https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Көркем мінез

20 Nov 2018 0 comment Оқылды: 1167 рет

 


     Баршамызды жоқтан бар еткен ұлық,серігі жоқ Аллаға хәм мақтаулармен мадақтар болсын!

Екі дүние сардары,пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың игілігі мен сәлемі болсын! 

   Көркем мінез-адам баласының барлығына керек жақсы бір сипат.

Әсіресе, мұсылман адамға ауадай қажет екені қазіргі таңда айтпаса да белгілі шығар?! Қасиетті Құрани Кәрімде Алла тағала осы мінезін мақтап,қатал адамның маңайына жан жуымасын былай деп білдірген:

"Алланың рахымдылығы мен сен оларға жұмсақтық таныттың,егер қатал жүректі болғаныңда,  олар маңайыңнан тарап кетер еді" 

Демек;жұмсақ мінезді болу,сабырлы болу басқа ұлт өкілдеріне ,өзінің отбасына,қоғамына үлгі болмақ! Біз, көркем-мінезділікті адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с,ғ,с)-нің бойында тұнып тұрған ерекше сипатын сипаттау мүмкін емес шығар?! Жұмсақмінезділікті ол өз іс-әрекетімен үлгі етіп көрсетумен қатар , бірқатар хадистерінде де үмбетін осыған шақырған: "Қиямет күні Алланың алдында дәреже тұрғысынан адамдардың ең жаманы - мінезінің дөрекілігімен жұрт қашатын адам", "Алла тағала -жұмсақ ,әр ісінде жұмсақтық танытқандарды жақсы көреді, жұмсақ мінезділерге нәсіп еткен игіліктерін басқа ешкімге нәсіп етпейді"635,"Жұмсақтықтан мақұрым адам-барлық жақсылық атаулыдан мақұрым"636, "Адамдарға істің оңайын көрсетіп, жұмсаксық танытқан мүмин тозаққа түспейді","Қай жерге жұмсақтық ұяласа ,сол жерді әсемдейді,жұмсақтық жоқ жерде ақау пайда болады"637т.б.Хадистен

  Бір жолы пайғамбарымыз сахабаларымен мешітте әңгіме-дүкен құрып отырғанда, сырттан кірген бір бәдәуи мешіт шетіне барып кіші дәрет сындыра бастады. Оның бұл қылығын көрген сахабалар ашумен түрегелісті. Сонда Пайғамбарымыз(с,ғ,с) оларға: "Тиіспеңдер, аяқтасын. Артынан сол жерге бір шелек су төгерсіңдер, өйткені сіздер қиындатуға емес, жеңілдетуге жіберілдіңіздер"-деп басу айтты. Іле шала әлгі бәдәуиді қасына шақырып, қателік жасағанын жәй сөзбен былай деп түсіндірді:

"Бұндай мешіт орындары дәрет сындыруға, я болмаса ,басқа да ластықтар үшін арналмаған. Мешіттер Алланы еске алып, намаз оқу үшін, Құран оқу үшін салынады"639.

 Негізі сахабаларға қарағанда , бұған Пайғамбарымыздың көбірек ашулануы керек еді. Неге десеңіз, өзі бас болып салдырған әрі тек ғибадатқа ғана арналған мешітте жасалған бұл іс дөрекіліктің сойқаны болатын. Алайда Пайғамбарымыз (с,ғ,с) бәдәуидің оны әдейі емес,білместіктен жасағандығын түсіністікпен қарап барынша жұмсақтық танытты. Кешіріммен қарап,сабырға салды. Өйткені, Екі жахан сардары(с,ғ,с) нашар қылықты адамға жұмсақмінезділік танытқанда ғана оның түзелетінін жақсы білетін. Жиырма үш жылдық тәлім-тәрбие жұмысында пайғамбарымызды зор табысқа жеткізген жайттардың бірі оның кешірімді әрі өте жұмсақмінезді болғандығы екенін осы мысалдан айқын аңғарамыз. 

   Пайғамбарымыз (с,ғ,с) шаңырағындағы қызметшілеріне де барынша жұмсақмінезділік танытатын. Айтқанын істемесе де ,ұмытып кетсе , сыпайы түрде ғана себебін сұрайтын.

 Бірде  Халифа Мәмунға бір кісі келіп , қателіктерін бетіне басып , қатаң ескертулер жасай бастағанда, Халифа оған қарап : "Әй, сенің мына дөрекілігіңді неге жатқызуға болады, кішкене жұмсақтау болсаңшы?!Алла тағала сенен де жақсы кісілерді (Мұса мен Харұнды) менен де нашар адамға (Перғауынға) жіберерде , жұмсақ сөйлеу керектігін айтпап па еді ?!", -деп ,жоғардыдағы оқиғаны еске алып,жұмсақ тілмен айтылған насихаттың ғана адамға пайда беретінін меңзеген . 

Сахабаларымыздың Әнас ибн Мали Пайғамбарымыздың бұл қасиетін былай деп еске алды:" Он жыл бойы Алла елшісінің (с,ғ,с) қызметінде жүрдім. Сол он жылдың ішінде бір де бір рет мені сөккен емес,бір істі істемесем ," Қап, соны істеуің керек еді" деп , не болмаса"Бұны неге бұлай істедің?"  деп қабақ шытқан емес"640 

   Алла тағала қатты азғындаған Перғауынды тура жолға шақыру үшін Мұса мен Харұн пайғамбарларды жұмсағанда, "Барып оған жұмсақ сөз айтыңдар , мүмкін насихаттарыңа құлақ салар, бәлкім үрейленер"641 деп , жұмсақтықты негізге ала отырып майда тілділікпен, жылы-жылы сөз бастау керектігін үйреткен.

   Пайғамбарымыздың (с,ғ,с) өмірбаяны жазылған кітаптарда оның өте кішіпейіл , мейірімді әрі жұмсақмінезді жан болғандығының мысалдары өте көп . Сахабалардың айтуынша, Алла елшісі(с,ғ,с) ең нашар кісінің өзін ерекше ілтипат,жылы жүз, жұмсақ тілімен демде баурап алатын. 

 Пайғамбарымыз (с,ғ,с)

      "Алла тағала барлық тіршілік иелеріне жақсы қарауды бұйырды. Олай болса , мал бауыздасаңыздар да оны қинамаңыздар. Малды бауыздарда пышақтарыңызды жақсылап қайрап, оны жұмсақ бауыздаңыздар"642 деп, тіпті мал бауыздағанда да жұмсақтық пен аяушылықты ұмытпауды ескертетін.

  Үнемі Алла елшісінің (с,ғ,с) жүзіне нұр , жүрегінен  жылу төгіліп тұратыны әр сахабасы секілді Амр ибн Асқа да қатты әсер еткені соншалық, ол да Пайғамбарымыздың ең жақсы көретін адамы мен шығармын деген ойға қалған. Тіпті бірде шыдамай :" Уа, Алланың елшісі, айтыңызшы, Әбу Бәкірді көбірек жақсы көресіз бе, жоқ , мені ме?"-деп сұрағанда еді. Пайғамбарымыздың өзіне жақын сахабаларына жиі көрсеткен бұндай жылы жүзділігі мен ыстық ілтипаты - үлгі-өнеге аларлық сүннет екені сөзсіз.

  Ибн Аббастың риуаят етуінше , хазіреті Мұхаммед (с,ғ,с) Абдулқайс ұлдарынан Әшажға :" Сенде Алла сүйетін екі тамаша қасиет бар:бұл екеуі Құдай сүйетін ең керемет мінез екенін білдірген.

   Ақын ағамыз Мұқағалиша айтқанда, "Тайраңдап алды-артына қарамайтын түйсіксіз тайлақ "іспетті адуын не дөрекілык көңілді қаралап,жанды жаралайтын , көргенсіздіктен туатын қаншалықты нашар қылық болса , майдай жұмсақтық , иілгіштік , кешірім жасай білу -тектіліктен, имандылықтан , көргенділіктен өріс алатын соншалықты ұнамды әрі зәру қасиет.

Алла  тағала  күллі,иесі мұсылман пенделеріне,пайғамбарымыз с.ғ.с.Бойындағы қасиетті нәсіп етсін. 

Үшарал қалалық мешітінің имамы

Мухашұлы Ринат

                          

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз