https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ ЖАЙЛЫ ХАДИСТЕР

27 Apr 2015 0 comment Оқылды: 1750 рет

Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтыңатымен бастаймын Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға мақтаулар, ең соңғы елшісі болған әрі адамзат баласына Аллаһтың сөзін жеткізіп, тура жолды көрсетуші Мұхаммедке с.а.с. Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Хира үңгірінде отырған Мұхаммедке с.а.с.[1] Жебірейіл а.с. періште келіп, оған алғаш Құранның бес аятын әкеліп «ОҚЫ» деген болатын. Сонда пайғамбар «Мен оқушылардан емеспін (яғни, оқи алмаймын)» деген еді. Бұдан соң періште пайғамбарды с.а.с. бірнеше мәрте қатты қысып тағыда «ОҚЫ» деді. Осыдан кейін барып пайғамбар с.а.с. періштенің оқыған аяттарын қайталап оқыды. Мынадай жағдайға душар болған Мұхаммед с.а.с., асыға, бойына қорқыныш билеген бойда үйіне қарай жүгіріп, жұбайы

Хадижаға р.а.[2] «Мені ораңдаршы, бүркеңдерші» деген еді. Кейінірек болған жайтты жұбайына айтып берді. Хадижа анамыз Мұхаммедтің с.а.с. пайғамбар-лығына адамдардың ішінен иман келтірген ең бірінші әйел адам болды. Мұсылман әйелдер Жер бетінде Исламның таралуына көптеген үлес қосты әрі әлі күнге дейін дініміздің таралуына атсалысуда. Аллаһ тағала Құран кәрімде әйелдерге байланысты, ер кісілерге былай дейді: «Олармен жақсы, байыпты түрде мәміле жасаңдар» (Ниса сүресі, 19-аят), осы себепті ер кісілер әйелдермен жұмсақ, жақсы түрде мәміле жасауға тиісті екен. Раббымыз Аллаһ, Өзіңе ғана құлшылық қыламыз әрі Өзіңнен ғана жәрдем тілейміз. Бізді бақытқа, бейбітшілікке жетелейтін тура жолға түсіріп, адасушылардың қатарынан қыла көрме. Амин.

  1. Аллаһ Елшісі с.а.с. былай деген: «Аяғы ауыр болып, құрсақ көтеріп жүрген әйел дүние салса, шаһиттердің[3] қатарынан болады» (Хадисті Убада ибн Самиттен Ибн Саъат риуаят еткен).
  2. Бір күні Аллаһтың Елшісіне с.а.с. бір әйел баласымен келеді, сонда Пайғамбар с.а.с. былай деді: «Аяғы ауыр әйелдер, дүниеге бала әкеліп әрі балаларға қамқор, күйеуіне адал, айтқанын екі етпейтін болса, намазын өз уақытында оқыса, барар жері Жәннат болады». (Абу Амамадан Ахмад, Ибн Мажа және Байхақи риуаят еткен).
  3. Бір күні Аллаһтың Елшісі с.а.с. әйелдерге байланысты былай деді: «Сіздердің әр біріңіз бақытты емессіздер ме? Күйеулеріңізден құрсақ көтерсеңіздер, ал күйеуі оған разы болса. Егер осылай етсеңіздер ол әйелдің аяғы ауыр болған әр бір күніне, күні бойы ораза ұстап түнімен намаз оқып шығушының сауабындай сауап жазылады. Босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, аспандағы періштелердің өзіде Аллаһтың ол әйел үшін қандай сый-сияпат әзірлегенінен бейхабар болады. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін де Аллаһтың сол әйел үшін дайындалған сыйлығын алады. Нәресте түнімен жылап, анасына ұйқы бермей, ал анасы түні бойы баланы жұбатып, емізіп шыққандығы үшін Аллаһ жолында жетпіс құлды азат еткендей сауапқа ие болады. Сіздер менің қандай әйелдер жайында сөз жүргізгендігімді білесіздер ме? Олар Аллаһқа мойынсынушы, күйеулеріне бағынып, айтқанынан шықпаушы әрі істеген жақсылықтарын тез арада ұмытушы әйелдер». (Хадисті Хасан ибн Суфяннан Табарани риуаят еткен).
  4. «Құрсақ көтерген әйел, бала босанып әрі нәрестені емізгендігі үшін, Аллаһ жолындағы сарбаздай болады. Егер осы уақытта дүние салса шаһидтің дәрежесіндей дәрежеге ие болады». (Хадисті ибн Умардан Табарани риуаят еткен).
  5. «Әйел адам құрсақ көтерсе оған Аллаһ жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады Ал босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, Аллаһтың ешбір жаратылысы ол әйел үшін қаншалықты сый-сияпаттың әзірлегенін білмейді. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін, нәрестенің әр бір емген сәті үшін де марапатталады. Өліні тірілткендей болады. Баланы емізуді доғарған уақытта, періште оның иығынан түртіп, «сый-сияпат алуды жалғастыр» дейді». (Хадисті Абдуррахман ибн Ауфтан Абу Шейх риуаят еткен).
  6. «Күйеуі разы болған мұсылман әйел дүние салса, жәннаттық болады». (Умму Саламадан Тирмизи риуаят еткен).
  7. «Егер мұсылман: жүректі, тілі тек қана Аллаһты зікір ететін, шыдамды яғни, денесімен ауыртпашылық көтере алатын болса әрі денесімен, күйеуінің мүлкімен сауда етпейтін әйелі болса, онда ол екі дүниенің де жақсылығына ие болады». (Ибн Аббастан Байхақи риуаят еткен).
  8. «Егер әйел кісі күнделікті парыз етілген бес уақыт намазын қаза қылмаса, Рамазан айында ораза тұтса, өзін бөтен еркектерден сақтай білсе, күйеуіне адал болса, онда оған: «Жәннаттың қай есігінен кіруді қаласаң, сол есігінен кір деп айтылады». (Анастан Дилми риуаят еткен).
  9. «Әйелдеріңнін ең жақсысы – салиқалы, күйеуіне адал болғандары». (Анастан Дилми риуаят еткен).
  10. «Ең жақсы әйелдер – олар сондай, қарағанда көңілің толады, бір нәрсе айтсаң бойсұнады, сенің жоқтығыңда өзін әрі сенің мүлкіңді сақтай біледі». Осы сөздерді айтқан соң Аллаһтың елшісі «Ниса» сүресінің 34-ші аятын оқыды: «Еркектер әйелдерге басшы. Өйткені, Аллаһ бірін – бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар, дүние – мүлкінен пайдаландырады. (Әйелдерге мәһір, нафақа береді). Ал, жақсы әйелдер – бой ұсынушы, Аллаһ қорғауға бұйырған абыройын қорғаушы». (Хадис Абу Хурайрадан).
  11. «Түннің бір жартысында тахажжуд[4] намазын оқуға тұрып әрі күйеуін оятып, екеуі бірге намаз оқыған әйел және күйеуін оятқанда тұрмағандығы себепті бетіне су шашқан әйел Аллаһтың қамқорлығында болады». (Абу Хурайрадан Абу Дауд риуаят еткен).
  12. Бір күні пайғамбарымыз с.а.с. сахабаларымен[5] бірге отырған уақытта, оған с.а.с. Язидтің қызы Асма келіп былай деді: «Сен мен үшін әкемсің анамсың, мен саған әйелдердің атынан сөйлеп келдім әрі сен үшін жанымды пида етуге дайынмын. Шығыстан Батысқа дейінгі барлық әйел менің пікіріммен келіседі. Сен әр бір ер және әйелге Аллаһ тарапынан жіберілген, ақиқат жолды көрсетуші елшісің. Біз саған әрі сені жіберген Раббыңа иман келтірдік. Мен көптеген үйінде отырған әйелдердің бірімін. Айтқандарыңызды орындаймыз, қарынымызда балаларыңызды көтеріп жүреміз. Ал сіздер еркектер бізге қарағанда жоғарысыңдар, жұма намазына барасыңдар, намазды жамағатпен оқисыңдар. Жылда қажылық сапарын жасайсыңдар. Аллаһ жолында шайқасасыңдар. Ал біз, сіздер қажылыққа немесе жорыққа кеткендеріңізде өзіміздің әрі сіздердің дүниелеріңізді қорғаймыз. Жыртық жамап отырамыз. Не себепті бізде Аллаһтың игі істеріне қатыса алмаймыз». Сонда пайғамбар с.а.с. сахабаларына бұрылып қарап: «дін істеріне байланысты әйел кісіден мынадай тамаша сұрақты естіп көрдіңдер ме?»,-деп сұрады. Кейін Асмаға қарап былай жауап берді: «әйелдерге мына сөздерімді жеткіз: сендердің ең жақсыларың, күйеуінен бір нәрсе сұраған уақытта, ол онымен қанағаттанатын, күйеуінің айтқандарын орындап, пікірлерімен келісетін әйел. Осыны іске асырушы күйеуінің бұйрығын орындап, пікірлерімен келіскен болып есептеледі. Осы істерді орындау, күйеуінің Аллаһ жолында атқарған істері әрі әйелі қатыса алмаған істері үшін де алған сыйлығымен тең болады». Мына сөздерді естіген әйел бұрылып, «Лә иләһә иллаллаһ, Аллаһу акбар» деп айтып, кері қайтты».
  13. «Егер әйел жақсы жанұядан және сұлу болса. Күйеуі өзінен бұрын дүние салып, күйеуі қайтыс болған соң басқа күйеуге шықпай, сауық-сайран құрмай, боянбай кәмелет жасқа келгенше балаларын тәрбиелесе немесе дүние салса, онда ол әйелдің жәннаттағы дәрежесі Менімен[6] бірдей болады». (Абу Хурайрадан әл-Хараити риуаят еткен).
  14. Бір күні бір адам пайғамбарға с.а.с. былай деді: «Менің әйелім мен үйге кірген уақытта: «Қош келдің! Менің әрі осы шаңырақтың қожайыны»,-дейді. Мұңайғанымды көрсе: «Бұл өмір сені мұңайтпасын, саған арғы дүние жеткілікті болады»,-дейді. Сонда Аллаһтың елшісі с.а.с.: «Оған айтып барғын: ол Аллаһтың қызметшілерінің бірі, әрі оған, Аллаһ жолында күресушіге берілетін сый-сияпаттың жартысы жазылады». (Абдулла әл-Уадахиден әл-Хараити риуаят еткен).
  15. Айша р.а. анамыздың риуаяты бойынша: «Бір күні маған бір пақыр, кедей әйел екі қызымен келіп, тамақтандыруын өтінді. Мен олардың әр біріне бір құрмадан бердім. Әйел өзіне тиесілі құрманы аузына сала бергенде балалары құрма берші деді. Құрманы жеместен екіге бөліп қыздарына берді. Бұл жәйт мені елең еттіріп, мен оны пайғамбарға с.а.с. айттым. Сонда Аллаһтың Елшісі с.а.с.: «Шын мәнінде, сол әйелдің істеген жақсы ісі үшін Аллаһ оны жәннатқа кіргізіп, тозақ отынан аман сақтайды»,-деді. (Айша р.а. анамыздан Муслим риуаят еткен).
  16. «Жер бетінде жақсы, ізгі амал істегендері үшін жәннатқа кірген әйелдер, хор қыздарынан да сұлу болады. (Хаббан ибн Хабладан ибн әл-Мубарак риуаят еткен).
  17. «Осы өмірде бір әйел күйеуіне зарар беретін болса, хор қыздарынан болған ол еркектің жәннатғы әйелі: «оны ренжітіп, мұңайтпа, жазаңды Аллаһ берсін. Ол тек қана сенің қонағың, ең жақын арада сенен айырылып, бізге (яғни, хор қыздарына[7]) оралады»,-дейді екен». (Муъаз ибн Жәбалдан Тирмизи риуаят еткен).
  18. «Салиқалы әйел, ізгі амал істемейтін мың еркектен хайырлы». (Хадисті Умар ибн әл-Хаттаб жеткізген).
  19. «Мына дүниенің жалғандығы – ол өткінші бір өмір ғана. Өткінші өмірдегі қолдануға берілген жақсылық – ол салиқалы, жақсы әйел». (Абдуллаһ ибн Амр әл-Ъастан Муслим риуаят еткен).
  20. «Менің үмметімнің ең жақсы әйелдері, күйеулеріне сәлемі түзу (яғни, бойсұнушы) және қанағатшылдары». (Айша р.а. анамыздан ибн Ғади риуаят еткен).
  21. «Сендердің ең жақсы әйелдерің, дүниеге бала әкеліп, қамқоршы болғандары. Аллаһқа нық сеніммен иман келтіргендері. Ал ең жаман әйелдерің, жартылай жалаңаш киініп, менмендігі асып тұрғандар. Екіжүзді, бетпақ әйелдер ешуақытта жәннатқа кірмейді. Салиқалы, ізгі әйелдер ақ қарға секілді өте аз болады».
  22. «Бір күні, бір адам Аллаһтың Елшісіне с.а.с. келіп, былай деп сұрады: «Уа, Аллаһтың Елшісі с.а.с., адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас қылуға, жақсы сөз айтуға лайықтырағы кім?» Ол кісі: «Анаң» деді, одан кейін деп сұрағанда, «Анаң» деп жауап берді, ал одан кейінше деп сұрағанда, тағы да «Анаң» деп жауап берді. Одан кейін кім деп тағы да сұрағанда, Пайғамбар с.а.с «Әкең» деп жауап берді». (Абу Хурайрадан Бухари және Муслим риуаят еткен).
  23. «Ибн Умардың айтуынша, бірнеше шайқастарда Аллаһ Елшісі с.а.с. әйелдер мен жас балалардың мәйіттерін көреді. Осыдан кейін пайғамбар с.а.с. әйелдер мен балаларға қылыш көтеруге қатты тыйым салды». (Байхақи риуаят еткен).
  24. «Әйелдердің еркектерден артықшылығы Аллаһ оларды сезімтал етіп жаратқан. (Еркектерге қарағанда 99 есе сезімтал келеді). Дегенмен Аллаһ оларды ұялшақ қылап жаратқан». (Абу Хурайрадан Байхақи риуаят еткен).
  25. «Бала туатын зинжи[8] әйелдер, бала тумайтын сұлу әйелдерден артық. Сендер көбейген уақытта, қайтыс болған шала-жансар баланың өзіде Жәннаттың есіктеріне келеді. Оған: «Жәннатқа кір»,-деп айтылады. Сонда олар: «Раббым, менің ата-анамның жағдайы не болады?»,-деп сұрайды. Оған: «Ата-анаңмен бірге Жәннатқа кір»,-деп айтылады». (Мурауия ибн Хайдадан ат-Табарани риуаят еткен).
  26. «Мына дүниенің салиқалы әйелдері, хор қыздарынан жетпіс мың есе артық болады». (Хаббан ибн Абу Хабладан Ибн Мубарак риуаят еткен).
  27. «Кімде кім анасының көзін сүйсе, осы ісі тозақ отынан қорғайтын қалқан болады». (Ибн Аббастан Байхақи риуаят еткен).
  28. «Кімде кім әйелді күйеуіне, құлды қожайынына қарсы қойса, ол бізден емес[9]. (Абу Хурайрадан Абу Дауд риуаят еткен).
  29. «Сен күлімсіреп ұлыңа қарасаң, саған «жақсылық» жазылады. Ал, күлімсіреп қызыңа қарасаң, саған «сый-сияпат» жазылады. Ендеше (тәрбие беруді) қыздан бастаңдар. Негізінде Аллаһ олар үшін өте жұмсақ». (Саъд ибн Абу Уаққастан Дилми риуаят еткен).
  30. «Сендердің ең жақсыларың, әйеліне және қыздарына жақсы қарайтындарың». (Абу Хурайрадан Байхақи риуаят еткен).
  31. «Егер әйел күйеуіне: «Аллаһ саған береке берсін» десе, оның күнәлары кешіріледі. Ал егер ол күйеуіне кішкене ғана ашуланса, Аллаһ оның жақсы, сауапты істері үшін жазылған сый-сияпаттарды өшіреді. Әйеліне сабырлық еткені үшін күйеуі кешіріледі». (Ибн Масъуттан Дилми риуаят еткен).
  32. «Мінезі жақсы адамның иманы берік болады. Сендердің ең жақсыларың, әйелімен жақсы мәміле қылушыларың». (Абу Хурайрадан Тирмизи риуаят еткен).
  33. Бір күні пайғамбар с.а.с. былай деді: «Сендерге жәннаттың тұрғындары арасында болатындар жайлы хабар берейін бе? Олар – пайғамбар, салих-ізгі адам, Аллаһ жолында жанын қиған шаһит, ұзақта тұратын мұсылман бауырын Аллаһ разылығы үшін зиярат етуші адам. Бұл сендердің құрсақ көтеріп, дүниеге нәресте әкелетін, қамқоршы әйелдерің. Олар сендермен ұрысып қалған уақытта, бірінші келіп, қолдарыңа қолын қойып: «сен маған разы болмайынша ұйықтай алмаймын», – дейді». (Ибн Аббастан Насаи риуаят еткен).
Ұлықбек Алиакбарұлы
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз