Аса қамқор ерекше мейірімді бір Алланың атымен бастаймын.
Салауаттар мен сәлемдемелер Пайғамбарымызға болсын. Бүгінгі қозғап отырған тақырыбым қоғамды алаңдатып тұрған ұрпақ тәрбиесі. Ұлт болашағы жайында аз-кем насихат айтуды жөн көріп отырмын. Қазіргі уақытта біздің жас буындарымыздың тәрбиесі күрт өзгеріп барады. Оның ең басты өзгеру себебі – интернет желісінің әсері және сол интернетті дұрыс пайдалана алмауымыз. Жас буын ол бір жаңа егілген шыбыққа ұқсайды, оны кішкентай күнінен бастап қарамаса ол қыңыр қисық болып өсіп ештеңеге жарамай қалады. Сол жас шыбықты суғарып, қисайса түзеп, артық бір бұтақ пайда болса, оны кесіп отырса, онда ол түзу өсіп көп пайдасын тигізеді. Жас буындар көп интернет желісінде отырып, әртүрлі видеоларды көріп музыкаларды тыңдап ой-өрісін уландырып жүргенін көріп жүрміз. Ол видеолар мен музыкалар әртүрлі тақырыпта болғандықтан оны көрген жас буын әртүрлі кері әсерлер алып санасын улауда. Бұл жерде айтпағымыз интернетті түбегейлі тастау керек деген ұғымнан аулақпыз, бәлкім жақсылыққа сана сезімді дамытуға қоғамға қандай да бір жақсы жағдайға үлес қоссақ ілім-білім алуға жақсы жаққа пайдасын асыруға пайдалансақ нұр үстіне нұр болар еді. Байқап отырсақ кәзіргі қоғам қарыштап күнбе-күн даму үстінде. Біздің болашағымыз жарқын болу үшін ұрпақ тәрбиесіне мән беруіміз қажет. Сол ұрпақты тәрбиелеу ең басты мақсатымыз.
Алла Тағала Қасиетті Құранда ар-Ра’д сүресінің 11-ші аятында былай дейді: «Қай бір қауым өзін – өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді». Біздің ұрпағымыз өзгерсін десек сол өзгерісті өзімізден бастау керек. Осы аятқа мән беріп қарайтын болсақ біз өзімізді өзгертуге және ұрпағымыздың болашағы жарқын болуына ат салыссақ деген ойдамын.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде былай дейді: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар - ол денсаулық және бос уақыт».
Сондықтан сынаптай өтіп жатқан уақытымыздың қадірін біліп ұрпағымыздың дені сау ілімді-білімді көкірегі ояу болып өсуіне мән берсек екен.