Бала тәрбиесі барысында өте маңызды болған 3 кеңеспен бөліскім келеді. Өзімнің 33 – 40 жылдық жұмыс өтілімнің уақытында, ұлдар мен қыздарды оқыту барысында, көптеген елді – мекендер мен медреселерді көре келе, ең маңызды 3 кеңесімді айқындап кеткім келеді. Егер ата – анасы осы 3 пункты орындайтын болса, онда баласының иманы берік, діни іргетасы мықты қаланған болып өседі. Өзге жағдайда оған үнемі: «Анадан абай бол…», «мынадан сақ бол» және т.с.с. нәрсені қайта – қайта айтып отыруына тура келеді. Бала тәрбиесі жөнінде жазылған кітаптардың саны өте көп. Сонымен, бас бармақ ережесін атап өтсек. Негізі осы пунктарды оң қараған жөн, себебі сұрақтарын талқылау кезінде, баламен келісе кетпес үшін.
Сонымен:
Бірінші кеңес - баланың бойын үнемі шындықты айтқызып үйрету. Бұл әдеттегі, ең негізгі ереже болып көрінуі мүмкін, бірақ Алла Тағала шындықты айтатындарды жақсы көреді. Шындықтың арқасында адам баласы осы дүние мен ақырғы дүниеде де жетістікке жетеді. Егер біз шындықтың келтірер сыртқы пайдасын және онымен келетін сансыз нығметтерді түсінер болсақ, онда шындық үшін жан қиюға да дайын болар едік. Негізі шындықты канша тырысқаныңмен айтуға ауыр келеді. Себебі ата – анаңыз да шындықты айтуға мәжбір болар еді. Мына жағдайға қараңызшы, телефон шырылдады делік, әкесі тұрып: «Мені үйде жоқ дей салшы» – десе, бала осы кезде шындықты айта ала ма?
Екінші кеңес, баланың санасына сіңдіретін нәрсе – ол намазға деген құрмет. Әрине, бала жастайынан намаз оқиды, алайда оны бала күнінен бастап намаздың қадірін білуге, сабырлы түрде дәрет алып, қажетті тазалықты ұстанып, намаздарын уақытылы орындап, тәкбірді дауыстап айтуды үйрету керек, егер ұл бала болса. Бұның пайдасы бала тазалыққа даңдыланып өседі, себебі намаз окымаған адам жеке бас гигиенасының тазалығын сақтамайды. Ал егер ол намаз окитын болса, ол барлық нәрсемен қоса, киімінінің де тазалығына зор мән беретін болады. Сонымен қатар ол өте ұқыпты болып өседі. Бір сөзбен айтқанда, баланың бір намаз оқығанымен мәз болып қала бермеңіздер. Жоқ, оның оған деген құрметін қадағалаңыз. Оның намаз оқығанын қадағалаңыз, егер ол тез оқып, жиыстырып жатса, онда оны тоқтатып алып: «Жоқ, балам, бұлай намаз оқыған жөн емес, қайтара оқы» — деңіз. Жастайынан баланың санасына: «Маған намазымды тыныш әрі ойланып тұрып оқуым қажет» — деген ұстанымды сіңдіру қажет. Балаңыздан сұраңыз: «Сен намаз оқыдың ба, қалай оқыдың, оны оқығанда не ойладың?». Егер ол кішкентайынан осындай нәрселерді еститін болса, онда ол ойланатын болады: «Әкем менен намазды қалай оқығанымды сұраушы еді, яғни ол өте маңызды болғаны ғой» — деп. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біз оны ұмытып жатамыз.
Үшінші кеңес – баланы өзге адамға қызмет жасау мен үйде атқарылатын жұмыстың тиянақты орындалуының маңызыдылығын үйрету. Яғни, анасына, әкесіне, үлкенге және ұстазына бағынып, айтқанын орындау жақсы әрі сауапты іс екенін түсіндіріңіз. Өзгеге көмектесуге кішкентайынан дағдыланған жөн. Қазіргі күнде балаларымыз бір суды да өздері әкеле алмайды, тіпті осынау болмашы нәрсеге өзгені жұмсауға дайын тұрады. Сол себепті де ата – аналары балаларымыз үй шаруасына көмектеспейді деп шағымданады. Негізінде алдымен сол кісілерден сұрау қажет: «Ал сіз балаңызды кішкене күнінде өзгеге көмектескізіп үйреттіңіз бе?» — деп.
Балаларыңызды мүгедектерге, үлкен кісілерге көмектесуді үйретіңіздер. Осыған орай, оның жүрегінде мейрімділік, жұмсақтық және аяныш сезімдері оянып, қалыптасады. Осындай өзгеге қызмет қыла білгеннен, оның мінезі де көркемделе түседі. Егер ол өзгені тыңдай алатын болса, онда ол өзінің ата – анасын да тыңдайтын болады.
Ал егерде оны өзгеге көмек қолын беруді үйретпесеңіз, онда ол өзі біліп жасамайды әрі сізге де еш көмектеспейтін болады.
Tamshy.kz