https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ата- ана қадірі

25 Nov 2018 0 comment Оқылды: 1647 рет

 

   Ата-ана - жанұяның негізі, бағыт-бағдар беруші тұлғалар. Ерте заманнан бері ата-ананы ерекше құрметтеген, қадірлеген.Әсіресе, жанұяның шуағы, мейірімге бөлеуші, бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы да, ардақты аналарымыз. Ана- есіміне тең келер қасиетті ұғым жоқ та шығар.

   Тоғыз ай көтеріп, толғағының ащысына шыдап, балаға жаңа өмір сыйлайды.Түн ұйқысын төрт бөліп, салқын бесікті таянады. Өз махаббатын жеткізу мақсатында бесік жырын жырлайды.Өзіндегі барлық жақсылықты баласына береді.Оның өмірде тұлға болып қалыптасуына зор үлесін қосады. Ана баласымен қатар ұлтты тәрбилейді.Баласына өз ұлтының тілін, дәстүрін, әдептерін үйретеді. Сондықтанда әр ұлттың рухани өзгешелігіне айналғанын-Ана тілі деп атайды.

   Отбасының тірегі, арқасүйері, қорғаушысы болған әкенің де орны ерекше. Әке асқар тауымыз, сүрінсек сүйенеріміз. Қатал мінезді болғанымен, жүрегі жұмсақ. «Алты аға бірігіп-әке болмас, жеті жеңге бірігіп-жеңге болмас»,-деп бекер айтылмаған. Бала тәрбиесінде әр кімнің алар орны бөлек болған. Әрбір адамға ана мен әке сөздері қандай асыл мағынаны білдірсе , бала ата –ана үшін бауыр еті. Өмірінің жалғаушысы. Өзінің ең үздік бейнесі.Жолымызда кездесетін жақсылығымызға бірге қуанып, құлағанымызда қолдығымыздан демеушіміз.

   Ата-ана тәрбие беруде ұл-қызына үлгі болуы қажет.Жақсылыққа үйретіп,жамандықтың арты неге соқтыратын білдіріп отыруы керек. Асыл дініміз бұйырғандай ата-анаға бағыну Аллаға деген сенімнен кейіңгі екінші орында. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа(с.а.у): «Ата-ананың разылығы, Алланың разылығында» дейді. Өз ата-анасына құрмет көрсетпейтін бала, ата-ана алдындағы парызын өтемеген болып есептелінеді. Сондай бала тіпті басқалардыңда жақсылық жасағандарын түсінбейді. Сондықтан да қасиетті құранда Жаратушымыз бекіткендей құлшылығымызбен қатар ата-анамызға өз құрметімізді, бар жақсылығымызды, сыйластығымызды білдіруіміз керек. Ол жайында: «Адамдардың ата-аналарыңа жақсылық жасауға бұйырдық.Ана оны үсті-үстіне әлсірей жүріп құрсақ көтереді. Екі жыл бойы емшек емізеді. Ей, адамдар! Маған да, ата-аналарыңа де шүкіршілік етіңдер!Түптің түбінде қайта оралатындарың-менің алдым»(Лұқман сүресі 14аят)деп ескерткен. Асыл дініміз бізге бұйырғандай барынша ата-анаға құрмет пен кішіпейілдігімізді көрсетуіміз Алланың разылығына бқленуімізге көмектеседі

Алакөл ауданының бас имамы Әнет Молдахметов

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз