Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!
Қымбатты ұлым! Өзiңе әйелдiкке көркем мiнездi және әдептi, иманды қызды таңда. Хазiрет Омар да ұлы Асимге жұбай етiп көркем мiнездi, иманды қызды таңдаған едi.
Хикая
Хазiрет Омар халифа болған кезде сүт сатушылардың сүтке су қосып сатуына тыйым салып, бұл әмiрiн жан-жаққа хабарлайды. Қаланың тәртiбiн бақылау үшiн бiр күнi түнде өзi Мәдина қаласын аралап жүрген кезде шаршайды да, бiраз тынығып алу үшiн бiр үйдiң қабырғасына сүйенедi. Бiр кезде үйдiң iшiнде анасы мен қызы арасында болған мына әңгiменi естидi:
Анасы:
– Кәне қызым, тұрып сүтке бiраз су араластыр.
Қызы:
– Халифаның сүтке су қосып сатуға тыйым салғанын бiлмейсiз бе?
Анасы:
– Ия, бiлемiн.
Қызы:
– Олай болса, халифа тыйым салған нәрсенi қалай орындаймын.
Анасы:
– Тұр да сүтке су қос, Омар сенi қайдан көрсiн.
Қызы:
– Омар көрмесе де, Аллаһ көрiп тұр ғой, ант етiп айтамын: мен Омар көретiн жерде жасамайтын iсiмдi, ол ол көре алмайтын жерде де жасамаймын. Халифа бiлмеуi мүмкiн, бiрақ Аллаһ әрдайым бiздi көрiп, сөздерiмiздi естiп, ойларымызды бiлiп тұр ғой. Ертеңгi күнi Аллаһ сұрақ етсе, мұның жауабын қалай беремiз? – деп анасына наразылық бiлдiрiптi қыз.
Хазрет Омар бұл әңгiменi естiп, шат болыпты. Жақсы дiн тәрбиесiн көрген, адамгершiлiгi жоғары бұл қыздың пәктiгiне таңданыпты және оны ұлы Асимге үйлендiрiптi. Абдулазиз ибн Омар осы отбасының бiр мүшесi.
Тұрмысыңыз бұзылмасын
Үйлену оңай, үй болу қиын, балам. Жаратылысы басқа, бөлек-бөлек ортада өскен екi адамды көз алдыңа келтiр. Бiр-бiрiне табиғаты қарсы адамдардың өмiрi ұзаққа бармайды.
Егер бұл екi адам орталарында шыққан келiспеушiлiктерде өздерiне дiндi төрешi етсе, олардың өмiрi тыныш өтедi. Тек екi жақ та сабырлы болулары керек. лбетте, еркек кiсi сабырлылықта да әйелден жоғары болуы керек. Сабыр – кейбiр қиыншылықтарға көкiректi қалқан етiп, Аллаһтың бұйрықтарына амал ету.
Сүйiктi ұлым! Осыны жақсы бiл, әйел аяқ киiм сияқты емес. “Аяғымды қысты, лақтырып жiберiп жаңасын алайын” дей алмайсың. Үйлену өзара сүйiспеншiлiк, мейiрiмдiлiк пен жанқиярлықты талап етедi. Жақсы қолбасшы – дауылды теңiзде кемесiн суға батырмай жүргiзе алған қолбасшы.
Әйелiң қателiкке ұрынса…
Адамның қатеге бой алдыруы анық. Дiннен қайту және намыс мәселесiнен басқа қателер дұрысталып, түзетiлуi мүмкiн. Әйел еркекке қарағанда әлсiз. Қате-кемшiлiктерi көп болады. Бiрақ қателiкке тез өкiнедi. Егерде жанқиярлық тек сен жақтан талап етiлiп жатқан болса да сабыр ет. Бұл сен үшiн тағы да жақсырақ. Сен оның деңгейiне түспе. Қош, ол бұдан да төмен деңгейге түссе не iстер едiң? Ия, сабыр-шыдам етiп ойланбайды екен, жанұяның бiр сәтте-ақ бұзылуы ғажап емес. Ортаңызда түсiнбеушiлiк туса, сырларыңды көршi-қолаңға айтпа. Жақын ағайын-туысқандарыңыз iшiндегi жақсыларына кездесiп, игi адамдармен сұқбаттас және дертiңе ортақ шара iзде. Кеменi батырмай, сапарды жалғастыруға ұмтыл.
Ажырасуды ойлама
Ұлым! Ешқашан ажырасуды ойыңа келтiрме. Шайтан мұны төрт көздеп күтiп тұрады. Ия, ажырасу жайсыз, әрi ең соңғы шара. Аллаһ Та`ала және Пайғамбарымыз жақтырмаған iс. Ажыраспақшы болған адамнан сұрағым келедi:
– Мейлi, ажырасқаннан соң не iстейсiң? йленбейсiң бе? йленбекшi болған екiншi әйелмен жақсы үйлесiп кетуiңе кепiлдiгiң бар ма? Бәлки екiншi әйелiң алғашқы әйелiңнен кейбiр жақтарынан жақсы шығар. Бiрақ басқа кейбiр қылықтары алғашқы әйелiңдiкiнен асып түссе ше? Ұмытпа, адам сипатында сенiң де өзiңе лайықты қате-кемшiлiктерiң бар. Сондықтан, айыпты көбiрек өзiңнен iздеуге әрекет ет. Яғни алатын екiншi әйелiң сенiң мiнез-құлық, пейiлiңе шыдамай көп өтпей сенен ажырасуды сұраса, не iстейсiң?
Ия, ұлым. Сол үшiн егер әйелiң ар-намысын сақтап жүрген болса оның басқа кемшiлiктерi көзiңе үлкен болып көрiнбесiн. рдайым ондағы кемшiлiктердi дұрыстауға әрекет ет.
Мейiрiмдi бол
– Ұлым! Әйелiңе және перзенттерiңе, тiптi бүкiл мақұлықтарға мейiрiмдi бол. Саған Пайғамбарымыздың мейiрiм жөнiндегi сөздерiн мысал етiп келтiрейiн.
Хазiрет Усама ибн Зайд, ради Аллаһу анҺу, айтады: “РасулуллаҺтың қызы әкесiне хабар жiберiп ұлының өлiм халiнде жатқандығын, жанында болуын қалады. Пайғамбарымыз қызына сәлем айтып былай өсиет еттi: “Шүбәсiз, Аллаһтың алғаны да, бергенi де өзiне тән. (Бiз бұ дүниеде уақытшамыз). рбiр нәрсе Аллаһ белгiлеген тағдырға қарай. Сабыр ет, Аллаһ сауабыңды берсiн”. Пайғамбарымыздың қызы екiншi мәрте хабар жiберiп, әкесiнiң келуiн қатты өтiндi.
Содан соң РасулуллаҺ, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, Са`д ибн Убада, Муаз ибн Джабал, Убайда ибн Ка`б, Зайд ибн Сәбит және басқа да сахабаларды қасына ертiп, қызының үйiне келдi. Науқас баланы Пайғамбарымыздың құшағына қойды. Бала өте ауыр дем алатын едi, жан далбасасында қиналып жатқан едi. Хазiрет Пайғамбарымыздың балаға мейiрiмi келiп, көзi жасқа толды. Кенет, хазiрет Са`д Пайғамбарымыздан:
– Мұныңыз не,о Аллаһтың расулi? – деп сұрады.
РасулуллаҺ былай жауап бердi:
– Бұл сондай рахмет, Аллаһ Та`ала оны пенделерiнiң жүрегiне жайластырған. Шүбәсiз, Аллаһ пенделерiнен мейiрiмдi болғандарын ғана рахмет етедi, жарылқайды.
Жаза беруге асықпа
Ұлым! Бiр кәсiпорынды көз алдыңа келтiр. Кәсiпорын бiр бастық және жұмысшылардан құралған. Бастық iстеп жатқан адамдарды басқаруға жауапты. Күнде ұрыс-жанжал толастамайтын және атқарылып жатқан iсiнiң нәтижесi бiлiнбейтiн кәсiпорынның жетекшiсiн жақсы жетекшi деуге болмайды. Сондықтан отбасы да осыған ұқсайды. Ол да бiр құрылым. Ең қадiрлi, ең қасиеттi бiр құрылым. Оның басқарушысы еркек, әке. Бұл құрылымды ұрыс-жанжалсыз, тыныштықпен басқару басшыдан үлкен бiлiктiлiк пен тәжрибе талап етедi. Сен бұл қабiлетке iздену, сұрастыру арқылы жетесiң. “қалай, қайтiп мiнсiз, тыныш басқара аламын?” деп бас қатырасың.
Айқай-шу, ұрыс-жанжал басқарушының әлсiздiк белгiсi. Жиi-жиi жазалау әдiсiне сүйенбе. Және де әйелiңдi жазаландыратын күйге түсiрме. лбетте, Аллаһ әйелдер қате iс iстесе, оларға жаза беруге рұқсат берген. Осындай кездерде әуелi жақсы сөздермен насихат ет, болмаса төсегiңе алмай бiр яки бiрнеше түн үйiңнiң басқа бөлмесiнде немесе бiр үйде басқа төсекте жату жазасын қолдан. Егер ол да әсер етпей өжерлiгiн жалғастыра берсе, сонда ғана жеңiл ұруың мүмкiн. Мынаны ұмытпа, бұл ұру тәрбие үшiн ғана. Ұрудың да шекарасы бар, әлбетте. Тәрбие және қорқытудан басқа мақсатта ұру үлкен зұлымдық. Негiзiнде ұлым, бұл шараны мүмкiндiгiнше қолданбаған мақұл. Өйткенi, Аллаһ Та`ала бұл әдiстi Құранда ажырасудан алдыңғы ең соңғы шара сипатында баян еткен. Бұл туралы аятта, осындай жаза қолданылмай ажыраспау керектiгi айтылады және жалғастыру мүмкiн болса ажыраспай тұрмысыңды жалғастыр деген мағынаны да бiлдiредi.