. Уа хууа хайюл лә ямут. БиядиҺил хойру уа Һууа ьала кулли шайин қадиир”.

Намазға ұқыпты бол

Намазыңды үзiрсiз қаза етпей орында. сiресе, таң намазына тұруға ерiнбе. Әйелiңдi де оят. Күн шыққанға дейiн жатудан сақ болыңдар. Намазды үйде оқитын болсаң, әйелiңмен бiрге оқы. Сен имам бол, олар саған ұйысын. Жамағат сауабына ие боласыңдар. Және түнде де намазға тұрыңдар. ТаҺажжуд намазы адамды Аллаһқа жақындатады. Тек қана бес уақыт намазбен шектелiп қалмаңдар. Аллаһты көп зiкiр етiңдер. Құранда бұған өте көп үндеу бар. Бiр аятта: “Әлбетте, намаз бұзықтық және жамандықтан қайтарады. Шындығында, Аллаһты зiкiр ету (барлық нәрседен) ұлығырақ”, – деп айтылған.

Нәпiл ғибадаттар

Ұлым! Қудуси хадисте Аллаһ Та`ала: “Пендем парыздарды орындауымен менiң азабымнан құтылады. Нәпiл ғибадатпен маған жақындайды”, – деген. Аллаһтың азабынан аман болуды қаласаң, парыздарды толық орында, Оған тағы да жақын болуды қаласаң, нәпiл ғибадаттарыды көбейт және ықыласты бол. Әйелiңмен бiрге түндерде таҺажжуд намазына тұрыңдар. Пайғамбарымыз ұйқы басым келгенде су сеуiп намазға оятуды өсиет еткен. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, дәретсiз жүрмейтiн және әр түнi таҺажжуд намазын оқитын едi…
Ұлым! Бiз Аллаһтiкiмiз және Аллаһтың құзырына қайтамыз.Бiрақ Қашан қайтарымыз белгiсiз. Сол үшiн әрдайым өлiмге дайын тұруымыз керек.

Рухани дене де бар

Сүйiктi ұлым! Адамдарда екi дене бар. Көпшiлiк мұны бiлмейдi. Бiрiншiсi – көзiмiзбен көрiп тұрған материалдық дене. Екiншiсi қолмен ұстап көзбен көруге болмайтын рухани дене. Ақыл мен рух рухани дененiң екi маңызды элементi. р дененiң де өз азығы бар. Бұларды алдымен әйелiңе, сосын балаларыңа, кейiн жора-жолдастарыңа үйрет. “Олар менiң айтқаныма құлақ аспайды!” – деп әрекетсiз қалма. Сен айтып, бiлдiрiп қой. Бiлдiрiп қою әрбiр мұсылманның борышы. Бiр күнi болмаса бiр күнi жемiсiн көресiң. Бұ дүниеде көрмесең, Ақыретте әлбетте көресiң.

Намысты бол

Ұлым! Егер намысыңды басқалардан сақтауды қаласаң, әуелi өзiң намысты бол. Адамның намысымен ойнаған бiр әдепсiздi кiм деп бiлесiң? Бiреу терезеден үй-iшiңдi барласа, жолда кетiп бара жатып қарындасыңа, әйелiңе, қызыңа тиiссе, разысың ба? Жоқ, әлбетте. Демек, өзiң разы болмайтын әрекеттердi басқаларға қалай iстейсiң? Ешқашан бөтен әйел мен қыздарға көзiңмен, қолыңмен және тiлiңмен жауыздық iстеме. Бiлiп қой,не iстесең өзiңе қайтады.
Бұл жамандықтардың анасы – хабарсыздық. Сен хабарсыздардан болма. Аллаһ хабарсыздарды жақсы көрмейдi. Бұл сияқты жаман пейiлдер адамның жүрегiн қарайтып, ғибадат ләззатын жоғалтады. Адамды дүниеде де, Ақыретте де оңбаған етедi.

Аллаһтың достарын тап және оларға жақын бол

Құранда Аллаһ Та`ала әулиелер жөнiнде айтқан. Аллаһ өзiне дос тұтқан адамдар шындығында да бар. Әр дәуiрде, әр жерде мұндай кiсiлер бар. Оларды танысаң, ортасына кiр, сұқбаттарын тыңда, рухани тiрi боласың. Дүниенi және iшiндегiлердiң мәнiн, әне, сонда жақсырақ түсiнесiң. Егер мұндай кiсiлердi таба алмасаң, түннiң жартысында тұр да: “Аллаһым, достарыңды маған да бiлдiр. Бұ дүниеде ең сүйiктi пенделерiң кiмдер болса, менi олармен тең ет”,– деп дұға ет. Бұрынғы өткен Аллаһтың достарының өмiрi, нақыл сөздерi жазылған кiтаптарды оқы. Бұларды әйел, бала-шағаңмен бiрге оқы. Бұл ғибрат тола әңгiмелер сенiң рухани дүниеңдi азықтандырады, рухыңды рақаттандырады. Қиял-ғажайып әңгiмелер жазылған романдар саған ешқандай пайда бермейдi.

Достарыңа назар сал

Ұлым! Ата-бабаларымыз достар жөнiнде не дегендерiн бiлесiң бе? “Маған досын көрсет, саған оның кiм екендiгiн айтып беремiн”, – деген. Адамның кiм екендiгi досынан белгiлi болады. Пiкiрлер, көзқарастар ортақ болғанда ғана адамдар өзара табысады. йелiң мен перзенттерiңнiң достарына да назар аудар. йiңе қонаққа келген әйелдердiң мiнез-құлқына, әдебiне де мән бер. Мiнез-құлқы төмен әйелдермен әйелiңнiң араласуына, сұқбаттасуына жол берме. Балаларыңның да достарын сұрастырып тұр. Әлi бала деп селқос болма. Олардың өздерiнен үлкен балалармен дос болуына да жол берме. Мүмкiндiгiнше өзiң баратын мәжiлiстерге балаңды да алып бар. Сонда олар үлкендерден жақсы сөздердi есiтедi және көркем мiнездiлiктi үйренедi.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз