https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мәйітті қандай адам жууы керек?

18 Apr 2019 0 comment Оқылды: 2677 рет

Мәйітті жууға лайықты кісі - ең жақын туысы. Алайда, мәйітті жуатын адамның дәрет алу, ғұсыл алу, мәйіт жууға қатысты үкімдер мен амалдардың ақ-қарасын ажырата алатын сауаты бар, шариғаттан хабардар болуы керек.  Мәйітті жуатын адам әдепті де тақуа болуы - мұстахаб. "Әл-Аламгирия пәтуасында" да осылай делінген. Бұлай болуының бір себебі мынада; Мәйітті жуу кезінде мәйіттің кемшілігін (иістенгені немесе т.б. кемшіліктерін) айтпау қажет. Бұған қатысты ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:"Кім мәйітті жуындырса, оған қатысты аманатты атқарса, одан көрген нәрсесін жасырса, күнәларынан анасынан туған күндегідей тазарып шығады" (Ибн Мәжә риуаяты). Мәйітті жуындыруға түсетін адамның жүніп не етеккір күйде болуы - мәкруһ.  Ал, мәйітті жуып болғаннан кейін, кебіндемей тұрып, мәйіт денесін құрғатып сүрту қажет. 

ummet.kz 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз