https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАЛАНЫҢАЛДЫНДАҒЫАТА-АНАНЫҢАҚЫСЫ.

28 Mar 2021 0 comment Оқылды: 464 рет

Ұлы Алланың адам баласына бергенең үлкен сыйы– ізін жалғастыратын ұрпағы екендігі белгілі.Сол ұрпақтыңалдындағы ата-аналықборышымызды толық орындап жүрміз бе?! Ұлы Жаратушы Алла Тағала Құран Кәрімнің «Тахрим» сүресі, 6 аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنْفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ عَلَيْهَا مَلَائِكَةٌ غِلَاظٌ شِدَادٌ لَا يَعْصُونَ اللَّهَ مَا أَمَرَهُمْ وَيَفْعَلُونَ مَا يُؤْمَرُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді һәм отбасыларыңды (имандылыққа, адамгершілікке баулу арқылы) отыны адамдар мен тастардан тұратын оттан қорғаңдар! Оның басында қорқынышты, аяуды білмейтін, тым қатал жауапты періштелер болады. Олар, әсте Алланың әміріне қарсы келмейді және өздеріне берілген бұйрықтыбұлжытпай орындайды» – деген.

Бұл аятта Ұлы Алла Тағала біздерге отбасын Жаратқан Алланыңқаһарынансақтаудың маңыздылығын көрсетіпотыр.Олайболса бізді Алланыңашуынтудыратынұрпақ өсіруден тияды. Керісінше, Жаратқан Алланың ақиқатын таныған, жаратылыстарының сырына үңілген салихалы ұрпақ тәрбиелеуге үндейді.

حديث آخر عن النبي (صلى الله عليه واله) : من حق الولد على والده ثلاثة : يحسن اسمه، ويعلمه الكتابة ، ويزوجه إذا بلغ

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде:«Ата-ананың ұрпақ алдында үш міндеті бар!»– деген. «Оның біріншісі –жақсы ат қою. Екіншісі – Алланың кітәбін үйрету.Үшіншісі – балиғат жасына толғанда үйлендіру».

Жақсыат қоюдағы мақсат – ұрпағының атына сай азамат болсындегені. Алланың кітәбін үйрету дегені – Жаратқан Алла тағаланың кәламы Құран Кәрімде адам баласының жан-дүниесіне тәрбие беретін көптегенөнеге, ғибрат бар. Соны санасына сіңіру. Жасы жеткендеүйлендіру – жақсы жұбай тауып, бақытты отбасына бейімдеу.Бұл күнде ұрпағының алдындағы міндеттердіорындамай опық жеп жүргендер қаншама?!

Ертеде халифа Омар әл-Хаттабқа бір адам ұлын ертіп келіп:

– Баламменің айтқанымдытыңдамайды.Ата-ананықақсатудың азабын айтсаңыз, – деп өтініш білдіреді.Халифа әлгібалаға қарата: «Ата-ананың мынадай, мынадайхақысы бар екенінбілмейсіңбе, ей балақай?!– дейді.Бала болса:

– Уа, мұсылмандардың әміршісі, ата-ананың баласыныңалдында хақысы барма?– деп сұрайды.

Халифа:

– Бар, әрине.Жақсы ана таңдау, жақсы ат қою, Алланыңкітәбінен көркем өнеге үйрету,– дейді. Сонда әлгі бала:

– Алланың атымен ант етейін, менің анам 400 дирхамға сатып алынған күң еді.Атым болса жабайы хайуанның еркегі деген мағына береді. Ал, Алланың кітәбінәнбір аят болсын білмеймін. Осыған не дейсіз? – деді. Халифа әлгі кісіге бұрылып:

– Балаң сені қақсатудан бұрынсен балаңды қақсатыпсыңғой.Менің жанымнан аулақ кет!– деп кейіс білдіріпті.

Дана бабаларымыз:«Балаң жақсы болса жердің үстіжақсы,жаман болса жердің асты жақсы» депбекерайтпасакерек. Сондықтан қазақтың Алладан:«Бала берсең санабер!»– дептілеуіҚұранның «Фурқан» сүресінің74 аятынан алынған. Онда:

وَالَّـذِيْنَ يَقُوْلُوْنَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ اَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ اَعْيُنٍ وَّاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِيْنَ اِمَامًا

                                                     «Сондай-ақ олар: «Уа, Раббымыз! Әйелдерімізді,үрім-бұтағымызды (тура жолға салып) көз қуанышымыз еткейсің!Һәм бізді тақуалықта өзгелерге имам (жетекші әрі үлгі-өнеге) қылғайсың!», – деп тілейді» – деген терең мағына жатыр.

Бұл аяттан баланыжақсы тәрбиелеудің маңызды екендігін түсінуге болады.Ұрпағына жақсы тәрбие бере алмаған адамның өмір сүруінің өзі қиын боларын көрсетіп отыр.

قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: رَحِمَ اللهُ وَالِداً أَعَانَ وَلَدَهُ عَلَى بِرِّهِ

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде:«Баласының жақсылық жасауына жәрдем еткен ата-анаға Алла мейірімін төксін»– деп айтқан.

Сондықтан балаларымыздың жақсы адам, салихалы ұрпақ болып қалыптасуына қолдан келген қамқорлық пенмейірімдіаямағанымыз жөн.Себебі, бала-шаға үшін жинап берген қазынамыз көп ұзамай бітетіні ақиқат.Ал, бойына сіңген адамгершілікпен ізгі қасиетөмірінің соңына дейін таусылмас азық болады. Данахалқымыздың: «Жақсыәке жаман балаға қырық жылға азық» – деген сөзі осы өнегелі тәрбиені меңзеген.

Тәрбиесіз ұрпақ қалдырған ата-ананың артынан бала шағасының жасаған әрбір жамандығы зиян болып жетерісөзсіз.Сол себепті, пайғамбарлардың өзі Алладан ізгі ұрпақ сұрап жалбарынған. Жалпы, «Фұрқан» сүресіндегі дұғаның түп-төркінітереңде жатқаны белгілі.

Бүгінде бар тапқанын аузына тосып,мәпелеп ер жеткізгенбаласын:«Көзіме күйік болдың»– деп зарланып жатқан қаншама ата-ана бар?! Себебі, бала тәрбиесін ұмыт қалдырудың бұдан артық жазасы болмас.Сондықтан балаға мейірім төгіп, әдемі тәрбие бере тұрып, қандайжағдайда болмасын түкке тұрмайтын нәрсеге бола тіл тигізіп, қарғамауымызкерек.

Абдуллаһ ибн Мубарак деген ғалымға бір кісі келіп:

–Балам өте бұзық, ахлақсыз өсіп келеді,– депті. Сонда ғалым:

– Сіз балаңызды қарғайтынба едіңіз?!– деп қарсы сұрақ қойыпты. Әлгі кісі:

– Иә, кішкене күнінде,тіл алмағанда кей-кейде қарғаптұратын едім, – деп жауап беріпті. Ғалым:

– Ата-ананың жақсы болсын, жаман болсын ұрпағына жасаған дұғасы міндетті түрде қабыл болады!– депті.

Тәрбиелі, мейірімді,саналы,адамзатқа пайдалы ұрпақ қалдырып, дүниеден өтіп кетсек баламыздың жасаған дұғасы, игілікті ісі жақсылық болып жанымызға қуат берері анық.

إِذَا مَاتَ ابنُ آدم انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثٍ: صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أو عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Адам дүниеден өткен соң үш нәрсесініңсауабы артынан үзілмей барып тұрады. Оның біріншісі – мешіт, медересе, көпір сынды жария садақасы.Екіншісі – адамдарға пайда беретін білімі.Үшіншісі – ата-анам депдұға жасайтын ізгі ұрпағы» – деген.

Алла баршамызға ізгі әрі салихалы ұрпақ нәсіп етсін.

Ескелді аудан                                                                                               бас имамы                                                                           Ордыбай .М.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз