1- Баланы ұру мінез-хұлқының бұзылуына, ашуланшақ болуына себеп болады.
2- Таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды.
3- Таяқ жеу балада әке-шешесіне қарсы ашу-ызаға жол ашады. Бала өзінің істегенін жаман нәрсе деп ойламайды, өзін кінәлі деп сезінбейді, керісінше өзін ұрған адамды кінәлі деп көреді.
4- Таяқ жеп өскен бала ашуланған кезінде ол да күш қолдануға кірісетін болады, басқаларды ұрады. Осылайша таяқ жеуі қызбалыққа себеп болады.
5- Сөз түсінетін жастағы баланы ұруға болмайды. Сөз түсінбейтін баланы болар-болмас қана ұру жеткілікті. Бастан, беттен ұру, таяқпен сабау өте зиянды.
Баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сезіндіру керек. Пайғамбарымыз бала-шағаны ұрмауды әмір еткенімен, тәрбиелеу үшін жазаланатынын, ұрылатынын сезіндіру керек екендігін білдірген. Бұл тұрғыдағы хадис шәрифтердің бірі мынадай:
«Үй халқын тәрбиелеу үшін таяқтарыңды олар көретін жерге іліп қойыңдар!» (Табарани)
Баланы қалай тәрбиелеу керек
Сұрақ: Балаларымызды қалай тәрбиелеуіміз керек? Тәрбиеде нендей нәрселерге мән беруіміз керек?
Жауап: Тәрбиеде “былай істе, мұны істеме” деудің орнына жүріс-тұрысымызбен балаға үлгі болуымыз керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді.
Мысал:
Бір сауда керуені түнделетіп Мәдина қаласының сыртына қонақтайды. Әбден шаршаған жолаушылар қалың ұйқыға батады. Бұларды көрген халифа хазіреті Омар, Абдуррахман бин Ауфқа: «Бүгін түнде бір керуен келді. Барлығы кәпірлер екен. Бірақ бізге сенім артып келген екен. Олардың заттары құнды және көп екен. Қарақшылар немесе жат елдік адамдар бұларды тонап кетуі мүмкін. Сондықтан барып оларды күзетіп қорғап тұрайық!»,- дейді. Таңға дейін күзетіп, таң намазында мешітке кетеді. Керуендегі бір жігіт түні бойы ұйықтамай, бұларды аңдып шығады. Сұрастыра келе бұл екі кісінің біреуі халифа екендігін білгенде, достарына келіп болған жайды айтады. Халифаның бұл ісіне тәнті болған жолаушылар, ислам дінінің хақ дін екендігін түсініп, барлығы мұсылман болады.
Әкесі темекі шегетін, құмар ойнайтын болса, баласына “бұларды істеме!” деп айтуы оншалықты әсерлі болмайды. Өйткені бала “бұлар жаман болса, әкем жасамайтын еді” дейді. Жақсы нәрселер жасалынса балаға үлгі болады. Балаға жақсылық жасаудың пайдасын түсіндіру керек. Осылайша бала өзімшіл (эгоист) болудан құтылады. Өзімшіл болып өскен балалар қоғамға үйлесе алмайды, тіпті салт-дәстүр, әдет-ғұрып және заңды да танымайтын болады.
Тәрбиедегі негізгі факторлар
Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білеуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі, сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі. (3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең – баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)
Рух: Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал тас жүрек балаларға көңілін жібітетіндей өнегелі, ғибратты мысалдар айтып, сезімтал болуына тырысу керек.
Қалау: Мықты қалауға, ерік күшіне ие болуына тырысу керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп, өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті балалардың тәрбиесі де қаталдау болуы керек. Алайда балаға мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.