Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ендi Умаманың қызына айтқан насихаттарын кезегiмен түсiндiрейiк. Оның насихатының бiрiншiсi төмендегiдей едi:
“Қанағатты бол. Өйткенi қанағат жүрекке рахат сезiмiн ұялатады”.
Ана бұл сөздi қызы ашкөздiк iстеп ерiн өзiнен суытып алмауын ескертiп айтқан едi.
Қанағат – адамның мұқтаж болған нәрселерiнiң жеткiлiктi мөлшерiне разы болуы, ашкөздiк етпеуi. Қанағат тек ер мен әйелге ғана емес, керiсiнше, баршаға тең қатысты сұлу мiнез-құлық қағидаларының бiрi.
Хадис шарифте айтылады: “Нәпсiнiң көзi тоймайды. Бiр шелек алтыны бар адам, тағы бiр шелек осындай алтыным болса едi, дейдi”.
Мұны бабаларымыз: “Адамның көзiн бiр уыс топырақ толтырады”, деген даналық сөзiмен бiлдiрген. Ашкөздiк бәлесi адамды тура жолдан адастырады. Тыныштық және бақыттан ұзақтатады. Дүниеде рақат не екендiгiн бiлмей өтедi. Өйткенi ашкөз және нәпсiнiң соңына ерген кiсiнiң мұқтаждығы ешқашан бiтпейдi.
Қанағатта азаттық, ашкөздiкте тұтқындық бар.
Ашкөз адам өзгелердiң көзiне бейшара және кедей болып көрiнедi. Өмiрiн өткiншi бос арман-тiлектерге сарп етедi. Қанағат абырой және iзетке, ашқарақтық болса жаман сөз есту және ұждансыздыққа бастайды. Адамның құлқы қанағатпен сұлу.
Ахлақ кiтаптары ашкөздiк пен ашқарақтық ауруынан құтылып, қанағатты болудың шараларын былай суреттейдi:
1. Аллаһ Та`аланың тағдырға жазған ризығына ие болу ашкөздiк пен ашқарақтыққа кiрмейдi. Бiрақ мұнда да әрекет ету зәру. Тек, Аллаһ Та`аланың өзiне жүгiнiп, басқалардан сұрамау керек.
Нәби есiмдi ақын ұлына атап жазған насихат өлеңiнде мұны өте көркем бiр бейнеде көрсеткен:
Адам билiгiнде не бар екен,
Оны бер, бұны бер, деп одан сұрайсың.
Ол да Аллаһтың бергенiне мұқтаж ғой!
лсiз адамның берешек не күйi бар?
Саған беретiн қандай дүниесi бар?!
Аллаһ Та`ала болса бүкiл пенделерiне есепсiз нығыметтер бередi. Адамдар тек себепшi ғана. Тура, себептердi есепке алмау да дұрыс емес. Бiрақ, егер Аллаһ Та`ала жаратпағанында себептер неге жарар едi? Аллаһ Та`аланың бергенiн мойындамай құр себептерге жабысудың не пайдасы бар?
Ма`руфи Кархий хазрет бiр күнi бейтаныс бiр имамға ұйып намаз оқиды. Намаздан соң имам одан:
– Атыңыз кiм? Қай жерден жеп-iшесiз? – деп сұрады. Бұл сауалға жауап ретiнде Ма`руфи Кархий:
– Тоқта, тоқта! уелi сен имамдық еткен осы намазды қайта оқып алайын. Өйткенi ризықтың қайдан келгенiне шүбә бiлдiрген кiсi, Жаратушысы туралы да шүбәға түседi, – дейдi.
Қанағат – пайғамбарлар мен әулиелер ұстанған жол. Сол себептi қанағатты болу керек. Бес күндiк өткiншi дүниеде қанағаттан ұзақ болып, ашкөздiк пен ашқарақтық себептi күнәҺар болу, мәңгi өмiр мекенi – Ақыреттi ойран ету ақылды адамның iсi емес. Қанағат – өткiншi барша бос тiлектерден, жеу-iшуден тыйылу деген сөз.
Қанағат жолында мәлiм уақыт iшiп-жеу сияқты қалаулардың барлығынан аз ғана тыйылу, шыдау керек болады. Бұл – кеселдiң жазылуы үшiн дәрiнiң ащылығына шыдауға ұқсайды. Яғни, ашкөздiк арқылы пайда болатын зияндардан тек қанағат арқылы құтылу мүмкiн.
2. Қанағаттың екiншi шарты қолдағы нығметтердi үнемдеп жұмсау болып табылады. Ысыраптан мүлдем тыйылу керек. Мұндай тәжiрибелi кiсiлер бала-шағасын бағу үшiн басқаларға бас июшi болмайды, жағымпаздық iстемейдi, өтiрiк сөйлемейдi және ашкөздiк пен ашқарақтық ауруынан да құтылады.
немшiл болуға тырысу керек. Бұл жөнiнде Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам: “немшiл болған кiсi кедей болмайды”,– деген.
Егер адам көрпесiне қарап көсiлмесе, керектi-керексiз нәрселерге қаржы жұмсала берсе, ысырап пен шығын есiгi үлкейiп кетедi. Ысырапкершiлiк бар жерде ешқашан байлық болмайды. Ақша табу, оны жұмсаудай оңай емес. Адал ақша табу үлкен бiр тасты биiк таудың төбесiне алып шығуға, ал оны жұмсау тасты төбеден төменге домалатып жiберуге ұқсайды.
Хазрет Әбу Бәкiр Сыддық, ради Аллаһу анҺу:
“Бiрнеше күнге жетуi мүмкiн азықты бiр күнде сарп еткен отбасын өте жек көремiн”,– деген.
Бiр араб ақыны:
Ақшаңа ашын,жол берме дара шығынға,
Көзiңнiң қуаты қарашығында,
Адамның күн көрiсi ақшамен, –
деп үнемшiл болуды көркем бейнеде өсиет етедi.
Мынаны да есте ұстауымыз керек, үнемшiл боламын, деп жеп-iшуден қысылып, ақша жию жолына кiрiп кету дұрыс болмайды. Бұлай ету үнемшiлдiк емес, керiсiнше сараңдық, қомағайлық делiнедi. Сараңдық – өте жаман әдет. Өйткенi, бала-шағаның несiбесiн қырқу үлкен қателiк саналады. Ілгерiде бiр әйел ерiнiң отбасын қамтамасыз ете алмай жатқандығын айтып әкiмге арызданыпты. кiм оның ерiн шақырып:
– Неге отбасыңды баға алмайсың? – деп сұрапты.
– Ол кiсi:
– Мырзам! Мен қолымнан келгенiн тауып келiп жатырмын. Әйелiм көбiрек тауып келудi қалайды. Бiрақ мен бұдан артығын таба алмаймын, – дейдi.
– Сенiң неге шамаң келедi?
– Мырзам, мен көп су алып келемiн, әйелiм болса қанағат етпей, нан да тауып келуiмдi қалайды, – деген екен.
Егер адам отбасын осы сияқты асыраса, бұған, әлбетте, тек қана әйелi ғана емес, мемлекеттiң қазысы да, әкiмi де разы болмайды.
Хазрет Пайғамбар, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Үй iшiне, бала-шағаға жұмсаған қаржыдан келетiн сауап, пақырға яки басқаларға берiлген садақа сауабынан да артығырақ”, – деген.
Хазрет Хасан Басри да: “демi басқарушы және әдемi басқарма жарты пайда. Өз орнына iстетiлген азғана ақша, ысырап етiп iстетiлген көп ақшаға қарағанда пайдалы”, – деген.
Афлатон да: “Ақшаны сараңдық етпестен жұмсау ақылдылықтың басы”, – деген. Ысырапшыл кiсiнiң қызы бiр күнi әкесiне мына сөздердi айтқан екен: “кешiм! Ақша және мал жұмсауды бiлсеңiз, бала-шағаңыз еш нәрсеге мұқтаж болмайды. Сiз бекерден-бекер сыйлық таратасыз. Ақшаңызды қолыңызда сақтаңыз. Бiз мұқтаж болып қалсақ, басқалардың мал-дүниелерiне көз тiгесiз.
Бiр бай кiсi адамдар менi сахи (жомарт) деп ойласын деген ниетте қолындағы мал-дүниенi болар-болмас нәрселерге жұмсапты. Үйге кiм келсе, дереу қой сойып, қойы болмаса түйесiн сойып, әйтеуiр қонақты жақсылап күтiп жiбере берiптi. “Жатып жегенге тау да шыдамайды” дегендей, бiр күнi оның байлығы таусылыпты. Қолында еш нәрсесi қалмапты. Союға ешбiр тауық, пiсiруге бiр дана жұмыртқа да табылмапты. Бiрақ оның атағын есiткендер тоқтаусыз үйiне келе берiптi. Бейшара халге түскенi соншалық, дастарханы бүтiндей босап қалғандықтан тiптi қонағының алдына шыға алмапты. Есiктi ашқан қызы:
– Кешiресiздер! Әкемнiң сiздi қонақ етуге жағдайы жоқ. Сол себептен, алдыңызға да шыға алмайды, – деуге мәжбүр болыпты.
Мiне осындай, ойланбастан iс қылатын ысырапшыл кiсiлер нәтижеде мүлдем аянышты күйге түсiп қалады.
Өткен замандарда әйелдер ерлерiнiң қиын жағдайға түсiп қалмаулары үшiн әрбiр нәрсеге мән берiп, ақылмен қаражат жұмсаған. Таңертең өмiр жолдасын шығарып салып тұрып: “Ешқашан харам аралас ақша таппаңыз. Аш қалсақ сабыр етуiмiз мүмкiн, бiрақ тозақ отына жануға шыдай алмаймыз”, деп дайындайды екен. Қанағатты еркектiң қиыншылықпен тапқан ақшасын ақылмен жұмсамастан төгiп-шашып ысырап ететiн, азық-түлiк, киiм-кешектiң қадiрiн бiлмейтiн әйелмен өмiр сүру өте қиынға түседi. Бұл қисық-мисық өскен ағаш пен түп-түзу өскен ағашты бiрдей тең көру сияқты. Ысырапшыл әйел өзi сияқты ысырапшыл еркекпен өмiр сүре алмайды. Өйткенi екi қисық ағаш ешқашан түп-түзу болмайды.
Ысырапшылдың кеңесi еш тура болмайды. Мұндай әйелмен жасау тозақ азабын тартумен тепе-тең. Өте ептi болғанда да, онымен жасау қиын болады.
Қазiргi күнiмiзде үйленбекшi болған кiсiнiң ең әуелi мал-дүниесi, байлығы сұрастырылады. Егер бай болса, басқа жағына көп көңiл бөлiнбейдi. Бұдан бүгiн көптеген жанұялардың мал-дүниенi бiрiншi орынға қоятындығы бiлiнедi. Ал қызына мәңгiлiк бақыт кiлтiн берудi тiлеген Умама өз бауыр етiне әуелi қанағат иесi болуды өсиет еткен едi.