https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

АТА-АНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АХЛАҚТЫҚ ҚЫРЛАРЫ

21 Jun 2022 0 comment Оқылды: 293 рет

Ислам отбасының тағы бір ерекшелігі отбасындағы ата-ана құрметке ең лайықты жандар болып есептеледі. Оларды қолдан келгенше ренжітпеу керектігі айтылады. Шариғат рұқсат еткен шеңберде талап-тілектерін бұлжытпай орындау керек. Бұл мәселеге шариғат кеңінен тоқталады және Құран Кәрімде Алланың құқығынан кейінгі құқық ата-анаға беріледі: “Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мейірім құшағын жайда: Исра 23-аятында осылай келеді “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, Сен де оларды мейіріміңе бөлей көр!”, – де .Әнам 151-аятында “Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін түсіндірейін: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер, кедейліктен балаларыңды өлтірмеңдер!”.Тағы да шүкір ету бірінші Аллаға, одан кейін ата-анаға шүкір етілетінін баяндайды, сонымен бірге, ата-ананың дәрежесінің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді: Лұкман 14-сүресінде: Біз, ‘Маған және ата-анаңа шүкір ет.’ деп адамдарға насихат жасадық”.

Жоғарыда айтылғандай, «ата-ананың барлық талаптары орындалады» дегенде, бұл әмірді «шариғат рұқсат еткен шеңберде айтқандарын орындау керек» деген шартпен пара пар. Жоғарыдағы аятта, негізінде отбасының ішкі қарым-қатынасын және сыртқы қарым-қатынасын, яғни, қоғаммен байланысты қарым-қатынасты ислами құндылықтарды және үкімдерді негізге ала отырып, бағыт-бағдар алуды бірінші кезекке қояды. Бұл дегеніміз: ислами отбасы деп –Алланың әмірлері мен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) сүннетіне сай әрекет етіп, өмір сүретін отбасыны айтады. Адамның жаратылысына байланысты Құран Кәрімде былай деп баяндалады: “Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар” (Рум 30/21). Олай болатын болса, ислам отбасының ең негізгі ерекшелігі, сол отбасының тыныштықтың мекені және махаббат пен мейрімділіктің ошағына айналуында. Балалар осындай тыныштық пен береке орнаған отбасында тәрбиеленді және араларындағы сыйластықпен, мейірімділік нәтижесінде үлгілі тұлға болып қалыптасады.

Мұсылман отбасы ерекшеліктерінің тағы бірі — ата-ананың балаларына Алланың аманаты ретінде қарап, олардың арасын бөлмей және қамқорлықпен бағып қағу. Баланы беруші және оның ұл, әлде қыз екенін анықтайтын ол әрине, Жаратушы Құран аяттарының Шура 49 - 50 сүресінде: «Аспан мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол, толық білуші, аса құдіретті»,-деп келсе. Ұлы Жаратушы, ата-анадан баланы көздің қарашығындай қорғап және жақсылап тәрбие беріп, оларды жаман жолға кету қаупінен арашалап қалуды талап етеді: Әнғам сүресінің 140-аятында: «Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды»-деу арқылы баланың да аса қадірлі екенін көрсетеді. 

Отбасы тіршілігінің мәні мен сәні болған балалар, негізінде әрбір ата-ананың өмірдегі кездесетін сынақтарының бірі деуге болады. Өйткені, ата-ананың ұрпағына берген тәрбиесі олардың өнегелі тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады. Сондықтан, оларға берілген жақсы тәрбиелеріміз о дүниедегі сыйға себепші болады. Әнфал сүресінің 28-аятында: «Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар!».

Ислам құқығындағы отбасы парасаттылықпен даналықпен балаларға тәлім тәрбие беруі тиіс. Лұқманның осы мәселеде ұлына қалдырған өсиеттері, Құран Кәрімде өнеге болуы үшін бізге де жеткізілді: (Лұқман): “Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде не жерде болса да, Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла толық білуші. Әй ұлым! Намазды толық орында. Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден. Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді. Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы”. Лұқман 31/16–17. Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с): «Ешқандай ата-ана баласына жақсы тәрбиеден артық ешнәрсе бере алмайды» деп, тәрбиенің маңыздылығына ерекше мән берген. Исламдағы отбасының тағы бір ерекшелік – әрбір отбасының мүшелері арасындағы қарым-қатынасты сауапты іс деп қарайды. Себебі, отбасы мүшелерінің міндеттері Құран Кәрімде баяндалған, сонымен қатар, сүннетте де ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы міндеттері шариғи тұрғыда қарастырылып және осы мәселелер жөнінде ескертілген. Не болсада ата-ана әр бала үшін ұлы тұлға және оның құрметтеу принцптерін ислам ахлағы өз орнымен әдемі көрсеткен.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз