Дін: Аллаһу та’аланың жақсы, еңбекқор және шыншыл адамдарды жақсы көретінін, оларды жаннатқа кіргізетінін, ал жаман адамдарды жек көретінін, оларды жаһаннамда жазаландыратынын үйрету керек.
Сүйіспеншілік: Тәрбиеде өзара сүйіспеншілік, құрметтің маңызды болғаны секілді, салмақтылық, сабырлылық та өте маңызды. Отбасы ішіндегі берекесіздік, ата-ананың ұрыс-керісі, әсіресе ажырасуы бала психологиясында өте ауыр әсерін қалдырады.
Жазалау және ынталандыру: “Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, көшеге шығармаймыз” деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болса да, қандай жағдай болмасын баланы ұруға болмайды. Жаза көңілін қалдыратындай болмауы тиіс. Ешкімнің, өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед алып беру секілді сыйлықтар әперіп марапаттап тұру керек. “Бұл велосипедті әкем маған Құран кәрімді хатым еткенім үшін алып берді” деп айтатындай болуы тиіс.
Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді.
Айнала: Хадис шәрифте: «Адамның діні – досының діні секілді.» делінген. Жақсы ортаға және жақсы достарға қол жеткізуге тырысуы керек.
Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.
Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтерілді. Османдықтар осылай жасаған еді. Қазіргі таңда Америка және Еуропа елдері де (Османдықтардың осы бағытын ұстанып) осылай жасауда.
Мемлекетіміз жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте әсте қолға алуда. Әйтсе де балаларымыз әлі күнге дейін көп адамдық сыныптарда, лабораториясыз, компьютерсіз ортада білім алуда.
Баста үлкен қалалардан бастап айналамыз тыныш емес. Яғни сыртқы әлем қауіптерге толы. Бейнелі, баспалы ақпарат құралдарының басым бөлігі зорлық-зомбылық және жыныстық тақырыптарға көбірек бағытталған… Адами қасиет, әдептілік, ұяттылық сезімдерді жоятын, әр түрлі жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқаны үшін көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары бар.
Бүкіл ата-аналардың ортақ дерті балаларын жақсылап жетілдіру. Бұл тақырыпта бір өздерінің талыпыныстары жеткілікті емес. Балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек. Оларға дінін, отанын, байрағын жақсы көргізетін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін, құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.
Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада, жақсы адамдармен көрші болу керек.
Барлық нәрсе терісімен, қарама-қайшылығымен қайтарылады. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Сол себепті өзімізді қинап болса да жақсы амалдар істеуге дағдыландыруымыз керек, бұларды әдетке айналдыруымыз керек. Бала әрекеттері және мінезі жақсы адамдармен дос болса, жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады. Балалар осы негіздер бойынша жетілетін болса дүние және ахырет бақытына қол жеткізіледі.
Қиямет күні ата-аналар баласына үйретуі керек болған ілімдерден жауапты болады, міндетін атқармаған болса немесе құсыр еткен болса, жазасын көреді. Балаларын исламның мінез-құлқымен жетілдірмегендер дүние және ахирет пәлекеттеріне ұшырайды. Балаларын Ислам мінезімен тәрбиелегендер қандай бақытты адамдар…
Мінез өзгере ме?
Сұрақ: “Жан шығады, бірақ мінез шықпайды” деп айтылады, сонда жаман мінезді өзгертуге болмай ма?
Жауап: “Жан шығады, бірақ мінез шықпайды” деген сөз, шәһуат, ашу секілді адамның жаратылысындағы қасиеттердің толығымен жойылмайтындығын білдіру үшін айтылған. Тәрбие ету басқа, жоқ қылу, жою басқа. Адам насихатпен тәрбиеленуі мүмкін. Құран кәрімде: «Насихат мұсылмандарға әрине пайда береді.» делінген. (Зарият 55)
Мінез-құлықты өзгертуге болғаны үшін, бала тәрбиесі туралы айтылған хадис шәрифтерде былай деп бұйырылған:
«Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі ақыларынан.» (Бәйһақи)
«Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіріңдер!» (Ибн Мажә)
«Баланы тәрбиелеу тонналап садақа беруден де артық сауап.» (Тирмизи)
Бала тәрбиесінің маңызы
*Балаға дерт, қиындықтарымызды айтпау керек, қуанышымызды айтуға болады.
*Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны жақтамау керек.
*Оның қасында үнемі күлімдеген, жылы жүзді болуға тырысу керек. Көңіліміз жабырқаңқы болуы, балаға тез әсер етеді.
*Оны өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау керек.
*Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп жөндеуге тырысуы — өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.
*Баланы өтірікшілікпен кінәламау керек.
*Бауырларының арасында бөлмеу керек.
*Тәкаппарлықтың (кібірдің) жаман қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.
*Баланың қателіктері болады. Дереу жазаландырмау керек. Қателігін, зиянын айтып түсіндіру керек.
*«Сен адам болмайсың», «Сенен қойшы да шықпас» деген секілді айыптаулардан ұзақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін азайтып, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады.
*Бала үлкендерден көргенін істейді. Сондықтан оларға жақсы үлгі болу керек.
*Бала сүйікті болуға, ойнауға, сөйлесуге мұқтаж болады. Бала өзіне суық, қатал және қатты сөйлеген үлкендерді өзін жақсы көрмейді деп ойлап дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан олармен мейірімді, күлімдеген жүзді, жылы сөзді мәміледе болу керек.
*Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.
*Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.
*Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де істемейтін болады.
*Әулие кісілердің өмірбаянын, ғибратты оқиғаларын айтудың бала санасының жетілуіне және бұдан үлгі, өнеге алуында да маңызы зор. Баланың түсінетіндей және тәрбиелік мәнді болғандарын таңдап айтып беру керек.
*Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу керек. Бұлар айта береді, бірақ орындамайды дегізбеу керек.
*«Кісінің діні – досының діні секілді»,- деген хадис шәрифті негізге алып, жақсы адамдармен дос болуын қадағалау керек.
*Сыр, құпияларды балаға естіртпеу керек.
*Балаға неғұрлым сабырлықпен, түсіністікпен қарайтын болсақ, соғұрлым болымды нәтиже аламыз.
*Сөздеріне мән берілмейтін немесе үнемі сынға алынатын бала – тұйық, өзіне сенімсіз және қызба мінезді болады.
*Баланың жанында басқаларды жамандамау керек.
*Баланы күш қолданып, ұрып жөнге салуға тырысқан ата-ана, баланың қызба мінезді, мейірімсіз, жауыз болып өсуіне және өз қиыншылықтарын күштеп шешуге тырысуына себеп болады.
*Баланың бетінен және басынан ұрмау керек.
*Балаға айтылатын сөздің өзінен бұрын оның қашан және қалай айтылуы маңызды.
*Жақсы істері мен сөздерін мақтап, марапаттау керек, ал жамандықтарының зиянын жұмсақ тілмен түсіндіру керек.
*Сын айту дұрыс болмағанындай асыра мақтау да дұрыс емес. Тым қатты жақсы көру және мақтау – баланы еркелетіп жібереді.
*Баланы кіналау, лақаб ат қою, мазақ қылу, қорқыту дұрыс емес. Бар! Кел! деген секілді бұйрық сөздердің орнына барасың ба? келесің ба? деген сөздерді қолдану керек.
*Бала әдепті сөйлеу керек. “Өтініш, рахмет, кешіріңіз” деген секілді сөздер қолдануын үйрету керек.
*Қателескен кезіміз болғанда қатемізді мойындап, кешірім сұраумыз, баланың да қатесі болғанда кешірім сұрауды үйренуіне жол ашады.