Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ұлым! Әрбiр iсiмiзде ұлықтарымыздан, әсiресе, хазiрет Пайғамбарымыздан үлгi алайық. Сүйiктi Пайғамбарымыз не қызметшiлерiн, не әйелдерiн ұрған емес. “Ол кiсi Пайғамбар, ал бiз болсақ қарапайым адамбыз” деуiң мүмкiн. Дұрыс, ол мүбәрәк кiсi пайғамбар едi, бiрақ адамдар iшiнен шыққан адам едi. Бiздерге жан-жақты үлгi және өнегелi адам. Айтқандары өсиет, еткендерiнiң барлығы орындаумен болатын өнегелер. Қолымыздан келмейтiн, күшiмiз жетпейтiн, шыдамымыздан тысқары iстi Аллаһ та, Пайғамбарымыз да бiзге бұйырмаған.
Бiлместiк айып емес
Ұлым! Үйде еркек әрi қожайын, әрi оқытушы, әрi от басы. Әйелдiң кейбiр нәрселердi бiлмеуi, үйренбеген болуы мүмкiн. Сен үшiн айқын нәрселердi ол еш көрмеген болуы кәдiк. Бұл кемшiлiгi үшiн оны айыптауға асықпа. Бiлмегендерiн оған сабырлылықпен үйрет. Содан кейiн ғана талап ет. йренгенге дейiн оны жауапкер ете алмайсың. “Осы кезге дейiн неге бұларды үйренбедiң?!”деп кейiс бiлдiруiңе хақың жоқ, ұлым. Бiлместiк емес, үйренбеу айып саналады. Сен бiлмейтiн де қанша-қанша нәрселер бар ғой, солай емес пе? Бiлмейтiндерiңдi әйелiң бiлсе, сұрауға ұялма. Ілiмдi, тiптi алты жасар баладан болса да үйрену айып емес. Бiлмегендерiмiз бiлгендерiмiзден әрдайым көп. Ия,ия, өте көп. Бiр нәрселердi үйренiп, барлық нәрсенi бiлемiн, деп менменсу нендей үлкен қателiк?!
Хикая
Ханафи мазҺабының негiзiн салушы хазiрет имам Ағзамға бiр кiсi сауал бердi. Имам Ағзам: “Бiлмедiм” дедi. Сауал берген кiсi қапа болып:
– Алыммын, – деп бiр қарыс көрпенiң үстiне отырып алып дәрiс бередi. Сұрағыма жауап бере алмайды. Әттең, ұят –дедi.
Хазiрет имам Ағзам бұл сөгiске еш ашуланбай, былай жауап бердi:
– Менiң астымдағы көрпе қаншалықты бiлетiндiгiме қарай салынған. Егер бiлмейтiндерiме қарай салынған көрпеге отырсам, көрпелерiм көкке жететiндей биiк болар едi.
Сабырлы бол
Ұлым! Сабырлы бол. Үкiм шығаруға асықпа, әрбiр оқиғаны жақсылап сұрап, ой таразысына салғаннан кейiн ғана үкiм бер. Басқа кiсiнi, егер керек болса үшiншi бiр кiсiнi есiткен соң шешiм бер. Бiр нәрсенi бiрiншi кiсiден есiтер-есiтпес берiлетiн үкiмге сезiм-түсiнiктерiң себеп болады. Асығыс шығарған шешiм сенi барса-келмес бiр жолға бастайды. Хусайн деген жiгiт туралы хикая бұған мысал.
Хикая
Хусайн есiмдi бiр жiгiт үйленедi. Тойда Құран оқып, уағыз және насихаттар айтқан молдалардың қызметi оған әсер етедi. Және Хусайн да олар сияқты болуға бел буады. Екi-үш айдан соң iлiм алу ниетiнде жолға түседi. Хусайнның мiнезiнде бiраз асығыстық, шорт кесерлiк те жоқ емес едi. Тiптi ауылында “Хусайн тентек” деген лақап аты да бар болатын. Ол жиырма бiр жыл ауылына келмей iлiм алып, ұстаздық дәрежесiне жетедi. Сосын ауылына қайту үшiн жолға шығады. Жол үстiнде бiр ауылда қонақ болғанда ауылдағы өте қарт нұрлы шал Хусайннан сұрады:
– Балам, сенен бiр сұрақ сұрайын. Қане бiлер ме екенсiң? Айтшы, iлiмнiң басы неде?
– БисмилләҺта.
– Бiлмедiң.
– Фатихада.
– Тағы бiлмедiң.
– Насара янсурада ма?
– Жоқ.
– Ондай болса өзiңiз айтыңыз, не екен?
– Жоқ, балам. Айта алмаймын. Егер алты ай қызметiмдi iстесең, сонда ғана айтамын – дедi шал.
– Мен келiстiм. Маған осыны үйретсеңiз болды, – дедi Хусайн.
Осылай Хусайн алты ай шалдың қызметiнде қалыпты. Мерзiм толған соң Хусайн:
– Қане, ата, айтыңыз ендi. Ілiмнiң басы неде екен?
– Балам, iлiмнiң басы сабыр, – дептi шал.
– Сiз менi бiр ғана сөз үшiн осынша уақыт iстеттiңiз бе? Мен бiлмеген бiрер нәрсе болса үйренемiн деп күткен едiм. Сабырды бiлмеймiн бе? Қаласаңыз сiзге сағаттап уағыз айта аламын. Осы iсiңiз адамгершiлiкке жата ма, ата?– дептi Хусайн.
Сонда шал былай дептi:
– Ашуыңды бас, балам. Сен сабырдың iлiмiн бiлуiң, ол туралы бiрнеше сағат уағыз айтуың мүмкiн. Бiрақ сен сабыр етудi бiлмейсiң. Мұны мен сенi алғаш көргенiмде-ақ сезген едiм. Сабырды бiлу басқа, сабыр ету басқа нәрсе. Бұл жерде мен саған сабыр етудi үйреттiм. Алты ай күтiп сабыр етудi бiлiп алдың. Ендi кетуiңе болады. Жолың болсын, балам. Асығып үкiм берме. Сабыр ет, сосын шешiм бер. Хусайн жолын жалғастырыпты. Ауылына ақшам қараңғысында жетiп келiптi. Үйiне жақындағанда қараса, бiр жас жiгiт үйiне кiрiп-шығып жүр. Хусайнның iшiн ашу кернеп, шүбәге түсiптi. “Әйелiм басқа бiреуге тұрмысқа шықты ма екен? Егер әйелiм менi алдаған болса, Аллаһты ант етiп айтамын, өлтiремiн оны” деп өз-өзiне сөйлеп тұрғанда, шалдың айтқан сөздерi есiне түсiптi: “Сен сабыр етудi бiлмейсiң. Асықпа, Хусайн. Асықпа, сабыр ет!”. “Күн шықсын, Құдай қаласа барлығы жақсылыққа айналады”,– деп осы түндi ауылдағы бiр үйде өткiзiптi. Таң намазын мешiтте жамағатпен оқыпты. Ауыл ақсақалдарынан:
– Осы ауылдан Хусайн тентек дегендi танисыздар ма? – деп сұрапты. Ауылдастары:
– Әлбетте, танимыз. Таң намазында бiзге имамдық еткен жiгiт соның ұлы. Ол туылмастан бұрын әкесi iлiм алуға кеттi, осы күнге шейiн қайтпады,– дептi.
Хусайн сабырдың және Пайғамбарымыздың өсиеттерiне амал етудiң көркемдiгiн тағы да бiр мәрте түсiнiптi және Аллаһқа шүкiрлiк айтыпты.
Сабырсыздық етiп ақшам қараңғысында үйге кiрген болсам және әйелiмдi өлтiрiп қойсам хәлiм не болар едi,– деп ойлапты. Сосын ауылдастарына өзiн танытып үйiне кетiптi.
Өтiрiк сөйлеме
Сүйiктi ұлым! Өмiрде ешқашан өтiрiк сөйлеме. Бiр мәрте ғана өтiрiк сөйлегенiңдi бiлсе болды, содан кейiн ешкiм сенiң тура сөзiңе сенбейдi. Сондықтан, әйелiңе де ешқашан өтiрiк сөйлеме, өйткенi әйел ерiн құрмет етедi және ерiнiң өзiнен үстем екендiгiн қабыл етедi. Ең жақын адам болған әйелiң сенiң өтiрiк сөйлегенiңдi бiлсе, ол сорлының бүкiл дүниесi құлайды. Артық әр сөзiң, iс-әрекетiңе күмәнмен қарай бастайды. йелiң бiлуiн қаламаған кейбiр сырларың болуы мүмкiн. Бұларды айтуың шарт емес. ндемей сақтап, маңызсыз қалдырсаң болады. Бiрақ бiр мәселенi өтiрiк айтып жасыруға ұрынба. Бұл өте жаңылыс iс.
Сырыңды айта берме
Ұлым! Әркiмнiң өзiне тән сырлары бар. Болуы да керек. Өте ашық көңiлдiлiк бiр қарағанда жақсы көрiнуi мүмкiн, бiрақ олай емес. Жеке басыңа қатысты мәселелердi, мәжбүр болмайынша, ешкiмге айтпа.
Бүгін жақсы ниетпен айтқан сөздерің ертең сенің зияныңа шыққанын көресің және қапа боласың. Бүгiн жаныңда дос сияқты көрiнген адамның бiр күнi дұшпаныңа айналмайтынын қайдан бiлесiң. Әйелiңе де барлық нәрсенi айта беруiң шарт емес. Әйелдер сыр сақтауда әлсiз. Жұмыс орныңдағы жетiстiктер мен мәселелердi үйiңе тасып жүрме. Жұмыс орныңда бiрер көңiлсiз немесе қайғылы жағдай болса, бұдан әйелiңдi хабардар етiп, оны да қапа етпе. Қуанышты бiр жағдай болса да бiлдiруiңнiң қажетi жоқ. Үйiңдегi болған жағдайларды да жұмыс орныңда айтпа. Сен сақтай алмай ернiңнiң арасынан шыққан сырларыңды қайтарып алуыңның мүмкiншiлiгi жоқ. Бабаларымыз: “Сырыңды айтпа досыңа, ол да айтар досына…”деп бекерге айтпаған.
Тәкәппар болма
Ұлым! Аллаһ Та`аланың азабына себеп болатын қасиет адамдардың тәкәппар болуы. Тәкәппар болма. сiресе, әйелiң мен бала-шағаларыңа тәкаппарлық көрсетпе. рдайым кiшiпейiл бол. йелiңдi кемсiтпе. Қорлама. Тәкәппар бастықты жұмысшылар, жалпы халық жақтырмайды. Халқымызда: “Елдi менсiнбегендi, ел менсiнбейдi” деген сөз бар. Үш құрлықты иеленген Осман патшаларына “Тәкаппар болма патшам, сенен де ұлық Аллаһ бар” деп айқайлайтын рәсiм болған. Тәкаппар болуға, өзiмiздi жоғары көтеруге тұрарлық немiз бар, ұлым. Алғаш дүниеге келуiмiздi ойлаудың өзi жеткiлiктi ғой. Кiмнiң кiмнен артық екендiгi жалғыз Аллаһқа аян. Ең маңыздысы – Аллаһқа деген сүйiспеншiлiк. Адамның бағасы мiне осы өлшеумен өлшенедi. Мұны да Аллаһтан басқа ешкiм бiлмейдi екен, негiзiнде тәкаппарлық зияннан басқа түк те емес.
Тазалыққа көңiл бөл
Ұлым! Дене тазалығына мән бер. Әйелiңдi мазасыз ететiн жағдайлардан аулақ бол. Ауыз иiсi мен темекi иiсi шекпейтiндердi өте мазасыздандырады. Аузың мен тiстерiңдi тамақтан соң жақсылап жуып жүр. Адамдар көбiнесе бiр-бiрiнiң аузына қарайды. Әйелiңдi жиiркендiретiн ауыз иiстерiн жоғалт. Әйелiңнiң рұқсатынсыз сарымсақ,пияз жеме. Жемекшi болсаң бiрге же. Сонда бiр-бiрiңiздi мазасыз етпейсiң. Бiр мұсылманның арақ iшуiн көз алдыма келтiре алмаймын. Күйеуi iшетiн әйелдер қаншама азап шегедi… Аллаһ мұндай назалы әйелдерге сабырлылық берсiн. Жанұя басшысы болған еркектiң темекi шегуi, арақ iшуi үлкен бәлекет. Мұндай әке жанұясын жамандықтардан қалай сақтайды? Оларға қай бетiмен: “Темекi шекпе, арақ iшпе”, – дей алады.
Қорытып айтқанда, жан балам, сен әйелiңнiң сенен ешқандай ақы талап етпей әртүрлi қызметiңе желiп-ұшып жүгiрiп жүрген жұбайың екендiгiн ұмытпа. Оған сасық хәлде және жаман iстермен жақындап жиiркенуiне себеп болма. рдайым таза жүр және хош иiстi иiс суларын үстiңе сеуiп жүр. Жиi-жиi жуынып тұр. Әйелiңнiң қасына тiптi тер иiсiмен де жақындамауға әрекет ет. Бақытқа кенелу жолы – өз араларыңдағы мiндеттердi орындау арқылы келедi.
Әйел мен перзенттерiңе харам жегiзбе, аманатқа қиянат етпе
Сүйiктi ұлым! Ешқашан әйелiң мен балаларыңа харам нәрсе жегiзбе. Ұрлық және саған аманат етiлген мал-дүниелердi де жегiзуге болмайды. Аманат мал-дүние демекшi, бiр нәрсе ойыма келдi: бiр аманат бар, оны барлық адам бiле бермейдi. Ислам дiнiнiң кеңейiп өркендеуi үшiн аманат тәрiздi сақтауға берiлген ақшаға өте сақ бол, балам. Бұл ақшадан бiр теңгесiн де не өзiң, не бала-шағаң үшiн жарата көрме. Бұл – пәлекеттердiң ең үлкенi. Қазына малына қиянат – ең үлкен қиянат. Аллаһ разылығы үшiн берiлген және осы жолда жұмсалатын ақша немесе мал-дүниелер Аллаһтiкi. Аманаттарды тiптi өз ақшаларыңның жанына да қойма. Оларды бөлек сақта. Өйткенi аманатқа қиянат еткен адам дүние және Ақыретте масқара болады.
Өсiмқорлық
Дүниенiң қай жерiнде болсаң да, қандай мәжбүрлiктерде, мұқтаждықтарда қалсаң да адамдарға ақша қарыз берiп үстiнен өсiм алуың, не қарыз алып үстiне өсiм беруiң үзiлдi-кесiлдi харам. Мұсылман кiсi ешкiмге өсiмге ақша бермейдi, алмайды да. Ал өсiмсiз қарыз берiп, қарыз алуы мүмкiн.
Ақшаның құны түсiп кетуiнен қорықсаң, құнын жоғалтпайтын нәрсемен яғни алтынға есептеп қарыз бер.
Отбасыңа харам нәрсе алып келуден сақтан. Өсiм алып пайда көрсең өзiңе де, перзенттерiңе де, дiн – иманыңа,қала бердi халқыңа үлкен зиян келтiредi.