https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Әйел – ана, еркек – отағасы

11 May 2015 0 comment Оқылды: 2609 рет

Ислам тағылымындағы еркек пен әйелдiң мiндеттерi жөнiнде пiкiр бiлдiргiм келедi.
Әйел кiм? Әйел – аналарымыз, әжелерiмiз, жарымыз, әпкелерiмiз, қарындастарымыз, қыздарымыз! Аллаһ Та`ала еркектерге жұп қылып жаратқан құрметтi пенде. Еркектерге олардың күш-қуаты жетпейдi. Бiрақ еркек тарапынан “Мен күштiмiн, мен бағып жатырмын”, – деп зұлымдық iстеу шын мұсылманға ауыр күнә. Яки қайын енелер тарапынан өздерi әйел кiсi бола тұрып, бiреудiң қызын келiн етiп алып кемсiту орынсыздық. Кейбiреулер қыздың үйiне әбден барғыштайды. Ұлын мақтап, болашақ құдаларын көндiрiп, қызын келiн етiп алады. Келiн етiп алған соң, бес-алты күннен кейiн келiнге өз қызындай қарамайды. Қызым деп қараса едi, келiн де мерейi толып, өз қызындай қызмет етер едi. Бiрақ, әттеген-ай, қыз орнында емес, күң орнында жүредi. Артықша iстерге бұйырады. Мiне, осы себептерге қарай жас отбасылардың бұзылып кетуiне көбiнесе қайын енелер себепшi болып жатады.рине кейде келiн болып түскендердiң өздерi де себепшi болады. Бұлардың бәрi имансыздықтан келiп шығады. Иманы жоқта – ынсап жоқ. Намаз оқитын, Аллаһтың қаҺарынан қорқатын адам келiнiн, бiреудiң перзентiн, Құдай нәсiп етсе, немерелерiнiң анасын жәбiрлемейдi, зұлымдық iстемейдi. Яки шын намазхан, иманды ер әйелiне зұлымдық iстейдi ме? Жоқ. Ол әйел кiсiге зұлымдық iстеуден қорқады. Өйткенi Аллаһ көрiп тұр. Ондағы иман бұған жол бермейдi. Хазiрет Хасан Басридан бiр адам сұрапты: “Қызыма құда түсушiлер келiп жатыр, қызымды қайсысына берейiн?” – деп.
“Құда түсушiлердiң имандысына бер”, – дептi хазiрет Хасан Басри. Иманы бар, Аллаһты танитын ер, қызыңды өте бақытты етiп жiбермесе де, жамандық iстемейдi. Өйткенi жамандық iстеуге Аллаһтан қорқады. Аллаһтан қорқып, зұлымдық iстемейдi.
Қырық, елуге кiрген бiрнеше баланың анасы болған әйелдерге күйеулерi тарапынан iстелiп жатқан зұлымдықтарды да кешiрiп болмайды. Мiне, осындай ерлерге, жетсiн, құлағына кiрсiн, олар Аллаһтың қаҺарына лайық. Олардың да ынсапқа келiп, жүректерiн жұмсартуын жаратқан Аллаһтан сұраймыз.
Құранда, Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, хадистерiнде бұл туралы көп насихаттар бар.
Бiзде әйелге күң сияқты қарайтындар бар. Әйел кiсi қызметшi болмайды. Күң дегенi басқа болады. Некелеп алғансыз, балаларыңыздың анасы. Кейбiр еркектер, “балаларымның маған мейiрiмi жоқ”, деп қапа болады. Ішiп алып, балаларыңның алдында, әйелiн ұрады, балағаттайды, жаман-ұятсыз сөздермен сөгедi. Ей адам, не iстеп жатырсың, ол балаларының анасы ғой, аналардың орнын ешкiм баса алмайды. Ана өлiмдi мойнына алып, осыларды туған. Барлық қиыншылықтарды мiндетiне алып, жуып-тарап, мәпелеп өсiрген осы әйел ғой! Сондай болғаннан соң балаларыңыздың анасын ұрмаңыз, сөкпеңiз, әйтпесе балаларыңыздың сiзге деген мейiрiмi сөнедi. Сонымен, нәтижеде сiздi жек көрiп қалады. Бұл нәрселердiң көпшiлiгi iшкiлiкке берiлген ерлерде болады. Бiр кезеңдер болды, құдайсыздар тәлiмiне, бос сөздерiне мас болып, намаз оқитындарға софы деп күлдiк, қыздарымызды оларға берудi қаламадық, ұят санадық. Таңертеңнен кешке дейiн тек намаздан басқа нәрсенi бiлмейдi, дегендер де болатын. “Дүние табатынға беремiн, қызметкерге беремiн”, – дегендер болды. Бiрақ намазханның басқалардан артықшылығы – Аллаһқа ғибадаты бар, Құдайдан қорқады, қызыңызды ұрмайды, сөкпейдi. Харам нәрсе iшпейдi-жемейдi, жаман-бұзық жолдарға жүрмейдi. Пәк, адал немерелер көресiз.
Пайғамбарымыздың кезiнде ешбiр сахаба көрпе-төсек алмаған, мал-дүниеге ашкөз, қомағай болмаған. Мал-дүниелерге берiлу кейiннен етек алып бара жатқан дерт. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам: “Мал-дүниенi жиып қоюдан, мал топтаудан Аллаһтан ұялыңыз” – дегенде, сахабалар: “О, Аллаһтың Елшiсi, бiз ғимаратты зәулiм үйлер құрып жатқанымыз жоқ, азық-түлiктiң бiр жылдығын, екi жылдығын топтап, жиып қойып жатқанымыз жоқ, неге былай деп жатырсың?”,– дегенде, Пайғамбарымыз, айтқан екен: “ Мен келешекте келетiн үмметiме айтып жатырмын, сiздер бұл сөздерiмдi жеткiзiңiздер”,– деген екен. Мiне қазiр, осы күндерде көрiп жүрмiз. Көрпе-төсек, мебел-жиҺаздарға адамдар өте берiлген. Мұсылманмын дегендер осылай iстеп жатыр. Көшелерде жетi-сегiз машинаны жалдап, видео камералармен түсiрiп, салтанатпен жүргенiн көремiз. Бұлардың бiразы “бiз мүмин-мұсылманбыз”, дегендерден шығып жатыр ғой. Олардың арасында хаж өтеп келгендердiң де балалары бар. Еш жерде жоқ жаңалықтарды ойлап шығарып жатыр. Тойлар болса, таң атқанша жалғасады. Дастархандағы ысырапкершiлiкке қараңыз. Тойлардың түрлерi көбейiп кеттi. Ақиқатында мұншалық берiлiп кету жақсы емес. Бұл құдайға да, пендесiне де ұнамайды. Мiне осындай тойлар iстеймiн деп ер мен әйел, бала-шаға барлығы базарда сабылып жүредi. Мұндайларға Отан, бала тәрбиесi, керек емес. Оларға тек теңге керек, шүкiрлiк, қанағат, кiшiпейiлдiлiк керек емес.Бұларда мұндай қасиеттердiң өзi жоқ. Күндердiң күнiнде ата-ана сырқаттанып жатып қалса, тәрбие көрмеген балалары қарамайды. Неге? Өйткенi уақытында мейiрiмдiлiк, жанашырлық, имандылық тәрбиесiн баласына бере алмады. дептiлiктi көбiрек үйретiңiз, дүниенi таныған баланың ақылы әлсiз болмайды. Бос арман, қиялдарға, мал-дүниеге берiлмеңiз.
Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам:
“Ей үмметiм, сiздердiң жақсыларыңыз, жанұясына жақсы болғандарыңыз. Мен де жанұяма жақсымын”, – деген.
Пайғамбарымыз ешқашан бiреуге күш көрсету, балағаттау, жәбiрлеу сияқты жаман iстердi iстемеген.
Кейбiр кiсiлер балаларының алдында әйелiн езе бередi. Ей, бауырым, мұнымен абырой таппайсыз. Тек балаларыңыздың көзiне жаман көрiнiп қаласыз. Ол сiзге әйел болса, балаларыңызға ана ғой. Қымбатты анасы ғой! Сiз өз анаңызды осы әйел орнына қойыңыз. кеңiз сөксе, ұрса, балағаттай берсе, қандай күйге түсесiз? йелiңiзге жақсы сөйлеңiз, балаларыңыз жадырап кетедi. Қайсы бiр әке балаларына ұнап жатқан болса, мұнда ананың қызметi бар екендiгiн бiлiңiз. Анасына жақсы сөйлеуiңiз себебiнен, ана балаларына сiздi мақтай бередi. кең жақсы адам…, деп ұқтырады. йге кiргенде зәресiн ұшырып, шыққанда сөгiп қағып кетсеңiз, “ей, әкең кеттi ме? ӘҺ, құтылдық па. Жұмыстан қайтқанынша ендi жайбарақат отырамыз”, – дейдi. Жәбiршiл әке ертеңгi күнi осы балалардың бiр ұрттам су беруiне зар болады. Осы әйелiңнiң бағуына зар болып қалуың мүмкiн. Осыны естен шығармаңыз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, айтады:
“Адамдардың ең жаманы — әйелiне, бала-шағасына сараңдық жасағаны”.
Кейбiреулер әйел, бала-шағасына жегiзбейдi, жақсы киiндiрмейдi. Жиып-жиып, абырой арттырамын деп үш күндеп, бес күндеп той iстейдi.
Яки жанұясына жегiзбей, iшкiзбей екi қабатты үй, үш қабатты зәулiм үйлер салады, машина алады. Ей, адамдар, мойныңыздағы Аллаһ жүктеген мiндеттi ұмыттыңыз ба?
Балалар жақсы жеуiн, жақсы киiнуiн мiндет етпеңiз. Балаларыңыздың ризығын iсiңiздi берекелi етiп Аллаһ берiп жатыр, естен шығармаңыз. “Балаларым көп жеп, көп iшiп жатыр” деп аузын бағып, iшiп-жегенiн есептеп жүретiн әкелер де болады. Бұған куәмiз.
Ей, адамдар, Аллаһ ризығын берiп тұр ма, жейдi де. Бiр күнi келiп, сiз де солардiкiн жейсiз. Қазiр сiз балаларыңызға мiндет етпей жегiзiңiз, қартайғаныңызда жамбастап жейсiз. Өскен соң, ол сiздi бағады. Жан-жағыңызға қараңыз, адамдар сауап үшiн өз перзенттерi тұрсын, өзгенiң балаларын жегiзiп, iшкiзiп жүр әрi өзiнiң перзенттерiн жегiзiп, әрi жетiм-жесiрлердiң басын сипап жүргендер қанша. Өз жанұясына жаны ашымаған адам басқаға жаны ашиды дейсiз бе? Аллаһ сақтасын, осындайдан.
Пайғамбарымыз айтады:
“Ең үлкен күнәлардың бiрi — ата-анасына, әйел, бала-шағасына қарамай қою, олардың хәлiнен хабар алып тұрмау, оларды бағудан басын алып қашу”. Құрметтi туыстар, бiлiп қойыңыз, ата-ана қартайғаннан соң сiздiң қарамағыңызда болады. йленсеңiз, сiздiң қарамағыңызда болады. Бала-шағалы болғаныңыздан соң, перзенттер қарамағыңызға өтедi. Оларды бағу, киiндiру, iшкiзiп-жегiзу еркекке парыз. Мiне, осы парыздарды толық орындамай жүргендер де бар. Қазiргi күнде дастархан жайып, халықты жиып, елге ас бередi. Жұрт шектен асып бара жатыр. Мiне осындай үлкен-үлкен ас берулер Исламда болмаған. Мұндай рәсiмдердi тыю бiздердiң — мүминдердiң мiндетiмiз.
Құп, ата-анаңызды соншалық жақсы көредi екенсiз, сауап талабында екенсiз, жол жөндеңiз, көпiр салдырыңыз. Бiр адамның қарнын тойдырсаңыз, бiр сауап. лгi халықты жиып, елге ас бергенге кеткен қаражатқа жол жөндетсеңiз бiрнеше мың сауап аласыз. Неге? Өйткенi, осы жолдан өткен адамдар сiзге тiлек тiлеп өтедi. Жол тозып бiткенше қанша қадам басылса, сонша сауаптарға ие боласыз.
Үлкен-үлкен мерекелерге, той-думандарға кететiн ақшаларға, жұмсалатын қаражат есебiне екi-үш шақырым ойық-шұңқыр, лай және шаң көшелердi жөндеп және тегiстеп қойсаңыз, мұндай iстердiң сауабы шексiз, орасан.
Бiрақ әттең, атеистiк дәуiрде көпшiлiгiмiздiң иманымыз әлсiреп қалған, iстерiмiзге рия араласып кеткен. Рия өзiмiздiң халық тiлiнде “Өзгелерге көрсету үшiн iстеу”, делiнедi. лкен той өткiземiн деп, бала-шаға ризығы қырқылады. Пәксiз әр түрлi жолдармен болса да дүние-мүлiк жинауға кiрiседi. Сонымен, әлбетте сараңдық, қанағатсыздық, ашкөздiк пайда бола бередi.
Сүйiктi Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейҺи уә сәллам, айтқан екен:
“Ердi бай ететiн, жанұяны берекелi ететiн әйел – ысырап етпейтiн, бос армандарға, әшекей бұйымдарға берiлмеген әйел”.
Ердiң мүлкiн сақтаушы, артықша әшекей бұйымдарға қызықпай, ерiм балаларымды бағып жатыр, бiздерге көңiл бөлiп еңбек етiп, қиыншылықтармен тауып келiп жатыр, осыны ысырап етпей үнемдейiн”,- деген әйел жанұяға береке кiргiзедi. Бiрақ қысқа ойлайтын әйелдерiмiз де бар, ерi сәл-пәл жақсырақ тапса, “Алтын жүзiк, сырғалар алып бер, дубленка пальто киемiн”, -деп ерiнiң тапқанын шашады. Қазiргi күнi күйеуге шыққан қыздарға берiлiп жатқан киiм-кешек, жиҺаздардың қымбаттап кетуiне дәл осындай пиғылдар себеп болып жатыр. Пайғамбарымыздың сахабаларының бiрi айтыпты: “ Осы бос арман қиялдарға берiлiп, әшекей бұйым, мал-дүниеге ашкөз болған, әйелдерден Қиямет күнiнде сұралмайды екен, олардың ерлерi сұралады екен. Қияметте, Аллаһ бұл күнәларды, әйелдерiн осындай етiп қойғандықтарын ерлерiнен көредi екен. Демек, әйелдерге уағыз-насихат айту керек. Әйелiңiзге, бала-шағаңызға харам мен халалдың айырмашылығын үйретiңiз. Ынсап, қанағат не? Тәкәппарлықтың ауыр күнә екендiгiн түсiндiрiңiз.
Ең қажет, керектi жаттығу, сабақ, бұл – тәрбие. Адамгершiлiк сабағы. Сенiм, иман сабағы. Балаңыз иманды болса, ата-анасын сыйлайды. Отанын, елiн сүйеді. Күнә• істерден өзін тыйяды. Балаларымыздың руханиятына көңіл бөлейік, рухани байлығын күшейтейік. Жүрегі қарайып кеткен надан адам, біреудi ұрсам, зор болсам, сындырып тастасам, теңгем көп болса, бәрін сатып алсам – деген жаман пиғылға берiледi. Өйткені сіз бен біз жақсы тәрбие бере алмай жатырмыз. Ниетi бұзық адамдар оларға мiне осы жаман қасиеттердi үйрету үшiн ұятсыз, зорлық-зомбылыққа үйретушi фильмдердi алып келiп, көрсетiп жатыр. Жастардың санасын соқыр сенiммен улап, арақ iшуге, наша, темекi шегуге, ойнастық iстеуге, жеңiл-желпi мәнсiз өмiрге үйретiп жатыр. Бұл да халқымызды, дiнiмiздi астыртын әлсiретедi. Бiз болсақ, мiне осы үлкейiп бара жатқан қателiктерден, кемшiлiктерден арылу, бала тәрбиесiмен шұғылдану орнына, кейде ұсақ-түйек әңгiмелер мен өсек айтумен, бiреудiң айыбын ашумен әуре боп жүремiз. “Зор боламыз” – деп жүрген жастарымызға дүниеде Аллаһтан басқа зор жоқ екендiгiн түсiндiруiмiз керек. “Менмiн” деген зорларға Аллаһ Та`ала бiр қыйыншылықты, бәлекеттi душар етiп қойса, өзiмен-өзi әуре болып қалады. Бiреуге зұлымдық iстеуге зор болма, адамгершiлiкте зор бол, ғибадатта зор бол. Пәктiкте, имандылықта зор бол, — деп оларға түсiндiру әрбiрiмiздiң борышымыз.
Аллаһ Та`ала жүректерiмiздi иман нұрымен толтырсын, дерттерiмiзге шипа, денсаулығымызға қуат берсiн. Елiмiзге тыныштық, амандық, ауызбiршiлiк, ынтымақ берсiн!
Әмин.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз